TAVI - тағдырыңа арашашы

2018.08.23 tavi 8

Кеудені ешбір кесусіз, жүректегі қолқа қақпақшасын ауыстыру операциясы - TAVI деп аталады. Бұдан былай осындай операциялар Астанадағы Президенттік клиниканың пациенттеріне қолжетімді. Түркияның ғылыми медициналық кардиология университетінің профессоры Джим Бачинмен бірігіп аталған аурухана дәрігерлері TAVI операциясын тұңғыш рет жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Заманауи технологиялар жүректің күрделі ауруларына шалдыққан науқастардың өмірлерін қалай ұзартатыны туралы Президенттік клиниканың кардиохирургі Рахимов Рустам баяндады.

2018.08.23 tavi 1

«ЖҮРЕККЕ ДЕГЕН ҚАҚПА»

TAVI-дің мағынасын – қолқа қақпақшасының транскатетерлік имплантациясы деп түсіну қажет. Бұл манипуляцияны егжей-тегжейлі сипаттайық. Алдымен қолқа қақпақшасы деген не және оның жүректегі атқаратын жұмысы неліктен маңызды болып саналатынын түсіндірейік.

Есіктерін үнемі ашып-жабатын қақпаны елестетіңіз – біздің жүрегіміздегі қақпақша сондай механизм арқылы жұмыс істейді. Оны қолқа қақпақшасы деп атайды, себебі ол жүректің сол жақ қарыншасының және ең ірі тамырдың (қолқаның) шекарасында орналасқан, қолқадан қан барлық тамырларға тарап, біздің ағзамызды «қоректендіреді».

Сондықтан да қолқа қақпақшасы жәй ғана емес, қанды жүрек арқылы үнемі барлық мүшелерге өткізетін орталық қақпақша.

2018.08.23 tavi 2

Қақпақшаның жармасы толық ашылмаған кезде - медицинада бұл ақауды стеноз деп атайды, не болады? Қолқа қақпақшасы сәл ашылған кезде де, қан бәрібір аз мөлшерде қолқаға барады: жүрек ішінде жартылай қалған қан, жүрек қабырғаларын біртіндеп созады.

УӘДЕ ЕТКЕН ҮШ ЖЫЛ

Егер бұлшықетке тұрақты түрде салмақ түсірілсе, ол созылады. Сол секілді шығарылмаған қанды жинаған жүректің қабырғасы да созылады. Кез келген бұлшықет тәрізді жүректің де физикалық межесі бар: оның қабырғалары белгілі бір көлемге дейін созылады, сонан соң жыртыла бастайды. Бұлшықет өз қасиетін жоғалтады, қағазға ұқсап жұмсарады, ал оның жиырылғыштық қабілеті, яғни сору қызметі біртіндеп әлсірейді – дене мүшелерінің қанмен қоректенуі бұзылады. Сол кезде адамның халі нашарлайды: жай отырғанның өзінде ентігу пайда болады, басы айналады. Бірақ патологияны, әрине, дәрігерлер ғана байқайды.

2018.08.23 tavi 3

Бұндай жүректің ақауы әр жастағы адамдарда кездеседі. Көбіне ол туа бітті болмайды, жүре келе, дұрыс тамақтанбай, саламатты өмір салтын ұстанбаудан пайда болатын дерт. Жасы ұлғайғандар арасында жиірек кездеседі, олардың жүрегіне ашық операция жасау өте қауіпті. Операциясыз қақпақшаны ауыстыру адам өміріне тіпті қауіпті: статистикаға жүгінсек, қолқа қақпақшасында ақауы бар адамдар осы дертке ұшырағаннан бастап орта есеппен үш жылға дейін өмір сүреді. Сондықтан біз, аталған жүрек ақауы бар пациенттердің өмірін ұзартатын ТАVI операциясына көшейік.

