Инновациялық менеджмент бөлімі

Инновациялық менеджмент бөлімі "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК (бұдан әрі - Аурухана) құрылымдық бөлімшесі ретінде 2015 жылғы сәуірден бастап жұмыс істейді және 4 қызметкерден тұрады.

Бөлімнің негізгі мақсаты: ауруханада медициналық көмек көрсетуге арналған жаңа (инновациялық) және бірегей медициналық технологияларды трансферттеу мен енгізуге жәрдемдесу.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) Заманауи медициналық ғылым мен техниканың жетістіктерін ескере отырып, трансферт пен технологияларды аурухананың практикасына енгізуді әдістемелік және әдіснамалық сүйемелдеу.

2) Мамандандырылған, жоғары технологиялық (жоғары мамандандырылған) медициналық көмек пен бірегей технологиялар тізбесіне енгізуге өтінімдер қалыптастыру және беру үшін клиникалық тиімділікті, қауіпсіздікті және экономикалық орындылығын ескере отырып, дәлелді медицина қағидаттары негізінде медициналық технологияларды бағалауды және іріктеуді жүргізу.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бөлім келесі функцияларды орындайды:

1) трансферттің жаңа (инновациялық) және бірегей технологияларды енгізудің жоспарын қалыптастырады;

2) жаңа және бірегей технологиялардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енгізілген технологияларды енгізуге өтінімдерді айқындайды, қалыптастырады және береді;

3) ауруханада бар медициналық техника мен жабдықтарды ұтымды және тиімді пайдалану бойынша ұсыныстарды қалыптастырады;

4) ауруханада медициналық технологияларды енгізу және трансфертке мониторингті және талдауды жүзеге асырады;

5) Аурухананың медициналық технологиялары бойынша деректер базасын құруды және қолдауды қамтамасыз етеді;

6) трансферт және медициналық технологияларды енгізу мәселелері бойынша аурухана қызметкерлерін оқытуды жүргізеді.

Бөлім қызметкерлерінің әлеуеті:

Барлық қызметкерлердің жоғары медициналық білімі бар және денсаулық сақтау ұйымдары саласында қосымша білімі бар (3 қызметкер магистратураны аяқтады, 1 қызметкер қайта даярлаудан өтті) және экономика (1 қызметкер).

Бөлім қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдарында жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде медициналық технологияларды бағалау бойынша (МТБ) – 2 қызметкер, клиникалық-шығындық топтар бойынша (КШТ) 1 қызметкер және денсаулық сақтаудағы менеджмент бойынша 1 қызметкер.

Бөлімнің барлық қызметкерлері халықаралық фармакоэкономикалық зерттеулер қоғамының – ISPOR мүшесі болып табылады және 2 қызметкер 2012 жылдан бастап Халықаралық медициналық технологияларды бағалау ұйымында (МТБ) – HTA-i тұрады.

3 қызметкер ағылшын тілін еркін меңгерген.


Авдеев Андрей ВладиславовичАвдеев Андрей Владиславович – инновациялық менеджмент бөлімінің бастығы, медицина ғылымдарының магистрі, "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша 2-ші санат.

Медициналық технологияларды бағалау жөніндегі халықаралық қоғамның (HTAi) және халықаралық фармакоэкономикалық зерттеулер қоғамының (ISPOR) мүшесі болып табылады.