Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Бакенова Роза Агубаевна

БАКЕНОВА РОЗА АГУБАЕВНА

БАКЕНОВА РОЗА АГУБАЕВНА Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының бас терапевті, ҚР ПІБ МО ғылыми-клиникалық кеңес төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, пульмонолог, жоғарғы санатты терапевт дәрігер.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» мамандығы бойынша емдеу факультетін тәмамдаған. Қарағанды қаласының қалалық және облыстық ауруханаларында терапевт дәрігер, пульмонология және терапиялық бөлімшелерінің меңгерушісі қызметін атқарған.

1990 жылдан бастап жоғары санатты дәрігер-терапевт. Қарағанды мемлекеттік медицина институтының жанындағы клиникалық ординатурада терапия мамандығы бойынша білім алып, 1995 жылы Пульмонология - 14.00.43 мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Ассистент болып жұмыс істеген, 1998 жылдан бастап ҚММА ішкі аурулар пропедевтика кафедрасының доценті. Қарағанды облысы Денсаулық сақтау департаментінің штаттан тыс бас пульмонологы болған. 2000 жылы ҚР ЖАК шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.

2004 жылдан бастап «ҰҒМО» РМК терапия бөлімшесінің меңгерушісі, ҰҒМО Ішкі медицина орталығының жетекші ғылыми қызметкері, ҰҒМО ғылыми хатшысы. Еуропалық респираторлық қауымдастық мектебінде білім алу аясында Қазақстан, Ресей, Австрия, Германия, Испаниядағы ішкі медицина, пульмонология, пульмонологиядағы шұғыл көмек, функциялық және сәулелік диагностика мәселелері бойынша дәрігерлерді жетілдіру факультеттерінде даярлықтан өткен.

Ұлттық ғылыми медицина орталығында «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша докторантурада оқыған. 2010 жылы медицина ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін «Өкпенің интерстициалды аурулары: өкпе фиброзының клиникалық-патогенетикалық сипаттамасы және үдей түсу предикторлары» тақырыбы бойынша диссертацияны сәтті қорғап шықты. Зерттеу жұмысының нәтижелері бірнеше рет Еуропалық респираторлық қауымдастық конгрестерінде Берлин (Германия, 2008), Вена (Австрия, 1997, 2009), Барселона (Испания, 2010), ТМД елдерінің (Алматы, Астана, Мәскеу, Санкт-Петербург, Ташкент, Бішкек, Казань, Екатеринбург) халықаралық форумдарында жарық көрді.

Тыныс алу мүшелерінің аурулары – өкпенің интерстициалды аурулары, оның ішінде идиопатикалық өкпе фиброз, идиопатикалық интерстициалды пневмонияның әртүрлі морфологиялық жолдары, лимфангиолейомиоматоз, Х гистиоцитозы, альвеолярлы протеиноз, саркоидоз, экзогендік аллергиялық альвеолиттер, біріктіруші тіннің жүйелік аурулары кезіндегі өкпенің зақымдануы, бронх демікпесі, ӨСОА, пневмония, өкпе васкулиттері, өкпенің бронхэктатикалық ауруы, бронх-өкпе дисплазиясын диагностикалау және емдеумен айналысады. Роза Агубаевнаның құрастырған өкпенің интерстициалды аурулары, пневмония, бронх-өкпе жүйесінің созылмалы басқа да ауруларының алдын алу және оларды емдеу алгоритмдері Ұлттық

ғылыми медициналық орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы, Астана қаласының бірнеше мекемелері, сондай-ақ Қарағанды қаласының медициналық мекемелерінде енгізілген. Ол кісінің қатысуымен өкпенің видеоторакоскопиялық және пункциялық биопсиясы, өкпенің интерстициалды ауруларының клиникалық-морфологиялық әртүрлі морфологиялық верификациясының тәсілі ҰҒМО патоморфологиялық бөлімшесі, Қарағанды қ. Облыстық диагностикалық орталығы және Облыстық клиникалық ауруханасының патоморфологиялық бөлімшелері, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің патологиялық анатомия және соттық медицина кафедрасында енгізілген. Р.А. Бакенованың 142-ге жуық жарияланымы жарыққа шыққан, оның ішінде шетел басылымдарында да жарық көрген. 2009 жылдан бастап «ҰҒМО» АҚ ғылыми хатшысы, респираторлық зерттеулер зертханасының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының бас терапевті, Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше медициналық ұйымының кеңесшісі болып табылады, ҚР әртүрлі аймақтарындағы респираторлық жүйесінің күрделі ауытқулары бар пациенттерге кеңес береді.

