«Диагноз қою және оның құрылымы» және «Өкпенің гранулематоздық зақымдануы» тақырыптарына арналған семинарлар


19 және 27 мамырда «Диагноз қою және оның құрылымы» және «Өкпенің гранулематоздық зақымдануы» атты тақырыптарға арналған семинарлар болып өтті. Жалпы алғанда семинарларға әртүрлі профильдің 60 маманы қатысты.
«Диагноз қою және оның құрылымы» атты семинарды Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор М.М. Тусупбекова өткізді. Семинарда диагноз қоюдың егжей-тегжейі қаралып, аурухана дәрігерлерінің тәжірибесінде туындайтын мәселелер талқыланды.

2016.04.27 2


«Өкпенің гранулематоздық зақымдануы» атты тақырыптағы семинар профессор М.М. Тусупбекова және бас терапевт, м.ғ.д. Р.А. Бакенованың қатысуымен өтті.
Семинарда соңғы халықаралық зерттеулер деректерімен негізделетін саркаидоз диагностикасы, емделуі және морфологиялық ерекшеліктері бойынша ең заманауи әрі көкейтесті ақпарат материалы ұсынылды.

2016.04.27 1