Қалпына келтіру емі және оңалту орталығы

Қалпына келтіру емі және оңалту орталығы өз саласында бірегей болып табылады, онда қалпына келтіру емі мен оңалтудың жаңа батыс технологиялары енгізіліп, тиімді қолданылады.

Инсульттің, бас сүйек-ми немесе жұлын жарақатының, аварияның немесе жазатайым оқиғаның, омыртқа ауруларының салдары, миокард инфарктісі адамның денсаулығына ауыр соққы жасайды, үйреншікті өмір салтын, құндылықтар мен бағдарларды күрт өзгертеді. Егер емдеу міндеті - науқастың өмірін сақтау болса, онда орталық мамандарының күш-жігері жарақаттың немесе аурудың нәтижесін жақсартуға, асқынулардың алдын алуға, сауығуды жеделдетуге бағытталған.

Орталықта кардиореабилитация, нейрореабилитация, омыртқа ауруларымен ауыратын науқастарды оңалту, жарақаттан кейінгі оңалту, несеп-жыныс мүшелерінің аурулары кезінде оңалту және т. б. бағыттар бойынша оңалту және қалпына келтіру іс-шаралары жүргізіледі.

Косметология ақылы негізде келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

1. Дене және бет терісін тазалау;

2. Безеу ауруын емдеу;

3. Мезотерапия;

4. Лазерлік пилинг;

5. Биоревитализация;

6. Биоүйлесімді гельдермен контурлық пластика;

7. Тері қартаюының профилактикасы;

8. Pristine аппаратындағы алмазды микродермабразия;

9. Infusion аппаратындағы инвазивті емес мезотерапия (электропарация);

10. Reaction аппаратындағы радиожиілікті лифтинг;

11. Exilis аппаратындағы радио толқынды ультрадыбыстық липолиз және лифтинг;

Mediostar Next Лазеріндегі қызметтер:

12. Лазерлік жасарту және лифтинг;

13. Лазерлік эпиляция;

14. Безеуді лазерлік емдеу;

15. Гиперпигментацияның лазерлік емдеуі;

16. Стрий, тыртықтар, постакнелердің лазерлік терапиясі;

17. Тамырлардың лазерлік терапиясы.

18. Лазер MCL31 Dermablate қызметтері - әжім, сүйел, папиллома, кератома, гемангиома, ксантелазма, лентиго, невустарды лазермен кетіру.

19. Фракциялық фототермолиз-жасарту

20. Фракциялық фототермолиз-тыртықтарды түзету, гиперпигментацияны емдеу

21. Блефаропластика.

 

КОСМЕТОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖАС КОНЦЕПТТЕРІ

Клиникада келесі жас концепттері үшін кешенді тәсіл қолданылады:

"Дені сау эстетика 15+". Безеудің диагностикасы және емдеуі, бетті тазалау, химиялық пилингтер: сырттық және орталық, PRP-аутоплазма енгізу, эрбиді лазерде постакне құбылыстарын лазерлік тегістеу, мезотерапия. Жетекші мамандар М.А. Жунусова, Г.О. Макурина

 

"Салауатты эстетика 25+". 25 жас - әйелдер мен ерлердің өміріндегі ең тұрақты жасы: жасөспірімдік кезеңдегі барлық проблемалар артта қалды, өсуі тоқтады, ал қартаю белгілері әлі шыға қоймаған. 25-27 жас ұрпақты тәрбиелеу үшін ең жақсы уақыт болып саналады, бұл кезде ағзаның бала туу мен тәрбиелеу қабілеті психологиялық жетілумен және балалардың тууы мен тәрбиесі үшін жауапкершілікті өзіне алу қабілеттілігімен сәтті үйлеседі. 25 жастан асқан қыздар мен жігіттер сексуалдықтың шыңында, сондықтан осы кезеңде сыртқы тартымдылықтың маңызы зор.

Барлық 100%-ға көрінуге ұмтылу үшін көптеген адамдар өз келбетімен түрлі эксперименттерді жасауға барады, қазіргі заманғы косметология мен пластикалық хирургияның мүмкіндіктерінің көмегімен өзінің сексуалдық қабілетін белсенді атап көрсетеді. Денені жетілдіруге ұмтыла отырып, ерлер мен қыздар фитнес және түрлі спортпен шұғылданады, солярийлер мен жағажайларда күнге күйеді.

Осындай қызықты және қаныққан өмірдің нәтижесінде 25+ жастағы жастарда белгілі бір эстетикалық мәселелер туындауы мүмкін:

  • гиперпигментация (күнге күю салдары);

  • гипергидроз (белсенді физикалық жүктемелерде);

  • терінің құрғауы, жұқаруы;

  • жергілікті майлы шөгінділер.

