Орталықтандырылған стерилизациялық бөлімшесі

Орталықтандырылған стерилизациялық бөлімшесі ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Бөлімнің мақсаты: стерильдеуге жататын ММӨ өңдеуді шоғырландыру (стерильдеу алдындағы өңдеу мен стерильдеудің сенімді тәсілдерін қолдану, оларды бақылау).

 

Міндеттер:

  • аурухананы медициналық мақсаттағы стерильді бұйымдармен — хирургиялық құралдармен, шприцтермен, инелермен, катетерлермен, зондтармен, хирургиялық қолғаптармен, микропипеткалармен, таңу және тігу материалдарымен, киім-кешекпен және т.б. қамтамасыз ету;

  • стерильдеу алдындағы тазалау мен стерильдеудің заманауи әдістерін тәжірибеге енгізу.

 

Функциялары

1) бөлімшелерде пайдаланылған стерильдеуге дайындалған стерильденбеген бұйымдарды өңдеуге дейін қабылдау және сақтау;

2) стерильдеу алдындағы тазалау (жуу, кептіру);

3) бұйымдарды стерильдеу;

4) бұйымдарды стерильдеу алдындағы өңдеу, стерильдеу сапасын бақылау және тіркеу:

  • қан мен СБЗ-дан (сырттық белсенді заттар) бұйымдарды стерильдеу алдында өңдеу сапасын есепке алу нәтижелері;

  • стерилизаторлардың жұмысын бақылау нәтижелері;

  • стерильдікке зерттеу нәтижелері;

5) аурухана бөлімшелеріне стерильді бұйымдарды беру

 

Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Е 495 көшесі № 2, блок А1, 2 қабат.

Телефон: 8 (7172) 70-73-35. 70-80-63.