Р.А. Бакенова респираторлық жүйе ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу жөніндегі Ұлттық клиникалық нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысады.

Р.А. Бакенова Еуропа-Азия респираторлық қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі, осы қауымдастықтың Бас хатшысы. Қазіргі таңда Еуропа-Азия респираторлық қауымдастығының президиумы, Орта Азия пульмонологтар қауымдастығының мүшесі, Еуропа респираторлық қауымдастықтың GOLD-мүшесі, сондай-ақ Еуропа респираторлық қауымдастығының (ERS) өкпе интерстициалды аурулар жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Ресей респираторлық қауымдастығы және Ресей ревматологтар қауымдастығы, ҚР терапевттер қауымдастығының мүшесі.

Р.А. Бакенова клиникалық қызметтен бөлек, ҰҒМО ғылыми-білім бер орталығы, ҚР ПІБ МОА, «Астана» медицина университетінде дәрігерлерді жетілдіру циклдерінде резиденттерге, интерн-дәрігерлерге, курсант дәрігерлерге пульмонологияның көкейтесті мәселелері бойынша дәрістер оқыды. Бүгінгі күнде Р.А. Бакенова ҚР ПІБ МОА емдеу және кеңес беру қызметінен басқа МФҚБК эксперттік топтар жұмысына сараптамалық көмек көрсетеді, Қарағанды мемлекеттік медицина университімен бірлескен жобалар аясында зерттеулер жүргізеді.

Марапаттары: 2006 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағы берілді, 2015 жылы ҚР ДМ төс белгісімен марапатталды.

Жарияланған жұмыстары:

- М.М. Тусупбекова, Р.А. Бакенова, Л.М. Стабаева, Р.Ж. Ныгызбаева, Г.Н. Иманбаева. «Саркоидоз және өкпенің шашыранды туберкулезінің

клиника – эпидемиологиялық аспектілері». Марат Оспанов атындағы СҚММУ конференциясы. V том 2018 ж. – бб.111-114.

- Тіркелген зияткерлік меншік

«Морфометриялық критерийлермен қолданып өкпе саркоидозы мен туберкулезі кезіндегі гранулеманың клиника-морфологиялық дифференциальді диагностикасының алгоритмі» М.М. Тусупбекова, Р.А. Бакенова, Л.М. Стабаева, Р.Ж. Ныгызбаева, Г.Н. Иманбаева. Қарағанды қаласы, 2018 ж.

- Food frequency questionnaire and FETA software to asses the dietary intake of iron among patients with metabolic syndrome. J Nutr Food Sci 2018, Volume 8 DOI: 10.4172/2155-9600-C2-056, May 14-16, 2018 Tokyo, Japan.

- Clinical efficiency of mare’s milk in children. 20th World Congress on Nutrition and Food Sciences. May 14-16, 2018 Tokyo, Japan, Volume 8, ISSN: 2155-9600, page 28.

- Бакенова Р.А. «Идиопатический легочный фиброз: диагностика, лечение, прогноз» әдістемелік ұсынымдары. Астана, 2018 ж. 65 б.

ҚР ПІБ МОА пульмонология қызметі

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының (ҚР ПІБ МОА) тұжырымдамасы - адамның басты назарда болуы мен пациенттерге халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сапалы қызмет көрсету үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасауға негізделеді.