Клиникада "25+" концепті аясында жас өзгерістерінің алғашқы белгілерімен, акне және акне салдарларымен (постакне), аппараттық және инъекциялық косметология, тері күтімі бойынша дағдыларды қалыптастыру, интим пластикасы, пигментацияны түзету (пилингтер, сыртқы терапия) жүргізіледі. Жетекші мамандар М. А. Жунусова, Г.О. Макурина

 

"Салауатты эстетика 35+". Босанғаннан кейінгі қалпына келтіру, кергілерді, жергілікті майлы шөгінділерді жою, интим пластикасы, биоревитализация, ерін көлемі мен формаларын түзету. Жетекші мамандар М.А. Жунусова, Г.О. Макурина

 

"Салауатты эстетика 40+". Кешенді түзету: БТА (барлық бет), контурлы пластика (әжімдер), мимикалық әжімдер (гиалурон қышқылымен түзету, ревитализация), көлемді контурлы пластика, жылына бір рет пилинг, фракциялық лазер, ревитализация (жылына 2 рет). Жетекші мамандар М.А. Жунусова, Г.О. Макурина

 

"Салауатты эстетика 50+". Инъекциялық әдістемелер: биоревитализация, көлемдерді толтыру, БТА, ерін көлемі мен пішінін түзету, лазерлік вагиналды жасарту, дене терісінің көлемі мен сапасымен жұмыс істеуге арналған инъекциялық әдістемелер, тыртықтық өзгерістерді түзету (постакне, стрия, келойдтер), аппараттық әдістемелер – лазерлер (тамыр, теріні тегістеу). Жетекші мамандар М.А. Жунусова, Г.О. Макурина

 

"Салауатты эстетика 55+". Жіпті Аптос лифтингі, жоғарғы және төменгі қабақтардың блефаропластикасы, бетті терең лазерлік ажарлау, ультрадыбыстық лифтинг, липофилинг, репарация және пептидтер бар препараттармен жасушалық деңгейде жасарту, - радиожиілік лифтинг, мойындағы климактериялық бүкірді алып тастау (арқа аймағының аз инвазиялық липосакция), денедегі жаңа түзілімдерді алып тастау (папиллома, кератома). Жетекші мамандар М.А. Жунусова, Г.О. Макурина.

 

Барлық тағайындауларды аралас мамандар - гинеколог-эндокринолог, уролог-андролог, қажет болған жағдайда пластикалық хирургтың қатысуымен косметолог дәрігері жасайды.

 

Бөлімнің байланыс телефондары: +7 7172 70 79 43

Косметология 1Косметология 3

- Буындардың пассивті аппараттық дамуы (Kinetec Centura)

- Емдік гимнастика топтық - тыныс алу, омыртқа остеохондрозы бойынша, фитбол, буын, йога, пилатес

- Жеке емдік гимнастика - сынғаннан, жарақаттан кейін бұлшық ет пен буындарды дамыту

- Аппараттағы мойын гимнастикасы (MCU)

- Фитнес залда жаттығу - кардиотренажерлер, көпфункционалды жаттығу блогында, қол және аяққа арналған тренажерлер

- Виброплатформада, слинг-жүйеде жаттығу,

- Кинезиотейптеу

- Мануалды бұлшықет диагностикасы

Лечебная физкультура 1Лечебная физкультура 2Лечебная физкультура 3Лечебная физкультура 4

Су-жылумен емдеу бөлімшесі - "Unbeschеiden", Herrmann Apparatebau GmbH (Германия), 'EWAC Medical (Нидерланды), Harvia (Финляндия) секілді әлемнің жетекші өндірушілерінің заманауи жабдықтарымен пайдаланатын, денеге физикалық факторлармен әсер ететін көп салалы, көпфункционалды бөлімшесі.

Бөлімшеде емдеу емшараларының төмендегі түрлері ұсынылады:

1. Емдік ванналар: хош иісті, минералды (өлі теңіз тұзы), шөп, көмірқышқыл, інжу, пантамен сауықтандыру ванналары;

2. Емдік душтың келесі түрлері: Шарко, Виши, циркулярлы, аралық және суасты душ массажы;

3. Омыртқаны су астында созу;

4. Гидроколонотерапия (тоқ ішекті шлактардан тазарту);

5. Емдік бассейндегі гидрокинезотерапия;

6. "Өлі теңіз" және "Тұзкөл" көлінің балшығы бар балшықты аппликациялар және электрофорез (Алматы);

7. Фанго-парафинді аппликациялар(Германияда өндірілген);

8. Сауналар: инфрақызыл, фин және орыс моншасы;

9. Емдік шөптері қосылған самырсын бөшкелері;

10. Дермаджетикс капсуласындағы ароматерапия (АҚШ);

11. СПА процедуралары (шоколад, балдырлар, балшықпен орау; пилинг және денені скрабтау, сабын массажы, шөп қапшықтарымен массаж, стоунтерапия және т. б.);

12. Қызыл иекті көмірқышқыл газымен суландыру және қызыл иекті емдік балшықпен аппликациялау;

13. «Өлі теңіз» балшығы бар қынап тампондары;

14. Аяққа арналған құйынды ванналар;

15. Қолға және аяққа арналған камералық ванналардың төрт түрі;

16. Контрастты бассейні;

17. Массаж креслосы (Жапония).

