Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ОҚИҒАЛАР: ЖАҢА ЖЫЛ ТҮНІ АСҚАЗАНДЫ ҚАЛАЙ ҚҰТҚАРУҒА БОЛАДЫ

  31.12.2018

Асқазанды және өз жоспарларыңызды бұзбау үшін жаңа жылға не жеген жөн? Жеңіл тамақтану күні не ішіп жеген дұрыс? Жаңа жылдық дастархан басында дұрыс тамақтану туралы бізге ҚР ПІБ МОА диетолог-дәрігері Алтынай Тұңғышбаева айтып берді. 

1.jpg

№1 ЕРЕЖЕ: АЗ-АЗДАП БӘРІН ЖЕУГЕ БОЛАДЫ

Жаңа жыл түні барлығымыз гастрономиялық ғажайыпты күтеміз: барлығын салдарсыз жегеміз келеді. Алайда, диетологтардың басты өсиеттерін ұстанса, мұндай ғажайып мүмкін: артық тамақ жемеу. Әрине, бетіне салынған етті ыстық қамырдан өзіңді ұстау қиынға соғады, бірақ орындалуы мүмкін. Мысалы, егер сіз қонаққа немесе мейрамханаға жиналсаңыз, тоқ асқазанмен баруға кеңес беремін, мерекелік кешкі ас кезінде тек тамаққа ғана көңіл бөлмей, жақындарыңызбен қарым-қатынас жасауға және кездесуге уақыт табу үшін үйден тамақтанып барыңыз. 


2.jpg

Әсіресе, сіз ешқашан жеп көрмеген тағамдарды саналы таңдауды ұсынамын: табақшаны алыңыз және сіз татып көргіңіз келетін тағамдарды аз мөлшерде салыңыз. Жаңа жылдық трапезаны салаттар мен көкөністерден бастаған жөн, олардың құрамында жақсы ас қорытуға ықпал ететін жасұнық бар. Осылайша, аштық сезімін жойып, денені пайдалы ингредиенттермен қоректендіруге болады. Құрамында майонезі жоқ салаттарды таңдаған дұрыс.

 

№2 ЕРЕЖЕ: НЕ БАЛЫҚ, НЕ ЕТ ЕМЕС

Жаңа жылда біз үйреншікті түрде кеш тамақ жейміз, бұл, әрине, біздің ағзамыз үшін мүлдем пайдалы емес. Дегенмен, дәстүрді де, көңіл-күйді де сақтауға болады: еті, немесе балығы бар негізгі тағамдарды таңдағанда, мен балықты таңдар едім - ол етке қарағанда ағзаға оңай сіңеді. Балық өнімдері ішінен теңіз түрлерін таңдаған дұрыс, мысалы, бақтақ, форель, ақсерке, нәлім, майшабақ. Егер қалайда түнде ет жегіңіз келсе, жеңіз, бірақ диетологтың өсиеттерін есте сақтаңыз: шамадан тыс шықпаңыз, артық тамақтанудың барлық салдары тек сізге тиесілі.

3.jpg

3 ЕРЕЖЕ: АСҚАЗАНДА ВИНЕГРЕТ ЖАСАМАҢЫЗ

Мереке әрі қарай инциденттерсіз жалғасуы үшін, тағамдарды араластырмаңыз, әсіресе тәтті мен тұздыны, ыстық пен суықты Бір негізгі тағамды, бір-екі салат таңдаңыз. Бөліктердің арасында асқазанға сіңіру үшін аздап үзіліс жасау керек. Ең маңыздысы: тамақ ішкеннен кейін көп мөлшерде су ішпеңіз, әдетте су қорыту сөлдерін араластырады, қорытылуға арналған пайдалы заттектерді шайып жібереді, асқазанда қорыту ферменттердің концентрациясын төмендетеді, бұл барлық ас қорыту үрдістерін қиындатады.

№4 ЕРЕЖЕ: ІШУ НЕМЕСЕ ІШПЕУ?

Спиртке келетін болсақ, мұнда да бірнеше нюанстарды ескеру керек: шампан құрамында көп көмір қышқылдары бар және ішілген бокалдардың нормадан тыс саны жағымсыз сезімдерге әкелуі мүмкін: газ жиналу, кебу, іште ашыту. Шампанды аздап ішкен дұрыс. Дегенмен, егер сіз кеш бойы жақсы шараптың бір-екі бокалын ішсеңіз, менің ойымша, сіз денеңізге үлкен зиян келтірмейсіз.

Ең бастысы, мөлшерден тыс шықпаңыз, баяу жеп, аздап ішіңіз, көбірек сөйлесіңіз және билеңіз.

№5 ЕРЕЖЕ: ӨЗДЕРІН ЖАМАН СЕЗІНГЕНДЕРГЕ

Өз ағзасының ас қорыту қабілетін асыра бағалаған адамдарға, жеңіл тамақтану күндеріне ауысуды ұсынамын, мысалы, лимоны бар суда, бұл өнімге қарсы көрсетілімдер болмағанған жағдайда. Бір литр суға бір лимон шырынын қосып, бұл сусынды күні бойы шағын жұтымдармен ішіңіз. С витамині қыста иммундық жүйені нығайту үшін әсіресе пайдалы болады.

ГАСТРОНОМИЧЕСКИЕ ПРИКЛЮЧЕНИЯ.jpg

Мұндай "жеңілдету" күні ағзаға сіз жақында жегенді қорытуға және қорыту жүйесіне демалуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, диетолог дәрігердің жеке кеңес беруімен танысуға болатын басқа да жеңілдету схемалары бар, өйткені әрбір жағдай жеке тәсілді қажет етеді.

Алдағы жаңа жылда, диетолог-дәрігер ретінде, жаңа жылды қарсы алу тек керемет мол тамақтану емес екенін еске салғым келеді. Тек тамақты жеумен уақытыңызды жоғалтпаңыз - уақытты биге, музыкаға және қарым-қатынасқа арнаңыз. Жаңа жылдық ғажап құпиясы осында.


Аурухана серіктестері