ҚР ПІБ МОА – бұл жаңа буын ауруханасы. Мамандар Еуропа, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Израильдің жетекші клиникаларында жоғары деңгейлі кәсіби даярлықтан өткен, олардың ғылыми-клиникалық әлеуеті, Аурухананың заманауи жоғары технологиялық емдік-диагностикалық жабдықтармен жарақтандырылуы сапалы түрде бронх-өкпе жүйесінің аса күрделі аурулары, мысалы СОӨА, пневмония, бронх демікпесінен бастап күрделі диагностикаланатын саркоидоз, идиопатикалық өкпе фиброзы, альвеолярлы протеиноз, лимфангиолейомиоматоз, Х гистиоцитозы, өкпенің идиопатикалық гемосидерозы, өкпе васкулиттері сияқты интерстициалды ауруларына дейін, сонымен қатар біріктіруші тіндердің жүйелік аурулары кезінде болатын өкпенің зақымдануын диагностикалауға және емдеуге үлкен мүмкіндік береді.

Жоғары технологиялық диагностикалық жабдықтардың клиникалық процеске енгізілуінің арқасында диагностика және өкпенің ісік, лимфопролиферативтік аурулары, туберкулез, өкпенің тамыр ауруларын саралай отырып диагностикалау мүмкіндігін әлдеқайда арттыра түсті

Пульмонологическая служба 1.jpgПульмонологическая служба 2.jpg

256 –кесінділік компьютер томографының бірегей мүмкіндігі өкпені зерттеуге кететін уақытты 2 есеге үнемдеуге, осылайша пациентке арналған сәулелік жүктемені 4 есеге төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге тыныс алу қимылдарын орындау мүмкіндігі шектелген күрделі тыныс алу ауруына шалдыққан пациенттердің өкпесін 1 секундта сканерден өткізу мүмкіндігі пайда болды. Бұл жабдық арқылы біз өкпенің қан айналымының жылдамдық және көлемдік көрсеткіштерін, өкпенің перфузиясын зерттеп білуге болады.

1,5- және 3- теслалы магнитті-резонансты компьютерлік томографтар сапалы түрде аса жоғары деңгейде көкірек, өкпе мен жүрегінде ақауы бар пациенттердің ағзасына сәуленің әсерінсіз, өкпе бөлімдеріндегі патологиялық процестерді диагностикалауға мүмкіндік береді.

Паренхима және өкпе тамыр жолдарының зақымдануын диагностикалаудың басты бағыттарының бірі МОА орта өмір сүру ұзақтығымен технеция-радиофармпрепаратты қолданумен бірфотондық эмиссионды компьютерлік томографта өкпеге сцинтиграфия жасау болып табылады.

18 FDG радиофармпрепаратын енгізе отырып позитрондық-эмиссиялық томографияның көмегі арқылы өкпе ісіктері және өкпенің лимфопролиферативтік ауруларын диагностикалау мүмкіндігі анағұрлым арту үстінде.

Жан сақтау бөлімі жағдайында Аурухана арсеналындағы электримпеданс томографы арқылы респираторлық дистресс-синдром кезіндегі тыныс ал жүйесінің күрделі патологиясымен ауыратын пациенттердің өкпе тіндерінің зақымдану аймақтарын диагностикалауға болады.

Ауруханада патологиялық-анатомиялық бөлім жұмысы жақсы дамыған, бұнда бронх-өкпе жүйесінің интерстициалды және ісік ауруларының әртүрлі морфологиялық жолдарын диагностикалауға болады. Сонымен қатар, өкпе тінін, ішкі кеуденің лимфа түйінін, бронх шырышын зерттеуге алынған материалды талдау - нәтижелерді мұрағаттау және видео ассистенциялаумен шағын инвазиялық трансбронхиалдық және трансторакалдық түрде жеткізулерді қолдану арқылы жүргізіледі.

Пульмонологическая служба 3.jpgПульмонологическая служба 4.jpg

Сараптамалық кластың заманауи жоғары технологиялық жабдықпен жабдықталған ұйқы зертханасын құру пациенттердің ұйқы кезінде тыныс алуының бұзылуын анықтауға мүмкіндік берді, оның негізгі клиникалық белгілері қорыл болып табылады, ұйқы кезінде тыныстың бәсеңдеуі және кідіру сәттері жедел және созылмалы оттекі тапшылығына әкеледі және артериялық гипертония, жүрек соғысының бұзылуы, миокард инфарктісі, инсульт және ұйқы кезіндегі кенеттен болатын өлімнің даму қаупін арттырады.

