Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫСТАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУШІЛІК БАҒЫТЫ ТУРАЛЫ ДОКТОР ЕВГЕНИЙ МИТИН ӘҢГІМЕЛЕЙДІ

  22.10.2019

Copy of Новости для ИГ (3).png

Евгений Митин – Президенттік клиниканың жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің дәрігері, оған қоса, алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем қызметтері арасында өтетін қалалық жарысқа қатысатын Аурухананың жинақталған командасының жаттықтырушысы, ол кісі бізге дәрігерлердің турнирге дайындығы туралы әңгімелейді:
«Жедел жәрдем қызметтері арасынла бірнеше жыл қатарынан жарыстар өткізіліп жүр. Олардың мақсаты үздікті анықтау емес, бригадалардың жалпы деңгейін және шұғыл жедел жәрдемнің жалпы деңгейін көтеру болып табылады. Командалар уақытқа ғана емес, сондай-ақ көмек көрсету білігі бойынша жарысады.
Қатысушылардың дағдыларын сынайтын белгілі алгоритмдер бар - бұл BLS (өмірді базалық қолдау), ACLS (мамандар үшін өмірді кеңейтілген қолдау), PALS (жаңа туған сәбилер мен балалардың өмірлерін қолдау), травматология, шұғыл акушерлік және гинекология (шұғыл жағдайларда босандыру), жай сыну емес, ауыр, шокпен қоса жүретін политравмалар (КТО кезінде немесе өндіріс кезінде алған жарақаттар).

Барлық бригада-қатысушылары аталған алгоритмдердің барлық тапсырмаларын орындайды, оларды арнайы қазылар бригадасы бағалайды. Мұны жарыстық рухы бар оқу процесі деп атауға болады».

Жарыс қарашаның басында өтеді. Жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің үш докторы Президенттік клиниканың атынан жарысады.

Аурухана серіктестері