Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Шаназаров Насрулла Абдуллаевич

Шаназаров Насрулла Абдуллаевич

ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының стратегиялық даму, ғылым және білім жөніндегі орынбасары

ҚР ПІБ МО ауруханасының фотодинамикалық терапия орталығының басшысы

Онколог дәрігер

Еңбек өтілі 33 жыл

Ғылыми дәрежесі

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, МВА

Мемлекеттік және қоғамдық наградалары 

  • «Құрмет» ордені

Медальдары

  • «Астанаға 10 жыл»
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»
  • «Халық Құрметi»
  • «Астана қаласының Өзбек этномәдени орталығына 10 жыл»

Төсбелгілері

  • «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
  • «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»
  • сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі көптеген алғыс хаттары мен грамоталарымен наградталған.

Кәсіби жетістіктері

  • ҚР ПІБ МОА Фотодинамикалық терапия орталығының құрушысы және басшысы
  • «Фотодинамикалық терапия» тақырыбы бойынша Өзбекстан, Ресей, Грузия, Қырғызстан және Қазақстаннан мамандар даярлады
  • Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанда шеберлік сыныптарын өткізді
  • Насрулла Абдуллаевич Шаназаровтың жетекшілігіммен 5 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды, 4 кандидаттық және магистрлік диссертация жазылуда
  • Астана медицина университетінде және Қазан федералдық университетінде дәрігерлердің біліктілігін арттыру курстарында дәрістер оқиды.
  • 50-ден астам халықаралық конференцияларға, форумдарға, съездерге қатысты
  • 100-ге жуық баяндама мен дәріс оқыды
  • Жоғары санатты онколог дәрігер
  • Жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер
  • Іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА)

Ғылыми-әдістемелік бағыттағы жұмыстар (ғылыми еңбектер, әдістемелік оқу құралдары, басылымдарда және т. б. жарияланған мақалалар)

  • 750-ден астам ғылыми жарияланымның авторы,
  • оның ішінде дәрігерлер мен студенттерге арналған 54 оқу және әдістемелік құрал,
  • 4 монография,
  • 35 патент және авторлық куәлік

Қоғамдық-саяси, мәдени бағыттағы жұмыстары мен жетістіктері

  • Нұр-Сұлтан қаласындағы Өзбек этномәдени орталығының Ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы
  • Қазақстан фотодинамикалық ассоциациясының жетекшісі

Бірқатар кәсіби қауымдастықтар мен қоғамдардың мүшесі:

  • RUSSCO (Ресей онкологтар қоғамы)
  • ESMO (Еуропалық медициналық онкологтар қоғамы)
  • РФ онкологиясындағы денсаулық сақтау ұйымдастырушылары ассоциациясы
  • Ресей фотодинамикалық қауымдастығы

Бірқатар қазақстандық және ресейлік медициналық журналдардың редакциялық алқасының құрамында

Қазан Федералдық университетінде, Тюмень мемлекеттік медицина университетінде диссертациялық кеңестердің мүшесі


Аурухана серіктестері