Ұйқы кезіндегі тыныс алуында ақауы бар пациенттерді жан-жақты тексеру бағдарламасы аясында респираторлық мониторингті, полисмонографиялық зерттеуді жүргізу қан сатурациясын анағұрлым төмендеген ауыр бұзылыстарды анықтауға мүмкіндік берді

Пульмонологическая служба 5.jpgПульмонологическая служба 6.jpg

Зертхана мамандары жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша жоғары технологиялық жабдықты қолдану арқылы CPAP-терапия бағдарламасын таңдау жүргізілуде. Ұйқының обструктивті апноэ синдромы бар науқастарға СРАР-терапиясын қолдану жедел жүрек-қан тамырлары жағдайларының, ұйқыда жатып кенеттен жүріп кетудің тиімді алдын алу және пациенттердің өмір сүру сапасының нақты жақсаруы болып табылады.

Тыныс алу мүшелерінің ауытқулары бар пациенттерді диагностикалау және емдеуде клиникалық-диагностикалық және микробиологиялық зертхананың атқаратын көмегі зор. Зертханада әртүрлі биологиялық орталардың биохимиялық, иммунологиялық, цитологиялық тесттері көп мөлшерде өткізіледі, бұл тесттер қабыну өзгерістерінің деңгейі және генезді жоюға, өткізілетін емдеудің тиімділігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Зерттеулер сараптамалық кластың жоғары технологиялық аппараттарында жүргізіледі. Микробиологиялық зертхананың мүмкіндіктері аз уақыт ішінде, 3-4 күнде этиологиялық агентті теңестіруге, респираторлық тракттың микробына мониторингті жоғары дәлелденген деңгейде өткізуге,

спецификалық емес, бактериялық, саңырауқұлақ инфекцияларына уақтылы этиотроптық терапия жасауға мүмкіндік береді.

МОА-ның емдеу мүмкіндіктерінің арсеналында бронх-өкпе жүйесіндегі патологиялық процестерге әсер ететін барлық заманауи әдістер бар, сның ішінде дәрі-дәрмектер, физикалық әсер ету әдістері - галокамера жағдайында электр, радиотерапия, аэрозольмен емдеудің барлық түрлері, бальнео -, баро -, криотерапия, массаж, акупунктура, физиотерапияның жақсы жабдықталған залдары, кинезитерапия және т. б.

Пульмонологиялық қызмет 7.jpg

Тыныс алу мүшелерінің аурулары бар пациенттерді диагностикалау және емдеуді медицина ғылымдарының докторының бақылауы және консультациялық қолдауымен, біліктілік санаты жоғары екі пульмонолог дәрігер жүргізеді.

Бронх-өкпе жүйесінің патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек амбулаториялық көмек аясында, сонымен қатар №1 терапиялық бөлімшесінің күндізгі және тәуліктік стационар жағдайында, сондай-ақ стационардың басқа да терапиялық бөлімшелері жағдайында көрсетіледі. Пульмонологиялық көмектің ҚР ПІБ МОА-ға тіркелген мемлекеттік қызметшілер контингентіне де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кез

келген азаматына да шарттық немесе ақылы негізде қолжетімді болуы маңызды болып табылады. ҚР ДСМ бұйрығында белгіленген және бекітілген бірқатар жағдайларда көрсетілген көмек портал арқылы мемлекет есебінен көрсетілуі мүмкін.

Дәлелді медицина қағидаттарына негізделген, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қолда бар жабдықты ұтымды және кәсіби тұрғыдан сауатты пайдалану диагностиканы жақсартуға және патологиялық процестің дамуының ерте кезеңдерінде әртүрлі, оның ішінде бронхо-өкпе жүйесінің ауыр ауруларын дұрыс емдеуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл бронх-өкпе ауруларын емдеу барысында оң нәтижеге қол жеткізу, асқынулардың дамуына жол бермеу, аурудың даму қарқынын бәсеңдету, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту, аурудың оң нәтижесін анықтауға мүмкіндік береді.


Аурухана серіктестері