Ақпараттық технологиялар бөлімі

Ақпараттық технологиялар бөлімі ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім штаты 14 адамнан тұрады: бөлім бастығы, аға инженер-бағдарламашы 2 бірлік, Инженер-бағдарламашы 5 б., бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі инженер 5 б. және техник-бағдарламашы.

Бөлімнің мақсаты: аурухананы ақпараттандыру мақсатында ақпараттық кешендерді енгізу және қолдау.

Міндеттер:

  • аурухананы ақпараттандыру мақсатында бағдарламалық өнімді енгізу бойынша мониторинг;

  • ақпараттық кешен компоненттерін енгізуді ұйымдастыру;

  • аурухананың тапсырысы бойынша денсаулық сақтауды ақпараттандыру саласында бағдарламалық өнімді енгізу;

  • ақпараттық қамтамасыз етуді қолдау;

  • ақпараттық жүйенің компоненттері бойынша техникалық кеңес беру;

  • бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу үшін әдістемелік материалдарды дайындау.

Функциялары

Ғылыми-әдістемелік:

  • аурухананы кадрлық, техникалық әлеуетіне, бейініне және ерекшеліктеріне сәйкес ақпараттандыру тұжырымдамасын әзірлеу;

  • аурухананың тапсырыстары бойынша денсаулық сақтауды ақпараттандыру саласындағы жобалар бойынша техникалық құжаттаманы әзірлеу

Оқу-әдістемелік: қолданылатын ақпараттық жүйелер базасында күнделікті қызметте ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалану саласында қызметкерлерге кеңес беру және оқыту.

 

Ұйымдастырушылық-басқарушылық:

1. Төмендегі салалардағы жағдайды талдау негізінде перспективалық жоспарлауды (әкімшілікпен бірлесіп) жүзеге асыру:

  • ақпараттандыруды дамыту үшін бағдарламалық өнімдерді сатып алу;

  • ақпараттандыру саласындағы жобаларды енгізу;

  • емдеу үрдісінде ИТ құралдарын пайдаланудың басым бағыттарын енгізу

2. ИТ бағдарламалық құралдарын сатып алуға, ақпараттандыру құралдарымен жұмыс режимдеріне қойылатын техникалық талаптардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Ақпараттық-аналитикалық:

  • денсаулық сақтауды ақпараттандыру және басқару қызметінің жағдайын мониторингілеу және талдау;

  • Денсаулық сақтау қызметінде ИТ құралдарын дайындау және пайдалану мониторингі;

  • ХС ИСО 9001: 2008, JCI талаптарына сәйкес аурухананың сапа менеджменті жүйесін әзірлеуге, енгізуге, қолдауға және үнемі жақсартуға қатысу.