2016-2017 ЖЫЛДАРҒА МОА-ДА МЕЙІРБИКЕЛЕР МЕКТЕБІН ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

«Қызметте жоғарылау кімге маңызды, соларға мүмкіндіктер жасау»


1. КІРІСПЕ

Мейірбикелер мектебін дамытудың осы тұжырымдамасы (бұдан әрі – Мектеп) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы (бұдан әрі – МОА) ҚР Президенті Іс Басқарушысының 13.11.2015 ж. №100 хаттамалық тапсырмасына сәйкес әзірленді (Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы басшысының төрағалығымен өткен 17.11.2015 ж. №17 хаттамасы).

Мейірбике ісін дамыту үрдісі мен мейірбике кәсібі денсаулық сақтаудың заманауи жүйесінде мейірбикенің ролін барынша күшейтеді. Басында мейірбике орта медициналық персоналға жатқызылған, дәрігердің көмекшісі саналып, дәрігердің тағайындауы бойынша мейірбике күтімін жасады. Қазіргі уақытта ғылыми тәсілдер мен дәлелді практикаға негізделген мейірбике ісінің заманауи теориялары мейірбикені мейірбике шешімдерін дәрігерге тәуелсіз қабылдайтын, дәлелді мейірбике күтімін, оны мейірбике құжаттамасында көрсетіп, жоспарлайтын және жүзеге асыратын, дәрігердің тең әріптесі (партнер) ретіндегі мейірбике. Қазір дәрігер мен мейірбикенің партнерлығы денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде медициналық көмек сапасының тиімділігін арттыру үшін денсаулық сақтау мамандарының мультикәсіптік командалары шеңберінде жұмыс істей отыра, дәрігер пациентке дәрігерлік көмек, ал мейірбике мейірбике көмегін көрсетуден тұрады.

Міне, сондықтан мейірбике ісінің мамандары барлық әлемде қазіргі уақытта базалық техникалық және кәсіптік білім алу деңгейінде ғана дайындықтан өтпей, сонымен қатар мейірбике ісі бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура шеңберінде де дайындықтан өтеді.

Қазақстанның Болон процесіне енуі білімді, кәсіптік стандарттарды, біліктілік пен лауазымдық ұстанымдарды Еуропалық директиваларға, оның ішінде мейірбике ісі бойынша да, сәйкестікке келтіру қажеттілігін ұсынады.

Мейірбике білімін реформалаумен қатар медициналық ұйымдардың теңқұқықты дәрігерлер және мейірбикелердің ұйымдастырушылық құрылымдарымен жұмыс істеудің жаңа механизмдерін енгізу, мейірбике ісі мен мейірбике құжаттамасы мамандарының тіркелімін енгізу, мейірбикелердің инновациялық технологияларын енгізу, мейірбикенің заманауи дәлелді практикаларын, іргелі және қолданбалы мейірбике ғылымын дамыту, дәрігерлер мен түрлі деңгейдегі мейірбикелер арасында функциялық міндеттерді қайтадан бөлу және нақты шектеу болжанып отыр.

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту белгілі бір дәрежеде медициналық ұйымның көлемді құрайтын кадрлық ресурсы ретінде, орта медициналық персоналды тиімді орналастыру және пайдалануға, кәсіптік деңгей мен дайындық сапасына байланысты. Мейірбике көмегі денсаулық сақтау жүйесінде бүгіндері кәсіптік қызметтің жеке саласы болып табылуда.

МОА бірегей жоғары технологиялық жабдықтың болуының арқасында заманауи медицинаның барлық бағыттары бойынша жоғары мамандандырылған көмек көрсете алады. МОА негізінде тиісті ғылыми және клиникалық практиканың халықаралық стандарттарын енгізу болжанып отыр. Қазіргі уақытта МОА-да 519 орта медициналық қызметкер (271 – жоғары санатпен, 111 – бірінші санатпен және 87 мейірбикенің екінші санаты бар). Санаттылықтың жалпы пайызы - 84%.

Жақын арада аурухана JCI аккредитацияға дайындалуда. Бүгін JCI аккредитациясы медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға ұмтылатын денсаулық сақтау ұйымдары үшін «алтын стандарты» болып табылады. JCI аккредитациясының болуы басқа елдердің пациенттері мен туристері тарапынан сенім кепіл ретінде қарастырылады. Мейірбике қызметкерлері JCI аккредитациясы дайындығында негізгі элемент болғандықтан, нақты жағдайлар мен үздіксіз олардың кәсіби деңгейін қолдау үшін тиімді шаралар ұйымдастыруды, дамытуды қажет етеді. Осыған байланысты, мейірбике мектебін құру, олардың кәсіби дағдыларын дамыту және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді

Мектеп – құзыреттілік тәсіліне негізделген, мейірбике ісі мамандарының кәсіби шеберліктерін арттыруға арналған инновациялық технологиялар мен ең үздік тәжірибені пайдалану, мейірбике ісі саласында зерттеулер жасау, мейірбикелерді үздіксіз кәсіби дамыту мен қолдау үшін ғылыми-практикалық алаң.

