Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Операциялық блок анатомиясы: өмірді ұзартатын және сақтайтын жердегі виртуалды гид

  19.12.2019
Егер де, Сіз операция бөлмесінде ешқашан болып көрмесеңіз, мейірбике де, дәрігер де болмасаңыз, сіздің жолыңыз болған екен. Алайда, хирургия әлемінің қалай өмір сүретіндігі және тыныс алатындығы, әрине, көпшілікті қызықтырады. Оған дәрігерлер мен ауруханалардың өмірі туралы сериалдар мен фильмдердің рейтингтері дәлел болады. Онда, әрине, бәрі ойдан құралған көркемдік оқиғалар көрсетіледі. Біз Сіздерге жабық операциялық блок әлемнің шынайылығына көз жүгіртуді ұсынамыз, бұл әлемге кіру кәсіби нормалар, ережелер мен этикаға сәйкес қатаң декларацияланған. Бірақ бүгін бізге кіруге рұқсат бар. Президенттік клиниканың операциялық блогы бойынша виртуалды гид репортажымыз дәл қазір басталады.

Егер әлемде жердегі уақыт, оқиғалар өз заңдары бойынша өтіп жатататын параллель шынайылық бар болса, онда, сол шынайылық – бұл операциялық блок. Мұнда кіргенде барлығы бір қарапайым құндылық - адам өмірі айналасында қозғалып, айналып жатқандығын көресің. Ең дұрысы, оны түзетеді, ағзадағы уақытша «сынықтарды» түзейді, сол өмірдің сапасын ұзарту және жақсарту үшін процестерді ретке келтіреді. Шындығында, кей-кездері барлық операциялық бригадаға өлімге әкеп соқтыратын аурудан құтқаруына тура келеді.

3K3A0461.JPG


Жалпы, операциялық блоктың анатомиясы организмнің анатомиясына ұқсас – аурухананың осы бөлігінде бәрі автоматизмге дейін жеткізілген, қатаң құрылымдалған және қажетсіз деталь да, адам да болмайды. Бәрі маңызды.

3K3A0425.JPG


«Сіз қанша жастасыз?

- Алпыста.

- Жарайсыз, алпыс деп айта алмаймын! Бәрі жақсы болады. Қорықпаңыз».


Операциялық мейірбике үшін операция алдындағы бұл шағын диалог – пациентпен қарым-қатынас орнату, оның көңіл-күйін тексеру және әсер ету үшін орындалатын дәстүрлі рәсім: әдетте, толқу кезінде тыныс, жүрек қағысы, қысым, жиілейді және көтеріледі. Ағза үшін операция – сөзсіз стресс, сол себепті оған ең алдымен пациенттің өзі дайын болуы керек. Операция алдындағы мұндай шағын диалогтар – моральды дайындықтың бір бөлігі, ол операциялық үстелде жатқан адамдар үшін ғана маңызды емес. Ең мықты маманның сабырлық сақтауы жылдар бойғы практика мен тәжірибемен келген. Бірақ, оны бақылауға болады.

3K3A0629.JPG


«Егер сенің жұмысың туралы ештеңе демесе, демек сен жақсы жұмыс істейсің».

Дархан Муслиманов өз мамандығы туралы осылай дейді мысқылдап. Ол –дәрігер анестезиолог, хирург адамды емдеп, тексеріп, оның организмінің бергілі бір жерін құтқарып жатқан кезде, ол операция бөлмесіндегі пациенттің өмірі мен жағдайына жауап беретін адам. Сондықтан да, оның операция жасайтын дәрігерден айырмашылығы, хирург үшін оның жұмысының көрнекі нәтижесі маңызды болса, барлық қалған операциялық бригада үшін сияқты, анестезиологтардың миссиясы басқа. Бұл жерде жұмысың қаншалықты аз көрінсе, соғұрлым жақсы. Демек, барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр.

3K3A6640.JPG


«Біз бақылайтын көптеген сәттер бар. Бірақ, ең алдымен, бұл ауамен күрес, өйткені, ауа артериялық арнаға өтуін Құдай басқа салмасын».

Дана Мендібаева – әңгіме барысында «Құдай басқа салмасын» деп айтатын жалғыз адам емес. Операция бөлмесінде, мақалдағы сияқты, Құдайға үміттенуге болады, бірақ ең бастысы, өзі де әрекеттенуі қажет. Бұны әсіресе, Дананың не үшін жауап беретінін білген кезде түсінесің. Ол – дәрігер перфузиолог. Ол ашық кардиохирургиялық операциялар кезінде пациенттің жүрегін тоқтатады және қосады. Сондай-ақ, ол жасанды қанайналым аппаратының қалай жұмыс істейтінін қадағалайды, пациенттің өзінің жүрегі соқпай, дем алмай тұрған кезде,  соның арқасында қан пациенттің ағзасына айналуды жалғастырады. Былайша айтқанда, операция аяқталғанша пациенттің жүрек қағысы және тынысы ағзасынан еріксіз жүреді.

