Пациенттерді қолдау және медициналық көмек сапасының ауруханаішілік аудиті қызметі

Пациенттерді қолдау және медициналық көмек сапасының ауруханаішілік аудиті қызметі (бұдан әрі – ПҚҚ және АА) ауруханада медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аурухананың дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

ПҚҚ және АА негізгі міндеттері:

1) медициналық көмектің сапасын басқару бойынша аурухананың қызметін үйлестіру;

2) пациенттің сұраулары мен үміттерін қанағаттандыруға бағыттану;

3) көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасына бағыттылығы;

4) пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызметтерді көрсетудегі ақауларды төмендету;

5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету тәртібін, пациент пен отбасы құқықтарын сақтау;

6) Қазақстан Республикасы заңнамасының, нормативтік-құқықтық актілердің және денсаулық сақтау саласындағы талаптарды сақтау;

7) әрбір қызметкердің медициналық көмектің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін үздіксіз арттыру үрдісіне қатысуын ынталандыру;

8) медициналық қызметтердің сапасы және пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы міндеттер мен проблемаларды шешуге жүйелі көзқарас.

Егер сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты проблемаларға тап болсаңыз, Пациенттерді қолдау және медициналық көмек сапасының ауруханаішілік аудиті қызметіне хабарласыңыз. Қызмет сарапшылары Сіздің өтінішіңізге жедел жауап береді және мәселені Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуге көмектеседі.

Сіз өзіңіздің жазбаша өтінішіңізді бірінші қабатта кіре берістегі және тіркеу орнында орналасқан "Шағымдар мен ұсыныстар" жәшігінде қалдыра аласыз.

Біз Сізге Ауруханада медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін сіздің өтініштеріңіз, пікірлер мен тілектеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.


ААҚ қызметкерлерінің құрамы:

Султанбекова Б.М.1. Сұлтанбекова Бибігүл Малғаждарқызы – қызмет меңгерушісі, PhD докторы, "Қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер;

2. Бекенова Бақыт Садыққызы – дәрігер-сарапшы, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, жоғары санатты дәрігер-нефролог;

3. Намаева Қарлыгаш Әбдімәлікқызы – дәрігер-сарапшы, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша бірінші санатты дәрігер;

4. Дорбабаев Алтай Ерғалиұлыдәрігер-сарапшы, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы.

5. Сайынов Мұратбек – дәрігер-сарапшы, жоғары санатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог, ҚР ДСМ-нің тәуелсіз аккредитацияланған медициналық сарапшысы, Стандарттау және клиникалық хаттамаларды әзірлеу комитетінің біріккен клиникалық комиссиясының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласындағы клиникаларда Бақылау кеңесінің мүшесі.


Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Е 495 көшесі № 2, F блок, каб.53.

Телефондар: 8(7172) 70-79-64, 70-79-69 (76-04, 76-08,76-09).

Осы электрондық мекен-жай бойынша Аурухана жұмысына қатысты өзіңіздің Шағымдар мен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз: Balpanova@bmc.mcudp.kz.