Ақылы қызметтер мониторингі бөлімі

Ақылы қызметтер мониторингі бөлімі (бұдан әрі – бөлім) "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ауруханасы" РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім өз қызметін аурухананың құрылымдық бөлімшелерімен және басқа да заңды және жеке тұлғалармен өзара әрекеттестікте жүзеге асырады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) ақылы қызмет көрсететін Аурухана бөлімшелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және аурухананың ішкі нормативтік актілеріне сәйкес ақылы медициналық қызмет көрсету қызметін ұйымдастыру;

3) ақылы қызметтердің табыстылыған арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

4) басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін аурухана әкімшілігіне қажетті экономикалық ақпарат дайындау;

5) ақылы қызмет көрсететін аурухана бөлімшелерінің қызметіне экономикалық талдау жүргізу;

6) ауруханада ақылы қызметтерді тиімді ұйымдастыру, ақылы қызметтердің өзіндік құнын төмендету, ақылы қызметтердің табыстылығын арттыру, қаржылық қайтарым мен пайданы ұлғайту, шығындар мен ұтымсыз шығыстарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

 

Бөлімнің негізгі функциялары:

1) ақылы медициналық қызметтер бойынша шарттарды әзірлеу, жасасу және орындалуын бақылау;

2) ақылы қызметтердің калькуляциялары мен өзіндік құнының есептеулерін, сондай-ақ ақылы қызметтердің баға прейскурантын жасау;

3) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аурухананың ақылы медициналық қызметтерін сатып алушыларға кеңес беру;

4) аурухананың контрагенттеріне көрсетілген ақылы қызметтер бойынша төлем шоттарын және шот-фактураларды ұсыну;

5) аурухана басшылығына және уәкілетті органға ақылы қызмет көрсету кезінде кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау нәтижелері бойынша қажетті жинақтайтын материалдар мен анықтамаларды ұсыну;


Ақылы медициналық қызметтердің сапалық және сандық өсуін қамтамасыз ету үшін бөлім келесі іс-шараларды орындайды және жоспарлайды:

- арнайы бөлімше базасында ақылы VIP-бөлімше ұйымдастырылды

- медициналық қызмет көрсетуге жаңа ірі ұлттық компанияларды тарту бойынша сақтандыру компанияларымен жұмыс жүргізілуде.

- чек-ап бағдарламалары әзірленді;

 

Жалдыгараева Асель Бауыржанқызы.jpgБөлім бастығының Жалдыгараева Асель Бауыржанқызы

 

Біздің байланысымыз: Астана қаласы, Е 495 көшесі № 2, F блогы, 33 кабинет

Байланыс Телефоны: 8 (7172) 70-78-93, 70-79-92,

8 (7172) 70-79-93 – дәрігер-үйлестіруші