Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ ДАҒДЫЛАРЫ ӘРКІМГЕ ҚАЖЕТ

  14.01.2019

2019.01.14 acls 1

"Өлімдердің көбісі жүрек тоқтауына байланысты болады. Егер біз осы жағдайда тиімді әрекет етуге үйренсек, соғырлым көп адамдарды құтқара алатын боламыз" - Президенттік клиниканың жедел жәрдем докторы Евгений Митин тағы да жәрдем туралы әңгімелейді. Тек осы жолы толығырақ және жаңа мәртебеде: доктор Митин - Америкалық жүрек ассоциациясымен сертификатталған нұсқаушы. 

Біз онымен шұғыл жәрдем көрсетудің жаңа стандарттары туралы, құтқару кезінде қателерді болдырмау және өзіне зиян келтірмеу туралы, сондай-ақ неліктен алғашқы жәрдемді білу - бұл әркімге қажетті медициналық грамматика екендігі жайлы тілдестік.

Евгений Дмитриевич, біріншіден жаңа мәртебеңіз туралы айтып берсеңіз, ол нені білдіреді?

Мен жақында Израиль мемлекетінде ACLS кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы бойынша оқыдан өтіп келдім. Қазіргі уақытта реанимацияның барлық түрлері бойынша жаттықтырушы-провайдер болып табыламын және ҚР ПІБ МО ауруханасының дәрігерлеріне арналған курстардан сабақ беремін. Осы курстан өтетіндердің әрқайсысы америкалық кардиологтар қауымдастығының қамқорлығымен белгіленген үлгідегі сертификат алады.  Олардың шұғыл жәрдем көрсету стандарты әлемдегі ең заманауи және басты болып табылады. 

Бұл сертификатты алудың артықшылығы неде?

Ең бастысы, біз алғашқы жәрдем көрсету әдістемесінде жаңартуларды енгізу үдерісін жеделдетеміз. Техникалық жағынан бізде бәрі бар, ал әдістемелік тұрғыдан – енді біз әлемдегі жаңа енгізулермен тең жүретін боламыз. Бұл алғашқы жәрдем көрсету үрдісін де, әдістемені де, теориялық білім мен дағдыны практикалық қолдануды да қамтиды.

 

Қазіргі уақытта Аурухана дәрігерлерін бұл курстарда нені оқытады?

Біз дәрігерлерімізді командада жұмыс істеуге үйретеміз, себебі реанимация - бұл командалық жұмыс. Бір адам тек алғашқы жәрдемді көрсете алады, ол бүкіл үрдісті бастай алады, ал оны жалғастыру үшін команда қажет. Біздің жағдайда - бұл жедел жәрдем бригадасы мен қабылдау бөлмесінің қызметкерлері. Олардың жұмысы үйлесімді болуы тиіс, пациенттің айналасында бей-жай жүгіріп секіру болмайтындай, әркім өз рөлін білуі, оны орындауы тиіс.

Барлығымыз түрлі төтенше жағдайларды естиміз және кездестіреміз, дегенмен көпшілігі мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін білмейді…

Мұнда арнайы медициналық дағдыларды талап етпейтін қарапайым әрекет алгоритмі бар. Бірінші қадам: өзіңіз қауіпсіздікте екендігіңізге көз жеткізесіз, содан зардап шеккенге жақындап, не болғанын сұраңыз. Егер реакция болмаса, дереу 103, 112 немесе 111 қоңырау шалып, жүрек-өкпе реанимациясына алғашқы жәрдем көрсетуге кірісеміз.

2019.01.14 acls 2

Біздің Ауруханада автоматты дефибриллятор бар. Бұл шұғыл жағдайларда қолданылатын жүрек ырғағын қалпына келтіру құралы: оның арнайы электродтары бар, оларды зардап шеккеннің денесіне бекітеді. Құрал процесті өзі басқарады, сондықтан ол кәсіпқойлар емес үшін қолдануға оңай: ол разрядты қашан жасау керектігін айтады, ал егер ол қажет болмаса, дереу жүрек-өкпе реанимациясына кірісуге кеңес береді. Бұл құрал міндетті түрде көп адам жиналатын жерлерде – вокзалдарда, әуежайларда, ірі сауда орталықтары мен мекемелерде болуы керек, себебі қажет болған жағдайда оны сұрай аласыз. Біздің ауруханада үш дефибриллятор бар, олар үш жерде - емханада, қабылдау бөлімінде және терапия бөлімінде.

 

Егер бұл құрылғы болмаса, не істеу керек?

