ҚР ПІБ МОА ЖЫЛ АДАМЫ ГҮЛБАРАМ БАШАРОВА: "ҚАЗАҚСТАНДА ГИНЕКОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫНА СЕНЕМІН»

Кәсіпқой. Хирург. Әйел. Дәрігер-гинеколог Гүлбарам Башарова аурухана қызметкерлері арасында дауыс беру қорытындысы бойынша Президенттік клиниканың жыл адамы болды. Бұл мәртебелі, әрі жағымды естілсе де, Гүлбарам Есенбекқызы ол туралы "әріптестерімнің тарапынан комплимент" деп қарапайым айтады.

2018.12.26 ГУЛЬБАРАМ БАШАРОВА 1

Гүлбарам Башаровада жаңа мәртебесінен бөлек, гинекологияда жиырма бес жылдық тәжірибесі бар, саны есепке жатпайтын операциялар, ширек ғасыр ішінде кәсіптегі көрген тарих пен сабақтар. Гүлбарам Есенбекқызы сондай-ақ біздің Ауруханада робот-ассисттеуші технологияның көмегімен алғашқы операция жасаған хирург.

Президенттік клиниканың жыл адамымен біз операциялар, кабинеттегі жұмыс және пациенттерді қарау арасындағы үзілісте әңгімелестік. Неге гинекология, әйел-хирург болған қалай, бұл мамандық біздің елімізде қалай дамуда және өткен жылдың қай оқиғасы есте қаларлықтай болды - барлығын біздің материалымызда оқыңыз.

1. ГИНЕКОЛОГИЯ ТУРАЛЫ

Гинекология - бұл медицинадағы тар мамандандыру, сондықтан мұнда әрдайым қатаң байқау болады, әрдайым жақсы білімді талап етеді. Қазір мен гинекологияда тек хирургиямен айналысамын, бірақ акушерліктен бастағанмын: бір ғана емес, екі өмір үшін жауапты болдым. Сол себептен бастапқыда бұл мамандықта терапия, анестезиология, фармакологияны білу маңызды болды, жүкті және босанатын әйелдерге не рұқсат, не тыйым дегенді білу. Акушерлікте мен жеті жыл жұмыс істедім.

Есімде, институтта төртінші курста гинекологияны оқыта бастады. Біздің топты Сиговатова Антонина Федоровна жүргізді. Ол акушерлікті және гинекологияны сонша жақсы көргендіктен, біз, студенттер оны әрдайым қызығушылықпен тыңдадық. Ол қызықты түрде түсіндіріп айта алатын, сол себептен топтың барлығы, 14 адам сол курстан кейін акушер-гинеколог болғысы келді. Бұл оқытушы мамандыққа деген сүйіспеншілікті дағдыландырды, міне осындай оқытушы болды. Бірақ, соңында, байқаудан топтан екі-ақ адам өтті және бағыма қарай мен сол үміткерлердің бірі болдым.

2018.12.26 ГУЛЬБАРАМ БАШАРОВА 2

2. ХИРУРГИЯҒА КӨШУ ТУРАЛЫ

Астанадағы алғашқы жұмыс орным №2 Перинаталдық орталық болды, ал Ұлттық ғылыми медициналық орталығы ашылғаннан кейін мен өзімді жаңа орында көруді шештім. Гинекологияға үлкен байқау болғаны есімде - үш-ақ орында өте алдым. Сол кезде орталықтың басшылығы қойған басты талаптардың бірі операцияларды эндоскопиялық әдісімен оқыту болды. Бұл екі мыңыншы жылдар болатын, хирургияға эндоскопия енді ғана енгізіліп келе жатқан еді. Біз әріптестерімізбен оқуға барып жүрдік, мен Санкт-Петербургте болдым, содан кейін Қазақстанда алғашқылардың бірі ретінде гинекологиядағы эндоскопияны енгізе бастадық, яғни миниинвазивті операцияларды жүргізе бастадық.

