Гипербариялық оксигенация бөлімшесі

Гипербариялық оксигенация (ГБО) – бұл артық барометрлік қысым жағдайында ағзаның қанығу әдісі. Гипербариялық оксигенацияның әсер ету механизмі белгілі физикалық заңдарға негізделген, оған сәйкес жоғары қысым кезінде сұйықтықтарда газдардың ерігіштігі тиісінше артады. Сондықтан жоғары қысым жағдайында орналасқан ағзаның сұйық орталарында қалыпты атмосфералық қысымға қарағанда газ саны көп есе көп ериді.

Гипербариялық оксигенацияны қолдануға арналған көрсетімдер:

1. Экзогенді улану патологиясы,

2. Орталық жүйке жүйесінің патологиясы,

3. Тамыр патологиясы,

4. Жүрек-тамыр патологиясы,

5. Асқазан-ішек жолдарының патологиясы,

6. Эндокриндік жүйенің патологиясы,

7. Сүйек жүйесінің патологиясы,

8. Жалпы хирургия,

9. Жара патологиясы,

10. Акушерлік патология,

11. Тері аурулары,

12. Көз патологиясы,

13. ЛОР-патология.

 

ГБО қалпына келтіру терапиясында және косметологияда да қолданылады.

Гипербариялық оксигенация сеанстарын жүргізуге қарсы көрсетілімдер:

  • анамнезде эпилепсияның болуы (немесе басқа да тырыспалы талмалар);

  • өкпеде қалдық қуыстардың болуы (каверналар, абсцесстер және ауа кисталары);

  • гипертониялық аурудың ауыр формалары;

  • Мұрынның қосалқы қуыстарын сыртқы ортамен қосатын евстахиялық құбырлар мен арналардың өткізгіштігінің бұзылуы (мұрын жұтысындағы, орта құлақтағы, мұрынның қосалқы қуыстарындағы полиптер мен қабыну үрдістері, даму ауытқулары);

  • клаустрофобия;

  • оттегіге жоғары сезімталдықтың болуы.

 

Бөлімшеде 11 қызметкер жұмыс істейді: бөлімше меңгерушісі, екі анестезиолог-реаниматолог дәрігері, аға мейірбике, төрт мейірбике, шаруашылық бикесі, екі санитар.

Барлық дәрігерлер жоғары біліктілік санатына ие.

Бөлімше 2 ауысымда 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Бөлімшеде бекітілген контингентке, ақылы және келісім шарт негізінде емделушілерге, стационарлық және амбулаторлық науқастарға емшаралар жүргізіледі.

Бөлімшенің негізгі жабдықталуы: 2013 жылы шыққан АҚШ өндірілген BAR-MED XD (SMOOTHRIDE) фирмасының үш бір орындық бароаппараты,. Бұл 3 атмосфераға дейінгі қысым кезінде 100% оттегімен емдеуге арналған заманауи бір орындық гипербариялық жүйелер. Бароаппараттардың арқамен жатқан жағдайда емдеу емшарасын қабылдауға ыңғайлы болу үшін жеткілікті ішкі көлемі бар. Толық мөлдір акрил корпусының болуы ресей өндірісінің бароаппараттарымен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарды береді, ал тамаша көзбен шолу байланысы гипербариялық оксигенация әдісімен емдеуді қажет ететін науқастардың контингентін едәуір кеңейтеді, клаустрофобия проблемасы жоқ. Камера емдеу процесінде пациент пен қызметкерлер арасында екіжақты байланыс беретін байланыс жүйесімен жабдықталған.

Камерада автоматты түрде емдеу режимдері мен параметрлерін енгізуге мүмкіндік беретін автоматты басқару жүйесі бар. Біздің бароаппараттарда қолданылатын SMOOTH – RIDE технологиясы – бұл камера қысымын біртіндеп қисық сызықты көтеру технологиясы. Барокамералар қызметкерлерді шақыру батырмасымен жабдықталған. ГБО сеансы кезінде пациентті дәрігер мен медбике үнемі бақылап отырады.

гбо 1

гбо 2