Бірден жүрек-өкпе реанимациясына кірісеміз: қолдарды айқастырамыз, алақанды денеге тікелей перпендикулярлық түрде кеуде қуысының ортасына қоямыз және компрессияларды жасай бастаймыз. Осылайша, біз жүректің сорғы функциясын алмастырамыз және миды қоректендіреміз. Көмек тиімді болу үшін белгілі бір жиілікпен және тереңдікпен басу керек: 30 компрессия және 2 дем беру. Жаңа критерийлер бойынша зардап шеккенге неғұрлым тиімді реанимациялау үшін бір минут ішінде кемінде 100 және 120 компрессиядан астырмай жасау қажет.

2019.01.14 acls 3

Яғни шұғыл жағдайларда таймер болуы керек пе?

Болғаны дұрыс, бірақ барлық мәні дәл осындай жиілікпен компрессия жасау. Өйткені бұл сан аз немесе одан көп болуы көрсетілетін көмектің нәтижесіне әсер етеді: кем болса - жеткіліксіз, ал көп болса - қан жүрек камераларына оны одан әрі органдарға айналдыру үшін қайтарылмайтын болады. Компрессия тереңдігі бес сантиметрден кем болмауы тиіс: басамыз-босатамыз, кеуде қуысының толық көтерілуін күтеміз. Әрбір манипуляцияға, мысалы, тыныс алу мен пульсті тексеру немесе көмек көрсететін адамдардың ауысымына он секундтан аспайтын уақыт кетуі тиіс. Реанимацияны жедел жәрдем бригадасы келгенше  жалғастырамыз.

Осының бәрін қалай асырмай жасап үлгеруге болады?

Бұл дағды. Егер адам осыған үйретсе, онда оның санасында стереотип қалады.

 

Алғашқы жәрдем көрсету кезінде барлық қадамдарды орындау қаншалықты маңызды?

Бұдан зардап шеккеннің кейінгі жағдайы мен оның өмірі осыған тәуелді. Барлығы өте қарапайым. 

Ал егер сен куәгер болып, жәрдем көрсете алмасаң…

Егер адам оқытылса, оның шұғыл көмек көрсетудің қажетті дағдыларына ие екендігі туралы сертификаты бар болса, онда одан кейін сұрай аласыз – неге сіз тұрып, ештеңе жасамадыңыз? Егер сіз үрейде болсаңыз, онда өз функцияларыңызды басқа адамға беру керек, әйтсе де бұл жағдайда бірдеңе істеу керек. Істей аласызба, істей алмайсызба деген сұрақ емес, өйткені адам оқудан өтті, яғни ол міндетті.

 

Егер адам шұғыл жәрдем көрсету дағдысын білмей жазатайым оқиғаның куәгері болса? Қандай жағдайларда ол жазалануы мүмкін?

Егер ол ешкімді көмекке шақырмай, кетіп қалған жағдайларда. Қазір барлық жерде камералар бар, сондықтан олар қадағалай алады және оны әрекетсіздік үшін жазалай алады. Әрине, мұнда да қорғауға дәлел ойлап табу оңай - көрмедім, шок жағдайында болдым және т.б. Бірақ егер кәсіпқой жәрдем көрсетпесе, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

Алғашқы жәрдем көрсету дағдысы тек дәрігерлер үшін ғана емес, осы саладағы кез келген кәсіпқой емес адам үшін де қажет. Бұл курстар медициналық мекемелерден тыс жерлерде қаншалықты маңызды?

Бұл қажет екендігіне еш күмән жоқ. Біздің Ауруханадағы барлық қызметкерлер алғашқы реанимация курсынан өтті, соның ішінде күзет, сантехниктер, электриктер, жүргізушілер. Өкінішке орай, мен бұған басқа медициналық емес мекемелерде оқытқанын естімедім. Бірақ бір мәселе, әрине, оқыту, басқасы, бұл дағдылар қалай қолданылатынын түсіну.

 

Сіз адамдар көбінесе жүрек тоқтауынан өлетінін айттыңыз, бірақ алғашқы көмекті қаншалықты тез және тиімді көрсеткеніне байланысты емес пе?

Мұнда сәттілік өте маңызды. Егер жақын маңда уақытында және дұрыс әрекет ететін адам болса; егер реанимацияға оқытылған және реанимация үшін қажетті жабдықтары бар мамандар уақытында жетсе, онда құтқарылу мүмкіндігі туралы айтуға болады.

2019.01.14 acls 4

Адамды қанша уақыт ішінде құтқаруға болады?

