Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ГЛИОМА ДИАГНОЗЫ: ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАДА КЕҢ ТАРАЛҒАН МИ ІСІГІ БАР ПАЦИЕНТТЕРДІ КЕШЕНДІ ЕМДЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

  31.05.2019

2019.05.31 ГЛИОМА 1

Глиома – ми ісіктерінің арасындағы ең таралған түрлерінің бірі. Статистика бойынша, ми ісіктерінің барлық жағдайларының шамамен 50%-ы, көбінесе олар – қатерлі, немесе уақыт өте қатерлі болады. Әдетте мұндай пациенттерді емдеу тек хирургиялық араласумен аяқталмайды. Бұл мәселеге Президенттік клиникада дөңгелек үстел арналып, елорданың терапия және глиоманы диагностикалау саласындағы мамандары жиналды.

 

Күн тәртібіндегі ең басты мәселе – «ми глиомасы» диагнозы бар пациентті кешенді емдеуін қалайша қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте Президенттік клиниканың нейрохирургы Азат Шпеков бір маңызды айқындамасын қосады, - ісікті "кешенді" емдеу дегеніміз диагностика мен операциядан бастап, химио мен сәуле терапиясына дейінгі барлық тізбекті білдіреді:

2019.05.31 ГЛИОМА 2

"Біздің Аурухана диагностика мен хирургияны толық қамтамасыз етеді. Бірақ сәулелік және химиотерапиясы да маңызды. Сондықтан біз пациентті дәйекті, әрі кешенді емдеуде логистиканы қалыптастыру үшін дәрігер-онкологтарды, химиотерапевтерді және елорданың Онкологиялық орталығының радиотерапевтерін шақырдық. Ол клиникадан жазылып шыққаннан кейін, біз оған ұсыныстар береміз, онколог пен радиологқа, химиотерапевтке жолдаймыз. Алайда, кейде олар мамандарға әр түрлі себептермен түсе алмайды. Мысалы, басқа қалалардан келген пациенттер елордада тұрғын үй мәселесіне тап болып, үйге кетуге мәжбүр болады. Бірақ ол жерде қажетті маман, немесе жабдық болмауы мүмкін".

2019.05.31 ГЛИОМА 3

Бұл тұрғыда глиоманың жағдайы күрделілеу, деп түсіндіреді нейрохирург Азат Шпеков. Ісіктің бұл түрі геометриялық прогрессиямен бөлінетін және ісіктің жылдам өсуін қамтамасыз ететін ми жасушаларының мутациясы нәтижесінде генетикалық бұзылыстардан туындаған. Доктор бейнелеп түсіндіреді: глиомың кейпі визуалды түрде ағаш тамырына ұқсас, ол тереңге де, кеңдікке де тарала алады. Глиоманы толықтай емдеу мүмкін емес, себебі операциядан өткен пациенттер сәулелік және химиотерапия курсын өтуі тиіс: бұл емшаралар қатерлі жасушалардың жылдам өсуін және тиісінше, мидағы ісіктің өсуін алдын алуға көмектеседі.

 

"Келешекте пайда бола алмайтындай, толық жоюға болатын ісіктердің түрлері бар. Глиома – генетикалық ақау, сол себептен бүгін бізге Президенттік клиниканың дербестендірілген медицинаның геномдық зертханасы қосылды. Бүгінгі талқылау барысында біз глиоманы диагностикалау үшін зертхана қызметкерлерін тарту мәселесін де талқыладық. Әлемде геномдық зертханалардың мұндай технологиялары дәл диагноз қою мақсатында қолданылады", - деп атап өтті Азат Шпеков.

2019.05.31 ГЛИОМА 4

Докторлардың айтуынша бұл мәселеде ең бастысы – пациентке санаулы апта ішінде "жанып кетпеуге", керісінше, сапасын төмендетпестен өмірін ұзарту. Бұл үшін тек операциядан кейінгі терапия ғана маңызды емес: күн тәртібіндегі тағы бір мәселе – магниттік-резонанстық томографияның (МРТ) рөлі.

 

"Дәстүрлі түрде операция кезінде жойылған ісік тіндері мұқият зерттеледі – гистологиялық және иммундық-гистохимиялық түрде талданады. Бірақ ауыр пациенттер де болады, операция олардың өміріне қауіпті болуы мүмкін, себебі асқынулар даму қаупі жоғары. Бұл жағдайда бізге МРТ-диагностикасы көмектесе алады, оның көмегімен қатерлі ісіктің түрі мен дәрежесін анықтауға болады", - дейді Президенттік клиниканың нейрохирургы Азат Шпеков.

 

Дөңгелек үстел барысында Президенттік клиниканың дәрігер-радиологы Меруерт Сайфуллақызы осы мысалда диагностика әдістері қаншалықты тиімді болатыны туралы толықтырды. МР-спектроскопия – глиоманы зерттеудің озық тәсілдерінің бірі, оны бүгінгі таңда Аурухананың дәрігер-радиологтары жүргізеді:

2019.05.31 ГЛИОМА 5

"Магниттік-резонанстық спектроскопия диагностиканың инвазивті емес әдісі болып табылады. Егер қарапайым МРТ зерттеуі ісіктің анатомиялық орналасуын анықтауға ғана мүмкіндік берсе, МР-спектроскопия ісік тінінің химиялық құрамын бағалауға мүмкіндік береді. Метаболиттер шыңының корреляциясын, олардың болуын, не болмауын тіркеу арқылы мидің қатерлі ісігінің түрі мен дәрежесін анықтауға болады.  Операцияға қарсы көрсетімдерде, оның ішінде ми биопсиясы кезінде балама ретінде қызмет етеді. Сондай-ақ, МР-спектроскопиясы ОЖЖ ісіктерін операциядан кейінгі және/немесе сәулелеуден кейінгі бақылау ретінде кеңінен қолданылады; биопсияны жоспарлау кезінде (ісіктің негізгі/концентрацияланған бөлігін анықтау үшін), визуалды қалыпты қоршаған тіндерге (инвазия) таралу дәрежесін анықтау кезінде. МР-спектроскопия бүкіл әлемдегі нейроонкологиядағы диагностиканың дәлелденген әдісі болып табылады, жоғары сезімталдық дәрежесі (70-100%) және ерекшелігі (95-100%) бар".

 

Бүгін таңда, докторлардың мәліметтеріне сәйкес, "ми глиомасы" диагнозы еліміздің орта есеппен 800 азаматына қойылады. Пікір алмасу және сараптама бар мәселелерді айтуға және пациенттерді емдеуде неғұрлым тиімді тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді: бұл жағдайда дәлдік, жылдамдық пен тұрақтылық адам өмірін барынша ұзартуға көмектеседі.


Аурухана серіктестері