Егер бұрын біз лапаротомдық операцияларды жасаған болсақ, бұл пациент үшін ұзақ қалпына келтіру процесін, ауырсынуды білдірсе, енді біз сарысулы ісікке, бедеулікке, миомаларға операцияларды лапароскопиялық әдіспен жасайтын болдық. Пациент сол күні қозғалып, тамақ жей алады. Екіншіден, мұндай операциялар косметикалық әсерге ие, тыртықтар көрінбейді. Хирург үшін операцияның мұндай әдісі операциялық өрістің жақсы шолуын ұсынады, біз егжей-тегжейлерді 16 есе ұлғайтумен көреміз.

Мені Медициналық орталықтың Ауруханасына шақырды. Маған қоңырау шалып, бетпе-бет тілдесуге шақырды. Аурухананың сол кездегі директоры Вячеслав Юрьевич Дудникпен сөйлескенім есімде. Ол да хирург болғандықтан, хирургтарды қалай алуға болатынын білді: сол күні маған операциялық бөлмені көрсетті, сол сәтте мен осында жұмыс істегім келетінімді түсіндім. Технологиялар әсер қалдырды. 2015 жылдың наурызында мен Президенттік клиниканың хирургиялық бөлімшесінің гинекологы болдым.

2018.12.26 ГУЛЬБАРАМ БАШАРОВА 3

3. ХИРУРГИЯДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ТУРАЛЫ

Хирургия мен үшін - гендерлік айырмашылықтары болмаған және болмауы тиіс мамандық. Мен оны ешқашан сезінбедім, одан басқа мен біздің ауруханада жалғыз әйел-хирург емеспін: Фатима Зурбиевна Борсова – проктолог бар, Айгүл Аманқұлқызы Абрахманова – уролог бар. Хирургияда әйелдердің болғанын мен қарапайым нәрсе ретінде, тарихты толтыру, пациентке кеңес беру ретінде қабылдаймын.

Бір кездері мен ургенттік гинекологияда жұмыс істеп едім, біз бүкіл қаланың шұғыл пациенттерін қабылдайтынбыз. Бір күні бізге босанғаннан кейінгі қан кетумен әйел түсті. Есімде, маған қорыққан мейірбике жүгіріп келіп, мені шұғыл түрде операциялық бөлмеге шақырып жатқанын айтты. Келгенде бірінші көргенім - менің әріптестерімнің қорыққан түрлері. Сонша көп қан көріп өзім де шошып кеттім. Бірақ аға әріптестерім мені әрдайым үйрететін: қаншалықты қорықсаңда, ешқашан өз қорқынышыңды көрсетпе. Ешқашан. Хаттамаға сәйкес тапсырмаларды үлестіргенім, үдерісті ұйымдастырғаным, сөйтіп біз қан кетуді тоқтатқанымыз есімде. Операциядан кейін бір мейірбике маған былай деді: "Сіз келмейінше, біз пациенттен айырылып қаламыз деп ойладық, сонша қорқынышты болды". Жауабым есімде: "Өзіме каншалықты қорқынышты болғанын білсеңдер!". Егер мен сол кезде өзімнің шынайы эмоцияларымды көрсеткенде - рас, біз пациенттен айырылып қалатын едік. Ішімде барлығы гүрілдеп жатты, бірақ сырттай марканы сақтау маңызды болды.

Мен қаттырақ, сенімдірек, кәсіпқой бола бастадым. Мен амбициялары бар адаммын, мақсат қойсам, оған қол жеткіземін. Біз, әріптерімізбен үлгі тұтатын Арно Бартьез, Реваз Бочарошвили, Марио Мальцони және т.б. секілді көптеген тамаша гинекологтар бар.

