Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ПАЦИЕНТТІҢ ХИКАЯСЫ: ҚЫМБАТ ҮСЕНҚЫЗЫ – ТАЯҚШАСЫН ҰСТАҒАН ДИРИЖЕР

  08.05.2019

2019.05.08 Кымбат Усеновна

Бүгін біздің пациент жайлы баяндаймыз. Біз Қымбат Үсенқызымен бұрын кездескен едік және сол кезде оның емделуі үшін, ең бастысы жақсы қарап-күткені, нәтижесінде сауығып кеткені үшін дәрігерлерге, мейірбикелерге және Аурухананың басшылығына білдірген ұзақ ризашылық хатын жазып алған едік.

 

Жақында біз оны тағы да Аурухана холлында, бұрынғыдай бір қолына таяқ ұстап, бір аяғына аяңдап кележатқанында кездестірдік. Қымбат Үсенқызы отырудан бас тартты: ол Аурухана қызметкерлеріне деген алғысын тұрып айтты – дәрігер-терапевттерге, офтальмологтарға, физиотерапевттерге, кардиологтарға, терапевттерге және Президенттік клиниканың Оңалту және қалпына келтіру емі орталығының ұжымына, онда Қымбат Үсенқызы ине терапиясы мен криосауна емшараларын алған еді.

 

Біздің сұхбаттасымыздың мәнерлі-интеллигентті және эмоциялық сөйлегені - оның бай музыкалық өткен шағын білдіреді – ол туралы, тұрып айтқан алғыс сөзінен кейін, Қымбат Үсенқызы диванның арқасына сүйеніп отырып әңгімелейді. Бірақ оның өз хикаясы таңқаларлық, әрі тәнті қалдырар сәттерге толы.

 

Кымбат Үсенқызы өзін бүкіл кәсіби өмірін хорға арнаған музыкант деп атайды - оның арқасында көбісі ән айтты, тіпті музыкалық мектептерде қабылдамай қойғандар да ән шырқауды, мелодияны сезінуді үйренген. Себеп - музыкалық қабілеттің болмауы. Ал Қымбат Үсенқызы үшін бұл кедергі емес.

 

Ол дирижерлік еткен ұлдар хорында, Қымбат Үсенқызы дыбыстарды, үндерді естуге үйретті, ол музыканы түсінуге көмектесіп, балаларға ноталардан, әуендерден, ұлы шығармалардан және есімдерден тұратын әлемді паш етті: Верди, Брамс, Бетховен, қайта өркендеу дәуірінің симфонияларын, Шостакович. Оны Мәскеудегі концерттерде, консерваторияда оқып жүргенде тірідей көрген.

 

Соңғы естеліктердің бірі - хормен ән айтып Испания мен Қытайға байқауға барғандары. Балалар ән айтады, ноталарды созады және мелодияны сырттай естірткенге дейін әуенді іштей сезінеді. Өйткені музыка әр адамның ішінде, дейді Қымбат Үсенқызы, қолына таяғын ұстап, бір аяғына аяңдап дәрігердің қабылдауына бара жатып.  Денсаулығының жағдайына қарай, ол енді дирижерламайды және ән айтуға үйретпейді. Алайда бұл уақытша деп сенеді.


Аурухана серіктестері