Емхананың күндізгі стационары

Күндізгі стационар бөлімшесі ҚР ПІБ МО ауруханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Тәулік бойы бақылауды талап етпейтін науқастарға, сондай-ақ тәулік бойы стационардан шығарылған және қалпына келтіру емін қажет ететін науқастарға емдік, профилактикалық және оңалту іс-шараларын жүргізуге арналған.

Күндізгі стационар бөлімшесі ҚР ПІБ МОА В2 блогында, 2 қабатта орналасқан. Жалпы ауданы 669,48 ш.м. Бөлімше 16 төсекке арналған, жұмыс күндері сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін екі жарым ауысымда, сенбі күні сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді, сондай-ақ мереке күндері сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін кезекшілік ұйымдастырылды.

 

Смаилова Акерке АбдылхасеновнаБөлімше меңгерушісі Смаилова Акерке Абдылхасеновна

Еңбек өтілі: 17 жыл

Білімі:

2000 жылы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина институтын бітірді

2000-2001 жылдары С. Д. Асфендиярова атындағы Казақ мемлекеттік медицина институтында "емдеу ісі" мамандығы бойынша интернатураны өтті, дәрігер-терапевт біліктілігі бар.

Кейін 2001 жылдан 2004 жылға дейін С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық институтының клиникалық ординатурасында гастроэнтерология мамандығы бойынша оқыды.

2004 жылдан 2007 жылға дейін аспирантурада оқыды, 2007 жылдан бастап медицина ғылымдарының кандидаты.

Жұмыс тәжірибесі:

2007 жылдан 2010 жылға дейін - С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапия бойынша интернатура кафедрасының ассистенті ретінде

2010 жылдан 2011 жылға дейін еңбек шарты бойынша терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындық кафедрасының доценті лауазымына ауыстырылды

2011 жылдан 2016 жылға дейін "Астана Медицина Университеті" АҚ №2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының доценті

2016 жылдан бастап МОА жұмыс істейді.

 

Бөлімше дәрігерлері:

Нурмаганбетова Бахыт КенесовнаНұрмағамбетова Бақыт Кеңесқызы

Жоғары біліктілік санатты жалпы тәжірибе дәрігері.

Еңбек өтілі: 40 жыл

Білімі:

1974-1976 жж. фельдшер мамандығы бойынша Медициналық училищесі. 1986-1993 жылдары Ақмола медициналық академиясы «емдеу ісі» мамандығы бойынша

1993-1994 жж Астана қ. ЖМЖА базасында терапия мамандығы бойынша интернатура

2013 ж. Алматы қ. ҚМҮББУ "Кардиология" мамандығы бойынша біліктілікті арттыру циклы: «ЭКГ диагностика»

2013 жылы "кардиология" мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан өтті, циклі: "Шұғыл кардиология" Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы РМК-да»

Жұмыс тәжірибесі:

1994-2001ж.ж. Астана қ. ЖМЖ жедел жәрдем дәрігері

 

 

Оспанова Меруерт ЕрмековнаОспанова Меруерт Ермекқызы

Бірінші біліктілік санатты жалпы практика дәрігері.

Еңбек өтілі: 7 жыл

Білімі:

2009 жылы Астана медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген.

2009-2010 жылдары АҚ МУА, Астана қ., "№4 қалалық емхана" РМК базасында жалпы тәжірибе дәрігері мамандығы бойынша интернатура

23.10.2017 жылдан 03.11.2017 жылға дейін "Терапия" мамандығы бойынша біліктілікті арттыру циклы: "Гастроэнтерологияның өзекті мәселелері".

13.11.2017г жылдан 24.11.2017 жылға дейін "Терапия" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру циклы: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы РМК-да кардиология, нефрология, аллергология және иммунология бойынша өзекті мәселелер" 216 сағат»

Жұмыс тәжірибесі:

2011-2013 жж. – "№2 қалалық емхана" РМК ЖТД дәрігері, Астана қ.


Нурланова Динара НурланкызыНұрланова Динара Нұрланқызы

Бірінші біліктілік санатты дәрігер-терапевт.

Дәрігер-пульмонолог

Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі-13 жыл.

Білімі

2005 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық академиясын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді.

2005-2006 жж. Астана қ. "Орталық темір-жол ауруханасы" АҚ базасында ішкі аурулар мамандығы бойынша интернатура.

Жұмыс тәжірибесі

2006-2007 жж. "Щучье аудандық ауруханасы" МКҚК дәрігер-терапевт., Ақмола облысы, Щучинск қаласы.

2007-2009 жж. "№3 қалалық емхана" ШЖҚ МҚК дәрігер-терапевт.

2007-2015 жж. Астана қ. "№ 1 қалалық аурухана" ШЖҚ МҚК дәрігер-терапевті.

2009-2018 жж. "№2 қалалық емхана" ШЖҚ МҚК терапевт-дәрігері, Астана қ.

Бөлімшеде әртүрлі терапиялық патологиясы бар пациенттер, сондай-ақ бейінді мамандардың жолдамасы бойынша емделушілер, соның ішінде ақылы пациенттер емделеді. Күндізгі стационарға жолдаманы бөлімше меңгерушілерімен бірге тексергеннен кейін учаскелік дәрігерлер немесе тар шеңберлі мамандар береді.

Қарау кезінде пациентті күндізгі стационарға жіберу туралы шешім қабылданады. Пациенттің бөлімшеде болуы 5-тен 8 күнге дейін. Емдеу курсын аяқтағаннан кейін емдеуші дәрігер учаскелік дәрігерге берілетін ұсыныстармен үзінді жасайды, осылайша осы пациентті емдеуде сабақтастық жүзеге асырылады.