Құрылымдық ММ әрқайсысы жеке үлкен бөлікке жауап беретін, соңында мейірбике ісінің кәсіби деңгейін үздіксіз дамытудың тұрақты, төзімді, инновациялық және тиімді жүйесін құруға бағытталған, ММ миссиясын бұдан әрі іске асырудың негізгі бағыттарын беретін сектордан тұрады.

2016–2017 жылдарға арналған Мейірбике ісін дамытудың осы тұжырымдамасы МОА-да мейірбике персоналының кәсіби деңгейін үздіксіз дамытудың тұрақты, нық, инновациялық және тиімді жүйесін құру мақсатында әзірленді.

Мейірбике қызметіне анализ жасау кезінде күшті және әлсіз жақтары белгіленді:

SWOT анализ: Күшті жақтары

  • Орта медициналық персоналды кәсіптік дамытуға арналған талаптарды құру

  • Кадрлық әлеуеттің болуы

  • Медициналық қызметтің кең түрін көрсету

  • Жоғары технологиялық материалдық-техникалық база

  • МОА қаражаты есебінен оқу және тағылымдамадан өту мүмкіндігі (оның ішінде шетелде де).

SWOT анализ: Әлсіз жақтары

  • Жас мамандардың жеткіліксіз практикалық дайындығы

  • Мейірбике ісі мамандарының жеткіліксіз теориялық дайындығы

  • Мейірбике персоналының мансап тұрғысынан өсу және өзін-өзі дамыту мотивациясының әлсіздігі

Осы анализ негізінде Мейірбике мектебінің мына құрылымы ұсынылды:

ШМС 2

1 СУРЕТ МЕЙІРБИКЕ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


Мектеп секторының функциялары:

Жас маманды бейімдеу секторы

  • Жас мамандарға сауалнама жүргізу;

  • Жас маманды бейімдеуге арналған оқу бағдарламасын әзірлеу;

  • ҚР ПІБ МОА ұжымына қабылдау іс-шараларын жүргізу.

  • Кәсіби және мансап тұрғысынан өсу траекториясына тәсілдер енгізу.

Тәлімгерлікті (менторлық) дамыту секторы

  • Тәлімгерлер роліне талаптар әзірлеу;

  • Тәлімгерлік бағдарламасы бойынша әзірлеме және оқу;

  • МОА практикасына Внедрение подходов по внедрению моделей менторлық, коучинг модельдерін енгізу бойынша тәсілдерді енгізу;

  • Медициналық көмек сапасын арттыруда тәлімгерлік процесін бағалау және индикаторларды әзірлеу.

  • 70/20/10 қағидаты бойынша оқу ұйымдастыру (жұмыс орнында тағылымдама/тренингтер/тәлімгермен жұмыс).

Мейірбикелік процесте ғылыми зерттеулерді дамыту секторы

  • Ақпаратты жинау дағдыларын дамыту;

  • Мейірбике ісі бойынша зерттеу бағдарламаларны әзірлеу;

  • Ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша мақалаларды дайындауды оқу;

  • Шетелдік және отандық журналдарда мақалалар жариялау;

  • Участие в научно-практических конференциях.

Дәлелді мейірбике практикасын дамыту секторы

  • Дәлледі медицина қағидаттарына сәйкес келетін ғылыми ақпаратты дербес талдау дағдыларын дамыту;

  • Дәлелді практикаға арналған ғылыми әдебиетті іздеуді үйрену;

  • Мейірбике технологияларына ғылыми негізделген тәсілдерді әзірлеу.

Ұсынылатын қызметтер сервисін жетілдіру секторы

  • Медициналық клиника сервисінің стандарттары бойынша оқу жүргізу, бағдарламалар әзірлеу;

  • Орта медициналық персонал мінез-құлқының (өзін ұстау) стандарттарын әзірлеу және енгізу;

  • Қызмет көрсетудің корпоративтік стандартын әзірлеу;

  • Орта медициналық персоналға арналған қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру мәселелерін әзірлеу.

Мейірбике қызметі менеджментін дамыту секторы

  • Ауруханалық менеджмент бойынша бағдарламалар әзірлеу және актуальдандыру;

  • Ауруханалық менеджмент негіздеріне мейірбикелерді оқыту;

  • МОА мейірбике қызметінің операциялық ресімдеу стандарттарына ұсыныстар мен өзгерістер әзірлеу.