Отделение водотеплолечения 1Отделение водотеплолечения 2Отделение водотеплолечения 3Отделение водотеплолечения 4Отделение водотеплолечения 5Отделение водотеплолечения 6Отделение водотеплолечения 7Отделение водотеплолечения 8

Физиотерапия - бұл ауыр жарақаттан кейінгі оңалту кезеңінің ажырамас бөлігі, сондай-ақ әртүрлі ағзалардың созылмалы ауруларында, электр тоқ, магниттік сәулелену, жылу, ауа, жарық және т. б. физикалық факторлардың көмегімен әртүрлі ауруларды емдеу әдістерінің жиынтығы.

Президенттің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында бекітілген контингентке, ақылы және шарттық негіздегі, стационарлық және амбулаторлық пациенттерге емшаралар өткізіледі.

Бөлімше таяу және алыс шетелде білім алған білікті медициналық қызметкерлермен жинақтастырылған.

 

 

Физиотерапия 1Рефлексотерапия - бұл арнайы медициналық акупунктурасы арқылы

ағзаның биологиялық белсенді нүктелеріне әсер ету арқылы емдеу және денсаулықты нығайту ғылымы, әрі өнері.

Сондай–ақ рефлексотерапия профилактика ретінде де өте қолайлы - релаксация және ағзаға өмірлік тонус пен белсенділікті береді.

Емшаралар:

Су Джок терапия - аяқтың табандары мен қолдың білезігінде орналасқан нүктелердің микросистемасына әсер ету үшін қолданылатын әдіс.

Емдік әсері - инелермен биологиялық белсенді нүктелерге әсер етеді, бұл ағзаның күшін жұмылдырады және оларды аурудан арылуға жұмсайды.


Физиотерапия 2Гирудотерапия - дәстүрлі емес медицина әдісі, натуропатия бағыттарының бірі, медициналық сүлікпен адамның түрлі ауруларын емдеу.

Емдік әсері - тірі сүліктердің әсерінің емдік қасиеті бірнеше факторларға байланысты:

  • дозаланған қан шығарумен (сүсүліктің салмағына және қою ұзақтығына байланысты әрбір сүлікке 5-15 мл-ге дейін қан);

  • сүлік сілекейінің биологиялық белсенді заттарының әсерімен;

  • ағзаның тістеуге жауап реакцияларының кешенімен, сүлік сілекейінің биологиялық белсенді заттарымен және кейінгі қан жоғалтумен.

 

Физиотерапия 3Мануалды терапия - бұл функционалдық блоктардан босату және адамның өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетін оңтайлы қозғалыс жағдайын жасау үшін сұйықтықтардың айналымын қалпына келтіру мақсатында анықталған шектеулерді жою үшін дененің анатомиялық құрылымдарына қолмен әсер ететін емдік тәсілдер кешені.

Физиотерапия бөлімінде жеке бағдарламалары қосылған Чехия, Германия, Бельгия өндірісінің жаңа аппараттарында электр жарығымен емдеудің барлық түрлері өткізіледі:

  • емдік диапазонның жарық толқындары (соллюкс, биоптрон, лазер, УФС);

  • төмен жиілік тұрақты тоқ (магнитотерапия, электрофорез, импульстік тоқтар);

  • ультражоғары жиіліктер (УЖЖ, АЖЖ, дарсонвализация));

  • Фангопарафинмен емдеу;

  • Ингаляциялық рәсімдер;

  • Ультрадыбыс;

  • Электросон ( трансцеребральды электростимуляция));

  • Массаждың түрлісі: классикалық емдік, механомассаж;

  • Инерефлексотерпия (Су-Джок);

  • Мануалды терапия;

  • Гирудотерапия.

Соққы-толқынды терапия - сүйек және дәнекер тіндерге энергияның әртүрлі деңгейдегі акустикалық импульстермен әсер ету әдісі.

Қысқа мерзімді әсер ету нәтижесінде ауырсыну синдромы кетеді, сүйек өсінділерінің, бұлшық еттердің тығыздалу ошақтарының және спазмдарының жұмсаруы мен бұзылуын тудырады, қабынуды жояды, қан айналымын жақсартады және бұлшық еттердің жұмыс қабілетін жақсартады.

