Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

2016 жылғы 1 наурызда МОА бас дәрігерінің бұйрығымен емхана құрамында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (СӨСҚ орталығы) жаңа бөлімшесі құрылды.

СӨСҚ орталығының басты мақсаты: халықтың басты адами құндылық ретінде денсаулыққа деген көзқарасын қалыптастыру. Денсаулық және жақсы психофизикалық жағдайды өмір стилі ретінде қалыптастыру.

СӨСҚ Орталығының міндеттері: контингентті СӨС дағдыларына үйрету, аурулардың даму қауіпінің мінез-құлықтық факторларын жеңу қабілетін қалыптастыру және алдын алуды насихаттау; пациенттердің денсаулығына байланысты мәселелерде құзыреттілігін арттыру және өз өмірін және оның қоршаған жағдайларын өз бетінше өзгерту дағдыларына үйрету.

Негізгі тақырыптық циклдерден басқа ("Диабет" мектебі, артериялық гипертония және ЖИА пациенттеріне арналған Денсаулық мектебі ("Сау жүрек, таза қан-тамыр"), бронх демікпесі және ӨСОА пациенттеріне арналған Денсаулық Мектебі ("Еркін тыныс алу"), Жүкті және жас ана мектебі ("Сізде бала болады!"), "Белсенді ұзақ өмір сүру" мектебі), Салауатты тамақтану, темекі шегудің алдын алу, стресстердің алдын алу және күйзеліске төзімділікке дағдыландыру, онкологиялық аурулардың алдын алу және т. б. бойынша оқыту жүргізілетін болады.


Құрманов Марат Қайыртайұлы – СӨСҚО басшысы

"Қоғамдық денсаулық сақтау / әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер

Марапатталды:

- ҚР Президентінің Алғысымен (2006 ж.), ҚР ДСМ Құрмет грамотасымен (2008 ж.)),

- "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" (2009ж.) және "Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін" төс белгілерімен (2012ж.).


Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметі туралы толық ақпарат