Үздіксіз кәсіби дамытуды жетілдіру секторы

  • Мейірбикелердің біліктіліктерін арттыру бағдарламаларын әзірлеу

  • Үздіксіз медициналық білім берудің әдістемелік базасын жетілдіру;

  • Оқуды жетілдіру бойынша оқу анализі мен мониторингі және ұсыныстар әзірлеу;

  • Мейірбикелердің кәсіби дамуына және мансап тұрғысынан өсуіне көмек көрсету;

  • Сабақтастықты жоспарлау (аға мейірбикелердің/бас мейірбикенің резервтерін дайындау;

  • Мейірбике ісінде көшбасшылықты дамыту.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту секторы

  • Ынтымақтастық туралы меморандумдарды қорытындылау;

  • МОА қажеттілігін негізінде 011 бағдарламасы бойынша оқуға ұсыныстар мен өтінімдерді әзірлеу;

  • оқу, біліктілікті арттыру кезінде халықаралық тәжірибені үйренуге және енгізуге көмек көрсету;

  • Білім беру технологиялары мен бағдарламаларды дамыту және жетілдіру;

  • Халықаралық партнерлық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу.


2. ІСКЕ АСЫРУ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАРЫ

Мүдде: Мейірбике персоналының кәсіби деңгейін үздіксіз дамытудың тұрақты, нық, инновациялық және тиімді жүйесін құру есебінен МОА бәсекеге қабілетті артықшылықтарын қамтамасыз ету.

Мақсаты: сапалы медициналық көмек көрсету үшін МОА мейірбике персоналы біліктілігінің жоғары деңгейіне жету және қолдау

Міндеттер:

1) Жас маманның бейімделуі үшін оқу бағдарламасын жетілдіру

2) МОА тәжірибесіне менторлық, коучинг модельдерін енгізу бойынша тәсілдерді енгізу

3) Орта медициналық персоналын өткізу стандарттарын әзірлеу және енгізу.

4) Ауруханалық менеджмент бойынша бағдарламаларды іске қосу

5) Мейірбикелердің кәсіби дамуы мен мансап тұрғысынан өсуіне көмек көрсету;

6) Мейірбике ісінде көшбасшылықты дамыту.

Іске асыру мерзімдері: 2016 – 2018 жылдары


1 міндет. Жас маманның бейімделуі үшін оқу бағдарламаларын жетілдіру

Проблемалар:

Білім мекемелерінің түлектерінде олардың болашақ жұмысы туралы белгілі үміттер мен ұғымдар қалыптасады. Егер олар қате немесе негізсіз болған жағдайда, жас маман таңдалған кәсібінен көңілі қалады және қанағаттанбайды. Жас маманға бірінші оң тәжірибені алуға көмектесу – Аурухана алдында тұрған міндет.

Жаңадан қабылданған мамандарға кезігетін проблемаларды анықтау мақсатымен, оқыту бағдарламасы және жас мамандарға арналған сауалнамалар әзірленді. МОА мейірбике ісіндегі жас мамандарға сауалнама өткізіледі. Бейімдеу үшін сауалнама нәтижелері бойынша практикалық және теориялық дағдылар жеткіліксіз. Жас мамандардың көпшілігі үшін, бейімдеу кезінде қосымша оқу, кеңестер, тренингтер көмектесер еді.

Мүдде:

- Жас мамандарға сауалнама өткізу;

- 2016-2017 жылдарға жас мамандарды оқыту бағдарламасын әзірлеу және енгізу.

- ҚР ПІБ МОА ұжымына кіру іс-шараларын өткізу

- Ұжымда достық қарым-қатынасты құру, мейірбикелерді МОА беделін қолдауға тарту

- Жас маманға тәлімгерді бекіту

Күтілетін нәтижелер:

- Бейімдеу жас маманға жеткілікті ұзақ уақыт ішінде кәсіби құзіреттілікке қол жеткізу мүмкіндігін береді, сондай-ақ, ұйымның кадрлық және әлеуметтік құрылымына бірігеді.

- МОА мейірбике ісінің жас маманы жұмысының тиімділігін арттыру.