3K3A6623.JPG

«Аппарат «жүрек-өкпе» қызметін атқарады. Операция кезінде жасанды қанайналым аппаратын жүректен тыс, яғни жүректен жоғары аортаға қосамыз, қуыс вена арқылы немесе оң жүрекше арқылы аламыз. Осыдан кейін жүрек соғуын тоқтату үшін кардиоплегиялық деп аталатын ерітіндіні саламыз. Ол әсер ету кезеңіне байланысты кристаллоид және қан тәрізді болады. Қан тәріздіні әр 20-30 минут та бір рет, кристаллоид тәріздіні – сағатына бір рет енгіземіз. Ал қалған уақытта реаниматологтар мен анестезиологтар сияқты пациенттің параметрлерін қадағалаймыз: қан айналым көлемін, қысымын, қан көрсеткіштерін», - Дана жүрек тоқтатқаннан гөрі, одан кейін оны қосудың қиын екенін мойындайды: бұл жердегі қобалжуды жылдық тәжірибелер мен операциялардың саны да баса алмайды. Дана Президенттік клиникада жұмыс істеген уақыттан бері шамамен 300-ден астам рет жүректі тоқтатып, қосқан. Бұл сан одан әрі ұлғаюда.

3K3A6755.JPG


«Операциялық бөлме – бұл басқа бір әлем. Мұнда өз атмосферасы, әңгімелері, рухы бар. Біз жұмыс күнін аяқтау үшін емес, пациенттің өмірін жақсарту үшін жұмыс істейміз».

Операция бөлмесінің мейірбикесі Сарвиназ Юсупова өзінің жұмыс бөлігі туралы мақтана айтады. Дегенмен, бұл құр бос әңгіме емес. Операциялық блоктың жұмысында әсірелеу немесе төмендету жоқ шығар, өйткені адам өмірін құтқаруға бағытталған күшті асыра бағалауға немесе бағаламауға болады ма? Бұл жерде бәрі шынайы.

3K3A0580.JPG


Операциялық блокты аралау кезінде, бір жағынан олардың диалектілерін жаттап жүрміз: медбике операцияға «жуынып жатыр», демек, онда хирург пен пациенттің алып келудің алдында, ол операциялық бөлмені де дайындап жатыр деген сөз. Операция бөлмесінде «құйылып жатыр», демек, онда келесі операцияға дайындықты бастамас және жаңа пациент келмес бұрын, барлық операциялық зал бойынша дезинфекция жүргізеді.

3K3A0660.JPG


Операциялық блок қызметкерлеріне ғана түсінікті жергілікті сөздер конвейері, уақыт өте келе шетелдік сөздермен толықтырылуда. Егер операциялық бөлмеде «тайм-аут» десе, онда бұл жерде әңгіме үзіліс туралы емес екендігін біліңіз. Операция жасайтын хирург, осылайша, операцияның басталғаны туралы мәлімдейді және барлық бригаданың оған дайындығын тексереді: біз кезде біздің көзімізше пациенттің атын, оның туған күнін, диагнозын, алдағы операцияның атауын оқыды; жұп орган болғандықтан, тіпті орналасу жағын да атап өтті. Қайталау – еркелік емес, бұл Президенттік клиника екі рет растаған JCI медициналық қызметтерінің сапасы мен қауіпсіздігінің әлемдік стандартының ажырамас нормасы.

3K3A0651.JPG


Операция басталғанға дейін тағы бір таптырмас және оперблок қызметкерлерінің ең көп тобымен танысамыз.

«Егер операция бөлмесіндегі мейірбике – хирургтың оң қолы болса, санитар да операцияда маңызды рөл атқарады. Операциялық бригаданың үйлесімді жұмысы операциялық санитардың жұмысына байланысты болады. Операция кезінде операциялық мейірбике стерильді аймақта болады, сондықтан біз операциялық санитарлар, операциялық мейірбикеге не қажет: стерильді аспаптар, киім-кешек, операция кезінде көмектесеміз, ал кейін жинаймыз, тазалаймыз және барлық залды жуамыз».

