ҚР ПІБ МО Ауруханасының қызметтерін Қосшы кенті дәрігерлік амбулаториясында презентациялау

2016 жылдың 6 маусымында маркетинг және жарнама бөлімі (бөлім бастығы Құрманов М.К., бөлім мамандары Бекишев Е.Т. және Курганов М. К.) Целиноград ауданы Қосшы кентінің дәрігерлік амбулаториясының персоналы үшін ҚР ПІБ МО Ауруханасының қызметтеріне презентация өткізді.

Амбулаторияның аға дәрігерінің кабинетінде тыңдаушыларға Аурухананың ресми сайтына презентация жүргізілді, ТМККК аясында ҚР ПІБ МО Ауруханасының мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсету туралы ақпаратты ұсынатын аурухананың медициналық қызметтері туралы бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ, ақылы бөлімше қызметтері туралы айтылды. Кездесуде медициналық ұйымдардың одан әрі ынтымақтасуы туралы мәселе талқыланды.

ҚР ПІБ МО Ауруханасында ТМККК аясында дәрігерлермен консультация тегін жүргізіледі.



2016.06.06 косшы 1


2016.06.06 косшы 2


2016.06.06 косшы 3


2016.06.06 косшы 4


2016.06.06 косшы 5