Дәріхана

Дәріхана Аурухананың дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге арналған аурухананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


Жуманова Гульсум ЕртаргыновнаЖұманова Гүлсім Ертарғынқызы – дәріхана меңгерушісі. Жоғары санатты "Провизор-ұйымдастырушы". МВА іскерлік әкімшілік магистрі. Жалпы медициналық өтілі – 21 жыл.

Білімі:

- Астана қ. Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, "Фармация" мамандығы бойынша;

- Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі.

Біліктілікті арттыру: "Ауруханаларға арналған малықаралық біріккен комиссияның (JCI) аккредиттеу стандарттары (МПМ Дәрі-дәрмектерді пайдалану менеджменті)" GROUP FLORENCE NIGHTINGALE HOSPITALS Стамбул қ., Түркия, "Тәуелсіз сараптама" «Астана медициналық университеті» АҚ Қазақстан.

Марапаттары: 2008 ж. ҚР ПІБ МО Құрмет грамотасы, 2010 ж. ҚР Президентінің Алғыс хаты, ҚР ПІБ МОА Құрмет грамотасы, 2015 ж.


Бөлімнің мақсаты: аурухананы дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету.

Міндеттер:

1) Аурухананың құрылымдық бөлімшелерін дайын дәрілік заттармен қамтамасыз ету;

2) бөлімшедегі медициналық жабдықтар мен аспаптарды неғұрлым ұтымды және тиімді пайдалану, олардың дұрыс пайдаланылуын, сақталуын және оларға тиісті техникалық күтім жасауды қамтамасыз ету;

3) JCI халықаралық стандарттарын енгізу.


Функциялары:

1) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қорын уақтылы толықтыру;

2) аурухананың құрылымдық бөлімшелерін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен уақтылы жабдықтау;

3) аурухана бөлімшелерінде дәрі-дәрмектер мен дәріхана ассортиментінің медициналық бұйымдарының дұрыс сақталуы мен жұмсалуын жүйелі бақылау.

 

Байланыс телефондары:

Дәріхана провизоры: +7 7172 70 80 76