2 міндет. МОА тәжірибесіне менторлық, коучинг модельдерін енгізу бойынша тәсілдерді енгізу

Проблемалар:

- Мейірбике ісіндегі менторлық даму деңгейінде болады

- Жұмыста үлкен өтілі бар мамандар жас мамандар үшін менторлар болуға дайын емес

- Жұмыста үлкен өтілі бар мамандардың көпшілігінде педагогикалық дағдылар жоқ

Мүдде:

- Тәлімгерлік рөліне қойылатын талаптарды әзірлеу

- Тәлімгерлік бағдарламалары бойынша әзірлеу және оқыту

- МОА тәжірибесіне менторлық, коучинг модельдерін енгізу бойынша тәсілдерді енгізу

- Медициналық көмек сапасын арттыруда тәлімгерлік процесін бағалау және индикаторларды әзірлеу

Күтілетін нәтижелер:

- Менторлар/тәлімгерлер санын ұлғайту

- Менторға жас мамандарды бекіту

- Тәлімгерлік орын нақты кәсіби проблемаларды, өзара әрекет етудегі проблемаларды, жас кәсіпқойлардың жеке проблемаларын шешу құралын ұсынуға, өздік қызметінің басында дағдарысты шешуге мүмкіндік береді.


3 міндет. Медициналық клиника сервистерінің стандарттарын әзірлеу және енгізу

Проблемалар:

- Пациенттерге қызмет көрсету стандарттарының жоқтығы

- Халықта жұмыс жоқ

Мүдде:

- Қызмет көрсету персоналы сервисінің стандарттарын әзірлеу және енгізу

- Медициналық сервис бойынша оқыту жоспарын әзірлеу

- Қызмет көрсету сервисі бойынша мейірбике персоналына оқыту жүргізу

Күтілетін нәтижелер:

- МОА барлық деңгейінде қызмет көрсету сервисін жетілдіру

- Кадрлық әлеует деңгейін арттыру

- Ұсыныстар бойынша келетін жаңа пациенттер саны ұлғаяды

- Сервисті жақсарту есебінен оң пікірлерді көбейту


4 міндет. Ауруханалық менеджмент бойынша бағдарламаларды іске қосу

Проблемалар:

- Мейірбикелік персонал жаңа Аурухана мүмкіндіктері туралы толық ақпаратқа ие

- Басқа бөлімшелердің жұмысы туралы ақпаратқа ие емес мейірбикелік кадрлардың көп саны

Мүдде:

- «Ауруханалық менеджмент» тақырыбы бойынша орта медициналық персоналды оқыту бағдарламасын әзірлеу және енгізу

- МОА жұмысы және мүмкіндіктері туралы мейірбикелердің ақпаратын көбейту.

Күтілетін нәтижелер:

- Мейірбикелердің МОА-ның барлық құрылымдарының жұмысы туралы жоғары ақпараттандырылатындығы

- Мейірбикелер МОА мүмкіндіктері туралы ақпаратты тасымалдаушылар ретінде


5 міндет. Мейірбикелердің кәсіби дамуы мен мансап тұрғысынан өсуіне көмек көрсету

Проблемалар:

- Орта буын кадрларының көп саны олардың кәсіби деңгейін арттыру үшін арнайы жағдайларды әзірлеу мен тиімді іс-шараларды ұйымдастыруды талап етеді.

Мүдде:

- Кәсіби дамытудың жеке траекторияларын әзірлеу

- Кәсіби өсу және өз білімін көтеруге жағдайлар жасау

- Мейірбике ісі мамандарының арасында «Таланттарды басқару» - бәсекеге қабілетті артықшылықтарды қамтамасыз ету мақсатында Аурухана үшін бағалы қызметкерлерді тарту, дамыту және ұстау

- Сабақтастықты жоспарлау (аға мейірбикелер/бас мейірбике резервтерін дайындау)

- Озық технологиялар мен ғылыми әзірлемелерге қол жеткізу негізінде мейірбикелік көмектің сапасын тұрақты арттыру

- «Артықтар орындығын» қалыптастыру (кадрлық резерв)

Күтілетін нәтижелер:

- Сапалы медициналық көмек көрсету үшін МОА мейірбикелік персоналы біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу.


6 міндет. Мейірбике ісінде көшбасшылықты дамыту

Проблемалар:

- Мейірбике ісіне дайындалған резервтердің, оқыған менеджменттің болмауы

Мүдде:

- Сабақтастықты жоспарлау (аға мейірбикелер/бас мейірбике резервтерін дайындау)

- Мейірбике ісінде аға мейірбикелер/бас мейірбике резервтерін менеджментке оқыту

- Мейірбикелер арасында көшбасшылық құзыретті дамыту. Олардың көшбасшылықтың түрлі модельдерін пайдалануға білім мен дағдыларды алулары

Күтілетін нәтижелер:

- Кадрлық резервте дайын мамандардың болуы жаңа қызметкерлерді іріктеп, бейімдеу шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді

- Персоналды дамытуға инвестициялар жүйесін салу, бұл өз кезегінде мамандардың мотивацияларын айтарлықтай көтереді.

- Мейірбике ісі мамандарының ішкі әлеуетін ашу