Тарихы, миссиясы, мақсаты, негізгі міндеттері

Бөлім тарихы: бастапқыда қызметкерлерді оқытуды Аурухананың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі жүргізді, 2015 жылы дербес ғылыми-білім беру бөлімі құрылды.

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» РМК бас дәрігерінің 2015 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығына сәйкес, ғылыми-білім беру бөлімінің жанында Оқу-клиникалық орталығы ұйымдастырылды.

2017 жылы ғылыми-білім беру бөлімі үздіксіз кәсіби даму бөлімі болып өзгертілді.

2018 жылы Оқу-клиникалық орталығының базасында Бірінші қазақстандық Роботтандырылған хирургияның халықаралық референс және оқу орталығы ұйымдастырылды.

Мүддесі – медициналық және медициналық емес кадрлардың кәсіби деңгейін үздіксіз арттырудың бірқалыпты, тұрақты, инновациялық және тиімді жүйесін құру.

Мақсаты – жоғары білікті медициналық көмек көрсету үшін кадрларға кәсіби білім берудің жоғары деңгейіне қол жеткізу және қолдау.

Негізгі міндеттері:

1) Ауруханада медицина кадрларының біліктілігін арттыру және кәсіби өсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін іске асыру.

2) Білім беру қызметін үйлестіру.

3) Білім беру іс-шараларын ұйымдастыру, қамтамасыз ету және өткізу, Аурухана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға жәрдемдесу.