13 мамырда «МОА ең үздік мейірбикесі – 2016» конкурсы өтті.

Мейірбикелердің кәсіби мерекесі 12 мамырда Мейірбикелердің халықаралық кеңесі қамқорлығымен тойланады. Қайырымдылық бикелерінің кәсібі – қоғамдағы адамгершілігі мол және пайдалы кәсіптердің бірі. Пациенттерді ойдағыдай емдеу және тез оңалту дұрыс күтуге байланысты. Мейірбикелердің жылы, қамқорлы, нәзік қолдары барлық кезде де денсаулықты сақтайтындығына және миллиондаған пациенттердің өмірін құтқарғандығына қарсы шыға алмаймыз.

Бірінші рет мерекені ресми емес түрде 1965 жылы тойлады. Ресми дәрежесін тек 1974 жылы алды. Мейірбикелердің халықаралық кеңесі мейірбикелердің кәсіби мерекесін 12 мамырда Флоренс Найтингейлдің туған күнінде тойлау туралы шешім қабылдады.

Мейірбикелер мектебін дамыту аясында, сондай-ақ, мейірбикелердің халықаралық күнін тойлау құрметіне 2016 жылғы 13 мамырда Ауруханада «МОА ең үздік мейірбикесі» атты конкурс өтті, ол 5 кезеңнен тұрды: сәлемдесу, ситуациялық міндетті шешу, практикалық міндетті шешу, шығармашылық нөмір, аспаздық нөмір. Конкурстың жеңімпазы, 2016 жылдың МОА ең үздік мейірбикесі – соматикалық бөлімшенің мейірбикесі Солтанбекова Ақмарал.

Екінші орынды - №5 хирургиялық бөлімшенің мейірбикесі Бекмолдаева Айтолқын алды, үшінші орынды №1 терапиялық бөлімшенің мейірбикесі Сулейменова Анна және физиотерапиялық бөлімшенің мейірбикесі Гизат Гуляим бөлісті..