Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Тарихы, миссиясы, мүддесі

Орталық тарихы: 2015 жылдың сәуір айында Астанада Геронтологтардың бірінші Еуразиялық құрылтайы өтті, онда Еуразиялық геронтология, гериатрия және қартаюға қарсы медицина институтын құру және оның Қазақстан Республикасындағы, Астана қаласындағы базалық мекемесін анықтау туралы шешім қабылданды. http://www.gerontology.kz/

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының базасында 2015 жылғы қыркүйекте геронтология және қартаюға қарсы медицина саласындағы негізгі және қолданбалы зерттеулерді енгізу және дамытуты жүзеге асыру мақсаты бойынша геронтология және қартаюға қарсы медицина ғылыми-зерттеу институты құрылды (ҚР ПІБ МОА «Геронтология және қартаюға қарсы медицина ғылыми-зерттеу институтын құру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 260 бұйрығы). 2017 жылдан бастап интституттың аты геронтология орталығына өзгертілді.

Орталықтың миссиясы: ел халқына геронтологиялық көмек көрсету саласындағы ұлттық саясатты жетілдіру кезінде қартаюға қарсы медицинада жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалану жолымен адами капиталды нығайту.

Орталықтың мүддесі: геронтологияның өзекті проблемалары мен бағыттары бойынша маңызды ғылыми зерттеулерді, халықпен және мамандармен жұмыс бағдарламаларын дербес және Қазақстанның және басқа елдердің жетекші ғылыми орталықтарымен, өндірістік ұйымдарымен, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен ынтымақтастық негізінде іске асыратын жетекші орталық.


Аурухана серіктестері