Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

2-ҚАЗАН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК УРОЛОГ КҮНІ

  02.10.2019

02.10.jpg

Біздің дәуірімізге дейінгі төртінші ғасыр. Ежелгі Грекия. Бүгінгі таңдағы «урологияның бастауына» жатқызуға болатын мамандық сол кезде пайда болған: ежелдегі хирургтар пациенттердің қуығындағы тастарды алып тастауға көмектескен. Әрине, грек полисінің науқас азаматтары урологқа емес, ол кезде «тас үгіткіш» деп аталатын маманға жүгінген. Оны адам ағзасындағы тасты үгіткені үшін солай деп атап кеткен.

Қазіргі заманның «уролог» дәрігеріне айналу үшін, «тас үгіткіш» екі жарым мың жыл бойы эволюциялық даму жолынан өтті. Өзінің ежелгі прототипіне қарағанда, 21-ғасырдың докторы адамның несептік-жыныстық жүйесі туралы жетілген білімді меңгерген, оған қоса заманауи технологиялармен, оның ішінде роботтандырылған технологиялармен «қаруланған».

Урология – медицинаның жеке саласына айналды, бастапқыда шағын инвазиялық, яғни алдымен лапораскопияның көмегімен, кейіннен робот-ассисттелген хирургияның көмегімен операцияларды тіліксіз аз жарақатпен орындай бастады.

Жоғарыда көрсетілген емдеудің барлық тәсілдері бүгінгі күні Президенттік клиникада қолданылады: Аурухананың урологтар тобы пациенттерге 30-дан аса қызмет түрін көрсетеді, оның арқасында пациенттер несептік-жыныстық жүйесінің денсаулығын қалпына келтіре алады.

Дәрігер-урологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Айтулы күні олардың кәсіби өмірлеріндегі сәттерден шағын фоторепортаж жасап көрсеткіміз келді.

Соңында, ер адамның денсаулығы және Президенттік клиникадағы денсаулықты өте тиімді сақтап тұруға көмектесетін роботтандырылған технологиялар туралы қызықты материалдар ұсынамыз.

Сілтемелер төменде берілген:
http://bmcudp.kz/ru/news/0/6767 - ДОКТОР ПАВЕЛ ШОЛОХ – ЕР АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

http://bmcudp.kz/ru/news/0/6770 - ДОКТОР-КОНСУЛЬТАТ ДЭВИД САМАДИ – МЕДИЦИНАДАҒЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТУРАЛЫ

http://bmcudp.kz/ru/news/0/6663 - ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ДОКТОРЛАРЫ – РОБОТ-АССИСТТЕЛГЕН ЖАБДЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ЖҮЗ ОПЕРАЦИЯ ТУРАЛЫ



Аурухана серіктестері