2018.12.26 ГУЛЬБАРАМ БАШАРОВА 4

4. ҚОРҚЫНЫШТАР МЕН "ЗИЯН КЕЛТІРМЕ" ПОСТУЛАТЫ ЖАЙЛЫ

Операциялық үдерісті басқарудың өзі мені толқытпайды, бірақ әрбір операция бірегей. Акушерлік-гинекологияда 25 жылдық тәжірибеден, мен қорқыныш ешқайда кетпейтінін айта аламын. Неғұрлым үлкейген сайын, білімдерім кеңейген сайын, соғұрлым қорқыныш көп болатындай сезінемін, себебі көп білесің, көпті көресің. Бірақ бұл жақсы және қажетті сезім: кейде нақты жағдайда жас кезіңде не істегеніңді еске алып, қазір сондай батыл қадамдар жасай алмайды екеніңді түсінесің.

Кейде әйел жатырды алып тастауға психологиялық тұрғыда дайын болмайды: мүмкіндігінше біз оны барынша сақтап қалуға тырысамыз және тек миомотоздық түйінді ғана алып тастаймыз. Қазір бүкіл әлемде мұндай тенденция жүріп жатыр, хирургтар органсақтаушы операцияларды жасауға тырысады. Бірақ ол үшін өз көрсетілімдері болтынын түсіну керек.

5. ЕЛІМІЗДЕГІ ГИНЕКОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ

Мен Қазақстанда гинекологияның дамуына сенемін. Бұл мамандықта керемет адамдар, өз ісінің кәсіпқойлары. Мен қазір жұмыс істеп жатқан, конференциялар мен мастер-класстарда жиі кездесетін кейбір балаларды білемін, мен олардың операцияларды қалай істейтінін және қалай жұмыс істейтінін көрдім. Олар өздерінің Батыстағы әріптестеріне есе бермейтін керемет хирургтар, олар өте амбициялы, жас, албырт. Міне, олардың тек бірнеше аттары: докторлар - Данияр Жақыпов, Нұрлан Джакиев, Александр Чупин, Қадыржан Үсенов Алматыда, Орал қаласында Ерлан Мұқанов, Елена Шерстова Қарағандыда.

2018.12.26 ГУЛЬБАРАМ БАШАРОВА 5

6. 2018 ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ЕСТЕ ҚАЛАРЛЫҚ ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Мен үшін ең әсерлі 2018 жыл болды, өйткені біз ауруханада роботохирургияны енгізе бастадық. Мен бұл технологиямен Израильде, кейін Оңтүстік Кореяда оқу кезінде таныстым, сосын біздің ауруханада роботталған хирургияны енгізетінін білгенде өте қуандым. Миланда, осы күзде, біз әріптестерімізбен оқу курсын өткен кезде, осы технологияның көмегімен операция жасауды үйрендік. Бұл қондырғыда жұмыс істеу ыңғайлы, оған қоса физикалық жүктемені сезінбейсің. Роботтың 3 артықшылығы: жақсы 3D визуализациясы, жоғары сапалы суреттер мен түрлі бағыттағы қозғалыстар.

 

7. ЖЫЛ АДАМЫ ТУРАЛЫ

Өте жағымды және күтпеген жағдай болды. Барлығы мені құттықтады, сол сәттер сондай әсерлі болды. Медицинада, адам бір нәрсеге қол жеткізгенде, бұл командалық жұмыстың нәтижесі екенін барлығы біледі, сондықтан мен командамда жұмыс істейтін әріптестеріме ризамын - Ерғали Мұхтарұлы Ғаббасов, Ғалижан Амангелдіұлы Бекпаев, Виталий Иванович Кровицкий, Ринат Фоатович Гатин, Талғат Даутұлы Уразов, Антон Иванович Ли және Батима Мұхтарқызы Махамбетованың басшылығындағы біздің тамаша мейірбикелеріміз. Үйге келгенде, ең қатты қуанған ұлым болды. Оның сөздерін естіген керемет болды: "мама, мен сені мақтан тұтамын!".