Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Тіркелген контингент

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек – медициналық көмек көрсету жүйесінің негізі және профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, медициналық оңалту, жүктіліктің ағымын бақылау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, оның ішінде ауруға шалдығу қаупі факторы деңгейін төмендету, санитариялық-гигиеналық білім беру бойынша іс-шараларды қамтиды.

Емхана 5 күндік жұмыс аптасы режимінде жұмыс істейді. Мереке күндері жұмысты кезекші бригадалар қамтамасыз етеді. Барлық учаскелік дәрігерлердің қолжетімді болуы мақсатында емхананың терапия бөлімшесі сағат 8.00-ден қабылдау жүргізеді.

Емхана құрамына келесі бөлімшелер кіреді:

- терапиялық;

- консультациялық-диагностикалық;

- аллергология орталығымен ақылы қызмет;

- стоматологиялық;

- акушер-гинекологиялық;

- күндізгі стационар бөлімшесі;

- жедел медициналық жәрдем;

- Қалпына келтіру емі және оңалту орталығы:

физиотерапия және дәстүрлі терапия;

су-жылумен емдеу;

емдік дене шынықтыру (кинезиотерапия) және косметология қызметтері.

Денсаулықты сақтау және тіркелген контингентке қызмет көрсетуге жағдай жасау мақсатында Ақорда, Үкімет үйі, Парламент Сенаты, Парламент мәжілісі, Қаржы министрлігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ғимараттарында 6 денсаулық пункті жұмыс істейді.

Дәрігерлер емханада 30 мамандық бойынша білікті және мамандандырылған көмек көрсетеді.

Көп арналы телефондармен жабдықталған Саll орталықпен медтіркеу жұмыс істейді, пациенттердің ағымы аурулары және профилактика бойынша реттелген, «Инфомед» ААЖ-да мейірбикенің автоматтандырылған орны орнатылған, дәрігерлердің кейбір функциялары (техникалық) орта медициналық персоналған бөлінген, екінші учаскелік мейірбикелер енгізілген, «тар» мамандарға кезекті азайту мақсатында мамандардың қабылдау уақыттары өзгертілген.

Емхананың терапиялық бөлімшесі мен 6 денсаулық сақтау пункті «ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы» РМК емханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімшенің негізгі міндеттері:

- тіркелген контингентке емхана және үйде білікті медициналық көмек көрсету;

- емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу, тиісті топтарды диспансеризациялау және кешендік-профилактикалық медициналық тексеру арқылы тіркелген контингентке профилактика және сауықтыруға бағыталған іс-шараларды жүргізу;

- көрсетілімдері бойынша жоспарлы және шұғыл госпитализациялау, стационар-орнын алмастыратын технологияларға (күндізгі стационар, үй стационары) госпитализациялауды жүзеге асыру;

- эпидемияға қарсы іс-шараларды, оның ішінде тұрғындарға иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және жүргізу.

Бөлімшеде 2-19 учаскелерде және 6 денсаулық пунктінде учаскелік терапевтер қабылдайды. Қабылдауды терапиялық қызметтің бейінді мамандары жүргзеді.

Бөлімше меңгерушісі - Омаркулова Жанар Кокеновна, біліктілігі жоғары санатты дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі.



Аурухана серіктестері