ҚР ПІБ МОА бөлімшелері арасындағы біріншілікке мини-футболдан турнир

Қыстың сәулелі күндерінің бірінде сенбі күні 20 ақпанда Аурухана бөлімшелері арасында мини-футболдан біріншілік өтті.

Турнирге 4 команда қатысты (Аурухана әкімшілігі, күзет қызметі, ӘШҚО және медициналық газдарды пайдалану бөлімі).

Біріншілік Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) спорт кешенінде өтті.

Турнирді бас дәрігердің қаржылық-шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары Ерлан Зейноллаұлы Жүсіпов ашты.

Турнирдің жеңімпаздары және ең жақсы ойыншылары грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Ойын қорытындылары бойынша І орынды «ӘБП» (әкімшілік) командасы, ІІ орынды «Күзет қызметі» командасы, ІІІ орынды «Әкімшілік-шаруашылық қызмет орталығы» командасы алды.

Санаттар бойынша келесі ойыншылар өздерін көрсете білді:

- «Үздік қақпашы» - Жүсіпов Ерлан Зейноллаұлы, бас дәрігердің қаржылық-шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары;

- «Үздік ойыншы» - Нурғазин Елтай, маркетинг және жарнама бөлімі;

- «Үздік шабуылшы» - Шалтаев Ерлан, электрмен қамтамасыз ету бөлімі;

- «Үздік қорғаушы» - Асадов Асад, медициналық газдарды пайдалану бөлімі.