ТAVI ОПЕРАЦИЯСЫ – ҚАҚПАҚШАНЫ КЕСУСІЗ АУЫСТЫРУ

Біздің пациентіміз кім? Ол жасы 65-тен асқан, жасының ұлғаюына байланысты жүрегіне ашық операция жасауға тыйым салынған адам: операция кезінде де, операциядан кейін де аурудың асқыну ықтималдығы өте жоғары. Сондықтан кеудедегі уйреншікті кесіктің орнына, TAVI әдісімен қақпақшаны ауыстыру шаптың аумағында орналасқан жамбас артериясы арқылы жасалады.

2018.08.23 tavi 4

Жасанды қақпақшаның трансплантациясына бар жоғы 40 минут кетеді. Пациентті операцияға дайындау және жаңа қақпақшаның жұмыс қабілетін тексеру уақытын есепке алсақ, барлық процесс екі сағатты алады – бұл бір орташа фильмнің ұзақтығы.

Алдымен терминге түсінік берейік. Транскатетерлік трансплантация медициналық тұрғыдан қиын айтылса да, жасанды қақпақшаны орнатуға біз диаметрі небәрі 4 миллиметр болатын ұзынша түтікті – катетерді қолданамыз, ол тамыр арқылы қолқаға енеді, және де жүректің сол жақ қарыншасымен қолқаның түбірі арасындағы шекарада тоқтайды – ол жерде қолқа қақпақшасы орналасқан.

2018.08.23 tavi 5

Ол үшін біз жамбастың ішкі жағында аздаған кесік жасаймыз және артерия арқылы жасанды қақпақшаны белгіленген жерге жеткізетін катетерді енгіземіз.

Екінші жамбастың ішкі жағындағы тамырды тесіп контрастық затпен толтырылған катетерді өткіземіз – рентгенде ол бізге қақпақшаның қолқа ішінде жүрекке қарай жылжуын көрсетеді.

2018.08.23 tavi 6

Барлығы дайын. Рентген жасайтын аппаратты (ангиограф) құрамыз және катетерді енгіземіз. Оның ішінде металл қаңқалы, іші ірі қара малдың жүрегінің қабыршығынан жасалған, жасанды қақпақша бар.

2018.08.23 tavi 7

Бұдан әрі катетердің қақпақшамен қай жаққа және қалай қозғалуын көру үшін бірнеше суреттер жасаймыз.

Белгіленген аумаққа жеткенде, бірден өлшеуге кірісеміз. Бұның бәрі операция залында, дәрігерлердің командасымен кеңесу процесінде өтеді, қақпақшаны орнатпай тұрып, ол қолқада ашыла ма, жоқ па, оның қалай жұмыс істейтінін түсінуіміз қажет.

Шешім қабылданды. Жасанды қақпақшаны белгіленген орынға бекітеміз, жүректің өз қақпақшасы қолқаның қабырғасына жабысып, жұмыс істеуін доғарады.

2018.08.23 tavi 9

Суретке тағы түсіре отырып, рентген арқылы біздің жаңадан орнатқан қақпақшамыздың жұмысын тексереміз.

Маңызды сәт: жүрекке ашық манипуляциядан айырмашылығы, операция жасанды түрде қан айналдыратын аппаратсыз жұмыс істеп тұрған жүрекке өткізіледі. Осылайша біз жүректі тоқтатпай операция жасаймыз, жасы ұлғайған пациенттерге жүректі тоқтатып жасау өте қауіпті.

2018.08.23 tavi 10

ТАVI операциясы аяқталды. Қолқа қақпақшасының жұмысында енді ақау жоқ, ал пациенттерге жүрек бұлшықеттерінің жыртылуынан немесе қақпақшаның жұмысы тоқтауынан туындайтын өлім қатерінен қорықпауға болады.

Біздің кейбір пациенттер операцияға да жете алмай жатады. Қолқа қақпақшасының стенозы жүректің басқа да ақауларына қарағанда көп уақыт бойы байқалмай қалуы мүмкін: адам жүрек ауыруын сезбейді, сондықтан жүрек ауыруына сирек шағымданады. Егер дәрігерге жүгінсе, тек денсаулығының күрт төмендегеніне, көбіне жағдайы қиын екеніне байланысты барады.

Жүрегіңізді сақтаңыз. Өз жүрегіңізге қамқор болыңыз.