Профессор Роберто Пужедоның шеберлік класы

Көптеген инновациялық жобаларды, асырмай айтқанда, болашақ технологияларына жатқызуға болады. Науқастың ұзақ уақыт бойы қалпына келуін және күтуін талап етпейтін жаңа әдістер мен емдер пайда болды және жалғасып келеді. Заманауи жабдықтардың көмегімен дәрігерлер ең ауыр диагнозды жеңіл қоя, аурудың себебін анықтай және емді тағайындай алады. 

Заман талабынан қалыспай, ҚР ПІБ МО Ауруханасында Қазақстан халқына медициналық көмект көрсетуге арналған ең жақсы заманауи жабдықтар орнатылған. Мысал ретінде «DEKA» лазерлік жабдығын алуға болады, ол Қазақстанда жалғыз дана болып саналады. «DEKA» лазерлік жабдығы медициналық қызметтің барлық саласында дерлік тиімді қолданылады: хирургия, урология, гинекология, отоларингология, дерматология, стоматология, эстетикалық хирургия, косметология. 

«DEKA» компаниясының өндірістік кешені Флоренцияда (Италия) орналасқандықтан, италиялық мамандар осы жабдықты қолдану саласында пионерлер болып табылады. Сондықтан да, МОА жұмыс орнында оқыту үшін Кальяри қ. (Италия) Университеті Медициналық мектебі хирургия департаменті отоларингология бөлімінің басшысы профессор Роберто Пужедо шақырылған болатын. «DEKA» лазерін қолданумен «Оториноларингологиядағы жаңа технологиялар. Көмей микрохирургиясы» шеберлік класына қатысу арқылы Алматы және Ақтау қалаларынан келген мамандар, Астана қаласы медициналық ұйымдарының дәрігерлері және сондай-ақ, ҚР ПІБ МО Ауруханасының 12 маманы өздерінің практикалық қабілеттіліктерін жоғарлатты. 

2016.06.30 Роберто Пужедо 1

2016.06.30 Роберто Пужедо 2

2016.06.30 Роберто Пужедо 3


Оқуға қатысқандардың бірінің сөзіне қарағанда, ҚР ПІБ МО Ауруханасының мамандары бұдан бұрын суық құралдарды қолданған, бүгінде шеберлік класы өткеннен кейін дәрігер- отоларингологтар ақылы негізде де, сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында да, пациенттерге операция өткізудің аса жарақаттанбайтын әдісін қолдануы мүмкін. 

Профессор Пужедонің айтуына қарағанда: «Лазерлік технология бүгінгі күні ең заманауи әдіс болып табылады және осындай жоғары технологиялық жабдықты сатып алудың арқасында, Сіздің елдің азаматтары басқа елге шықпай-ақ, өздерінің елдерінде операция жасай алады. Аурухана дәрігерлер мен медициналық жабдықтар штаты бұл жерде ең жоғарғы деңгейде болатындығын атап айту қажет. Кез-келген елде осындай қуатты аурухананы көре бермейсіз. Бұл жерде ҚР ПІБ МО Ауруханасының қабырғасында мен өзімді өз клиникамда сияқты сезінемін» деген. 

Бұл профессордың Қазақстанға алғаш келуі, шеберлік класс 2016 жылғы 25 мен 30 маусым аралығында өтті, бұл кезеңде профессор Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген Аурухана пациенттеріне күніне 2-3 операциядан жасады.