Псаммотерапия бұл адамның денесі ұсақ, еленген және таза құмға батырылатын емшара.

Псаммотерапия адам ағзасына екі түрлі әсер етеді:

Жылулық

Құрғақ, біркелкі қыздырылған құм қатты тер бөлінуін тудыратын, қан айналымын, лимфотокты белсендететін, ағза тіндерінің ішіндегі алмасу үрдістерін тұрақтандыратын жылыту әсерін береді.

Механикалық

Әдетте, құм ұнтағы әрдайым дұрыс емес формада, оның бұрыштары айқын және өткір, осының арқасында құмның механикалық әсері терінің жүйке бітуіне әсер етеді, науқас босаңсынып, толық тыныштық сезімін сезінеді.

Лимфодренаж бұл арнайы манжеттер арқылы берілетін қысылған ауаның көмегімен адамның лимфа жүйесіне әсер ететін және жасушааралық кеңістіктен сұйықтық және алмасу өнімдерін шығаруды қарастыратын, лимфа айналымын жақсартатын аппарат.

Әдіс артықшылықтары:

  • әсер бірінші емшарадан кейін байқалады;

  • пациенттің арнайы даярлауын талап етпейді;

  • нәтижелер курс аяқталғаннан кейін ұзақ уақыт сақталады;

  • профилактикалық және емдік мақсатта қолданылады;

  • басқа косметологиялық емшаралармен (ораулармен, жылу әсерімен) біріктіруге болады;

  • қарсы көрсетілімдер болған кезде лимфодренаждың басқа түрлеріне қолдануға болады (электромиоынталандыру, электрофорез, қол массажы, ультрадыбыстың әсері).

Vacumed - бұл қантамыр ауруларымен күресуге көмектесетін вакуумдық терапияның инновациялық, жоғары технологиялық аппараты.

Vacumed аппаратының жұмыс істеу принципі

Vacumed аппаратының әрекет ету принципі абдоминальды аймақ пен аяқтарға теріс және қалыпты қысымды кезектестіруге негізделген.

Теріс қысымның арқасында капиллярлар кеңейтіледі, белсенді капиллярлар саны артады, сол себептен тіндердегі қан айналымы жақсарады. Нәтижесінде, тіндер оттегін көп қабылдайды және қоректі заттармен байытылады. Қалыпты қысымның әсері кезінде қан мен лимфа зат алмасуды белсендіре отырып, капиллярлар арқылы жылдам өтеді.

Жалпы магнитотерапия – біртекті төмен жиілікті циклді-айналмалы магнит өрісімен бір мезгілде адамның барлық ағзасына әсер етумен емдеу.

"АЛМА" аппаратында жалпы магнитотерапияның әсерімен спазмолитикалық, анальгездендіретін, қабынуға қарсы, иммунокоррекцияландыру әсерлер, магниттік өрістердің метаболизмге әсері байқалады. Магнитотерапия ақуыз, көмірсулар және алмасудың басқа түрлеріне әсер етеді, жасушалардың молекулалық деңгейде қоректенуін жақсартады.

ПУВА-терапия – жарықпен емдеудің ең тиімді түрлерінің бірі. Бұл әдіс теріге жұмсақ ультракүлгін сәуле мен псоралендердің аралас әсерін қамтиды (өсімдік тектес дәрілік заттар). Бұл ультракүлгін сәулелендіру денедегі бөртпелер мәселесін тез шешеді, нәтижесінде пациенттің жағдайы жақсарады.

Галотерапия – тұз үңгірлерінің қасиеттері мен шарттарына барынша жақын жасанды микроклиматты жасауға негізделген дәрі-дәрмексіз ем.

Емдік әсері

  • бронхиалды мазмұнның реологиялық қасиеттерін жақсарту;

  • тыныс алу жолдарының дренаждық функциясын күшейту;

  • өкпенің созылмалы ауруларымен ауыратын науқастардың гуморальды және жасушалық иммунитетін жасқсарту.

 

Физиотерапия 4Криотерапия (немесе суықпен емдеу) — бұл -110 — - -60 ºC (Цельсий градус) дейін салқындатылған газбен тері бетінің қысқа мерзімді байланысына негізделген емдік және жалпы сауықтыру емшарасы.

Әсерлері:

  • ауырсынуға қарсы;

  • қабынуға қарсы (криотерапияның бір курсы 3-4 жыл қарқынды шынықтырумен бірдей);

  • иммуностимулдаушы және иммуномодульдаушы (иммундық жүйені күшейту және қалпына келтіру);

  • ісінуге қарсы;

  • босаңсу (күйзелісті алудың тиімді тәсілі);

  • репаративті (жазылдыру).


Біздің байланысымыз: блок С2, 3 қабат, тел.: 8 (7172) 70 79 16, 70 80 42, 70 74 80