МОА ЕДО клиникалық практикасынан қызықты жағдай

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы» РМК емдік-диагностикалық орталығына 1985 жылы туған пациент К.  «Гипергидроз», жай сөзбен айтқанда – жоғары қозғалу белсенділі, қызу, қоршаған ортаның жоғары температурасы немесе басқалар сияқты физикалық факторларға байланысты емес болатын ағыл-тегіл терлеу  диагнозымен келіп түсті.

Көп адамдар, осындай дерттен айырылуға болмайды деп санайды, алайда, осы проблема шешіледі. Жас адамның сөзіне қарағанда, ол госпитализациялау порталы арқылы медициналық қызметті алу үшін тұрғылықты жері бойынша қалалық емханаға қаралған. Медициналық ұйымның мамандары оны «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы» РМК емдік-диагностикалық орталығына тегін консультацияға жіберген. 

Оспанов Орал БазарбаевичМедициналық ғылымдардың докторы Оспанов Орал Базарбайұлы пациентті қабылдады және көп тер шығуын кетіру бойынша операция өткізді.

 

Дәрігердің айтуынша: «Көп тер шығудан зардап шегетін адамдар бар. Бұл жай ғана қолтық терлейтін жағдай емес, бұл, алақандағы жоғары ылғалдықтан адаммен қол ұстасып амандасу ыңғайсыз болады, қолына құжат алғаннан кейін құжат ылғал болып қала береді және т.б. Бізге түскен пациент – жас адам, ол гипергидрозоммен ауырады, жай сөзбен айтқанда, бұл пациентке жұмыс істеуге және өмір сүруге кедергі келтіретін қатты тершеңдікті білдіреді. Бұл патология, жиі Рейно синдромымен қатар жүреді. Оның себебі барлық маңызды ішкі органдарды иннервирлейтін симпатиялық және парасимпатиялық вегативті жүйке жүйесінің теңгерімсіздігі болып табылады. Осы операцияның мәні, әрбір жағынан үш түйіннен (екіншіден төртіншіге дейін) симпатиялық ганглияларды алып тастауда болады, яғни, қолдың деңгейінде тер бездерінің әсер етуі азаяды. Біздің әдістемеде бірқатар артықшылықтар бар: біз өкпенің бөлек интубациясында қажет болмауына байланысты наркозды жеңілдеттік; біз көлеміне қарай кішкентай құралды және жоғары рұқсаты бар жоғары сапалы бейне түсірілімді қолданамыз, сондықтан да, пациентке 3 мм дейінгі кішігірім тесіктер жасалады, ол операцияның жарақаттылығын және оңалу кезеңін азайтады; операцияның әсерін операция үстелінде жатқан кезде-ақ сезуге болады – пациенттің қолы құрғақ, жылы бола бастайды және қан ағысының көбеюіне байланысты қызарады; өкпеқап қуысында дренаждар қалмайды, пациенттің шығаруы операциядан кейін 3 тәулікте жүзеге асырылады. Бүгінгі күні бұл Қазақстан нарығындағы өзіндік ноу-хау. 

Егер осы проблеманың «Ботокс» инъекцияларымен косметикалық шешімі бар, бірақ, бұл уақытша ғана әсер береді, сондықтан да осы уколдарды үнемі салу қажет болады. Сондықтан да, жоғары тер бөлу проблемасын біржола алып тастауға көмектесетін осындай операцияларды жасаймыз. Осындай операцияның қажіттілігі өте жоғары, Қазақстанда шамамен мың адам гипергидрозомнен зардап шегеді, бірақ, азы ғана осындай операцияға келіседі, ал егер, келіссе, онда шетелге барады, бірақ, біз осы операцияны осы жерде «ҚР ПІБ МО Ауруханасы» РМК ЕДО ақылы негізде де, сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі бағдарламасы аясында да өткіземіз».

2016.06.24 операция в больнице удп-1


2016.06.24 операция в больнице удп-2

Пациент К. операциядан кейінгі өз әсерлері туралы: «Міне үшінші күн мен операциядан кейін стационарда жатырмын. Өзімді жақсы сезінемін және енді көп тер шығу проблемасы туындамайды. Бұрында менде арқам қатты терлейтін, сондықтан да осы жерде киімнің дымқыл болу проблемасы туындайтын. Қазір, маған деген біреудің «теріс» көзқарастарынан қорықпай, жейдені жеңіл кие беремін. Менің проблемамды шешуге көмектесетін тәжірибелі дәрігерлерге алғыс айтқым келеді».