Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ДОКТОРЛАРЫ РЕСЕЙДЕ ӨТІП ЖАТҚАН ТЫНЫСАЛУ ОРГАНДАРЫ АУРУЛАРЫ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУДА

  30.10.2019

1.jpg

Ресей және шетелден келген пульмонолог, фтизиатр, торакалды хирургтар, педиатрлар Мәскеудегі алаңға жиырма тоғызыншы рет жиналып отыр. Қатысушылар қатарында – Президенттік клиниканың бас терапевті және пульмонологы Роза Бакенова мен Аурухананың Аллергология орталығының меңгерушісі ҒалияТүсіпбекова да бар. Шақырылған мамандар арасында респираторлық аурулар мәселелерімен айналысатын Аргентинадан келген белгілі профессор, доктор Хорхе Масперо бар.

 

Президенттік клиниканың бас терапевті және пульмонологы, м.ғ.д. Роза Бакенова былай дейді: «Бұл симпозиум Т2-жанама ауруларына арналған. Атапайтқанда, халықаралық сарапшылар Т2-жанама бронх демікпесін диагностикалау және емдеу, демікпенің осы түрінің маркерлеріне, ауыр, бақыланбайтын демікпенің таргеттік биологиялық терапиясын қолдану бойынша клиникалық ұсынымдар берді. Мұнда бес биологиялық препарат, сондай-ақ жаңа биологиялық препараттар бойынша деректер ұсынылды. Бұл біздің еліміздің дәрігерлері үшін өте маңызды, өйткені бүгінгі таңда бізде ауыр демікпе мен есекжемді емдеуге арналған бір ғана биологиялық препарат тіркелген.»

 

Мәскеудеөтіп жатқан ұлттық конгресс аясында ӨСОА (өкпеніңсозылмалыобструктивтіауруы) терапиясының жаңа тәсілдері, америка торакалдық қоғамдастығының 2019 жылғы пневмонияларды, оның ішінде вирустық этиологияны диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық ұсыныстары қарастырылуда. Сондай-ақ, докторлар ауыр бронх демікпесі, өкпеобыры,    респираторлық медицинадағы инновацияларды зерттеу және емдеу мәселелерін талқылауда.

2.jpg

СУРЕТТЕ: (сол жағынан) ҚР ПІБ МОА Аллергология орталығының меңгерушісі, дәрігер-аллерголог, м.ғ.к. ҒалияТүсіпбекова, профессор Хорхе Масперо (Аргентина), РМҒА корреспондент мүшесі, Ресейдің бас пульмонологы Сергей Авдеев, ҚР ПІБ МОА бас терапевті және пульманологы, м.ғ.д. Роза Бакенова. 


Аурухана серіктестері