Реанимацияның өзі жарты сағатқа дейін жүргізіледі. Бұл жағдайда жалпы мүлдем күтуге болмайды.  Егер сіз ессіз және өмір белгілерісіз адамды көрсеңіз, онда реанимацияны дереу бастау керек. Бірақ мұнда бір маңызды нюанс бар: алдымен өзіңіз қауіпсіздікте болуыңызға көз жеткізіңіз, айналадағы қауіпті нысандардың бар-жоғын қарап алу керек. Зардап шегуші жалаңаш сымның үстінде жатуы мүмкін немесе сізге қауіп төндіретін факторлар болуы мүмкін. Бұл жағдайда ешкімге екі мәйіт керек емес. Ал мұндай жағдайлар жәрдем көрсету кезінде бірнеше рет болған: Арқалықта осылайша алты адам қаза тапты. Біреу құдыққа құлап, оған көмекке екінші, үшінші секіріп, бәрі қаза тапты. Нәтижесінде, бір өлімнің орнына, алты болды. Құдықтарда күкіртті сутек жиналып, бір минуттан кем уақыт ішінде адам қайтыс болады. Бірнеше рет тыныс алған жеткілікті. Біреуі құлап, екіншісі сақтандырусыз құтқаруға түссе, ол да сонда қалатыны кепілді.

 

Мұндай жағдайларда қалай әрекет еткен жөн?

Жәрдем шақыру қажет және сізге ешқандай қауіп төнбеуіне көз жеткізу қажет әсіресе, егер сіз куәгер болмасаңыз және зардап шеккен адаммен не болғанын білмесеңіз. Мүмкін ол тоқ, радиация, қышқыл немесе басқа уландырғыш заттан зардап шексе? Біз бөгде тітіркендіргіш иістің, төгілген сұйықтықтың, жалаңаш сымның жоқ екеніне көз жеткізуіміз керек. Бұл ғимараттар немесе салынған кабель бар көшелерде жүргенде пайда болатын қадамдық электр болуы мүмкін: адамның қадамдары арасында, осылайша, тоқ соғуына әкелетін потенциалдардың айырмасы пайда болады. Тек сізге еш қауіп төнбеген жағдайда ғана, сіз басқаға көмек көрсетесіз: оны алдын ала қауіпсіз жерге апарып, реанимацияны бастаған дұрыс.

 

Және бірден жедел жәрдем шақырамыз. Бұл туралы басқа адамды сұраған жөн, ал өзіңіз шұғыл реанимацияны бастағаныңыз қажет. Ал егер жақын маңда ешкім кездеспесе және бұл жағдайда қандай әрекеттер жасауын білмесеңіз, онда 103 теріп, телефонды қатты дыбысқа қоямыз: телефон арқылы диспетчер сізге қалай әрекет ету керектігін айтады.

Жүрек пен ми қанша уақыт ішінде өледі?

Жүрек ұзақ жұмыс істей алады, ал ми - жоқ. Ол бөлме температурасында тек алты минут және пациенттің денсаулығы жақсы болса ғана шыдайды. Төмен температурада оның функциялық қызметі ұзағырақ сақталады - сегіз минутқа дейін, өйткені суықта барлық метаболикалық үрдістер баяулайды, оның ішінде өлу процесі де. Яғни, жүректі және жалпы адамды құтқарған кезде, біз бірінші кезекте миды, содан кейін ғана қалған органдарды құтқаратынымызды түсінуіміз керек. Бұл жағдайда реанимацияны сәтті жасау мүмкіндігі артады.

 

Сәтті реанимация дегеніміз не?

Бұл емделушінің ең аз неврологиялық зақымдануларумен, яғни ми жұмысының ең аз бұзылуымен ауруханадан шыққанын білдіреді. Бұл сәтті реанимация болып табылады – біз зардап шегушінің жүрегін іске қосып, оны санаға келтіргеніміз емес, оның миы барынша аз зардап шеккеніне, қолымыздан келгеннің бәрін жасағанымыз. Әйтпесе, ол мүгедек немесе "көкөніске" айналады. Дәл осы нәрселер жайлы біздің дәрігерлер үшін өткізілетін курстарда айтамыз, әрине, осынша қысқа және қарапайым түрде емес.

 

Дәрігер Митинмен біз зардап шеккенге нақты жағдайда қалай жәрдем көрсету керектігі туралы бірнеше рет айтқан болатынбыз: үсік шалған, тоқпен зақымданған, суға батқан кезде. Жедел жәрдем бойынша қысқа ликбездерге сілтемелер арқылы өтуге болады:

 

http://bmcudp.kz/ru/news/0/6344 - алда болатын аяздарда үсіктен қалай сақтануға болады?

http://bmcudp.kz/ru/news/0/6247 - қан кету кезінде қалайша алғашқы жәрдемді көрсетуге болады?

http://bmcudp.kz/ru/news/0/6243 - адам суға батып жатқан кезде не істеу қажет?

http://bmcudp.kz/ru/news/0/6264 - тоқ соққан кезде не істеу қажет? 


Аурухана серіктестері