Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінде ядролық медицина қызметтерін дамыту мәселелері туралы жиналыс

  29.03.2016

2016 жылғы 29 наурызда «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы» РМК бас дәрігері В.Ю. Дудниктің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Ядролық физика институты» РМК (Алматы қ.) бас директоры С.К. Сахиевтің және Аурухана жетекші мамандарының қатысуымен жиналыс өтті.

Жиналыста талқылаудың негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінде ядролық медицина қызметтерін дамыту мәселелері болып табылады.

Талқылау нәтижелері бойынша келесі аспектілер бойынша ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойылған болатын:

  • Ядролық медицина саласында білім және ғылыми зерттеу саласында серіктестікті дамыту;
  • Ядролық медицинадағы диагностикалық және емдік қызметтерді жетілдіру бойынша ортақ жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және өткізу;
  • Ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысу арқылы тәжірибемен және ақпаратпен алмасу;
  • Ортақ қызметтің оң нәтижелерін тарату.


2016.03.30 1



Аурухана серіктестері