Маркетинг және жарнама бөлімі

Маркетинг және жарнама бөлімі "ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы" РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады

Маркетинг және жарнама бөлімінің негізгі міндеттері

  • Жарнамалық қызметті ұйымдастыру

  • Жарнамалық бағыт бойынша аурухана кәсіпорнының жұмысы

  • Жұртшылықпен байланысты қалыптастыру және қолдау бойынша іс-шараларды әзірлеу

  • Маркетингтің жарнамалық және сервистік стратегиясын қалыптастыру арқылы нарықтық мінез-құлықтың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу

  • Нарық пен бәсекелес қызметтерді талдау, баға мен сапа арақатынасын ескере отырып, кәсіпорынның медициналық қызметтерінің бағасын қалыптастыру

  • Маркетинг және жарнама қызметінде сапа менеджменті жүйесін енгізу және жұмыс істеп тұрған жағдайда қолдау

 

Маркетинг және жарнама бөлімінің негізгі функциялары

  • Өткізу нарығында жылжыту мақсатында аурухананың көрсетілетін қызметтерін жарнамалау бойынша жұмысты ұйымдастыру, аурухана қызметі сапасының артықшылықтары туралы халықты хабардар ету

  • Перспективалық бағыттарға негізделген жарнамалық стратегияны қалыптастыру

  • Аурухананың медициналық қызметтерін жүзеге асыру мақсатында өткізу нарығын және сұранысты зерттеу

  • Іскер серіктестермен байланысты ұйымдастыру, қажетті ақпаратты жинау жүйесі және сыртқы байланыстарды кеңейту

  • Көрсетілетін қызметтерге сұраныстың уәждемесін талдау

  • Пациенттердің қажеттіліктерін зерделеуді ұйымдастыру және жарнамалық науқандарды өткізу бағытын анықтау

  • Аурухананың жеке полиграфиялық өнімдерін шығару


Маркетинг және жарнама бөлімінің бастығы Исакина Ирина Ивановна