3K3A0581.JPG


Жанна Олентина – он бес жылдық жұмыс өтілі бар операциялық санитар және операциялық блоктың көрінбейтін учаскесіндегі тағы бір жауынгері, бір қарағанда олай емес сияқты, алайда оның жұмысы мен әрекетінен көп нәрсе тәуелді болады. Бір операциялық бөлмеден екінші операциялық бөлмеге өту барысында, басқаларын айтпағанда,  пациенттің шынайы өмірінен түсіп қалатындарды байқадық. 

3K3A0741.JPG


Бір операциялық залда санитарлар операциядан кейін қалған барлық медициналық қалдықтарды жинап, пайдаланылған құралдарды «өткізу терезесі» арқылы Аурухананың Орталық стерилдеу бөлімшесінің лас аймағына беріп жатты. Мұның бәрі операциялар арасындағы аралықта, шектеулі уақытта, жылдам, ондаған үздіксіз жұмыс істейтін қолдардың арқасында орындалды.

3K3A0510.JPG


«Операциядағы пациенттің өмірі үшін анестезиолог дәрігерлер жауап береді. Операциялық араласуға операция жасайтын дәрігерлер жауап береді. Ал операциялық залдың иесі – операциялық мейірбике. Ол тек операция жасайтын хирургқа көмек көрсетпейді: мейірике, барлық 180 градуста операцияда тұрған барлық адамдардың қозғалысын қадағалайды, кім шықты, ненің қалай ашылатынын, қалай берілетінін, стерильділік бұзылмауын бақылайды. Операциялық мейірбике асептика және антисептика принциптерін білуі, зарарсыздандыру және дезинфекцияның қазіргі заманғы әдістерін білуі, сондай-ақ инфекциялық бақылау және пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі туралы ақпаратты білуі қажет. Ол операциялық залдың иесі болғандықтан, оған операциялық залдағылардың барлығы бағынуы тиіс", - дейді Гульмира Шакабаева. Ол – Президенттік клиниканың операциялық блогының аға мейірбикесі.

3K3A0807.JPG


«Бір де бір медициналық ұйымдағы операциялық блоктың жұмысы операциялық мейірбикенің қатысуынсыз өтпейді. Жақсы операциялық мейірбикенің басты қасиеті – бұл жинақылығы және зейін қоя білуі. Бұл өте маңызды, өйткені оның функциялық міндеттерінің шеңбері өте кең және әр түрлі міндеттерді қамтиды. Ұжымымызда тәжірибесі мол сауатты, жоғары білікті операциялық мейірбикелер көп. Олар жас операциялық мейірбикелердің  тәлімгері болып табылады».

3K3A0604.JPG


Гульмира Шакабаева үшін операциялық блок – «хирургиялық бейіннің жүрегі». Бұл теңеумен келіспеуге болмайды, өйткені ол жерде болғанда, өмірден басқа бағалы ештеңе жоқ екенін түсінесің. Ал қалғаны іс жүзінде болады.

3K3A0591.JPG


Операциялық блокты тәжірибелі хирург – Тимур Ачилов басқарады. Оның ойынша, ең жоғары, әлемдік стандарттар бойынша операциялар жүргізу үшін Президенттік клиникада барлық жағдай жасалған: «Бізде бір уақытта 12 операциялық зал жұмыс істейді. Біздің міндетіміз – барлық жоспарланған операцияларды нақты белгіленген уақытта орындау. Бізді Швейцария сағаттарымен салыстыруға болады, оларды бір қоссаң, әрі қарай олар үздіксіз жұмыс істеп тұрады. Сондай-ақ, операциялық блок – ол емделушілеріміздің өмірін сақтап, денсаулықты жақсарту үшін тоқтаусыз жұмыс істейді». 

1576670047_13.jpg


АНЫҚТАМА:

1. Президенттік клиниканың операциялық блогы 12 операциялық залмен жабдықталған. Олардың бірі – роботтандырылған хирургия бойынша операциялар, тағы бірі – елде баламасы жоқ бипландық ангиографиялық кешен жүйесін қолдану арқылы жасалатын операциялар.

2. Барлық блокта 60-тан астам орта және кіші медицина қызметкерлері және анестезиология, трансфузиология, перфузиология, нейрохирургия, кардиохирургия, ангиохирургия, аритмология, оториноларингология, урология, гинекология, жалпы хирургия, офтальмохирургия, колопроктология, травматология және ортопедия бейіндері бойынша дәрігерлер жұмыс істейді.

3. Жыл сайын Президенттік клиниканың операциялық блогында 5000-нан астам операция жасалады.



Аурухана серіктестері