Тарихы, миссиясы, мүддесі

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы Қазақстан елордасының Алматы қаласынан Астанаға көшуіне байланысты 1997 жылы ашылды. Аурухананың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілер мен Қазақстан Республикасының алдындағы ерен еңбегі үшін тіркелген жеке азаматтарға мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету болып табылады. Медициналық қызметті ақылы негізде кез келген ниет білдіруші де ала алады.

Аурухана құрамында 18 емдік және диагностикалық бөлімшелер бар, олар заманауи үздік медициналық жабдықпен жарақталған. Бұдан басқа барлық дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер жұмысқа түскен кезде біліктілік талаптары бойынша қатаң іріктеуден өтеді. Аурухана штатында медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, жоғары және біліктілік санатты дәрігерлер бар. Барлық мамандар алыс және жақын шетелдердің жетекші клиникаларынан оқудан өтеді және біліктіліктерін жетілдіреді.

Жоғарыда тізбектелген сапалар заманауи халықаралық стандарттардың деңгейінде диагностикалық және емдік қызметтердің кең түрлерін жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Ауруханада 90%-дан астам операциялар эндоскопиялық технологиялар қолданылып, жасалады. Пайдаланылатын барлық дәрілік заттар Қазақстан Республикасында тіркелген. Диагностика алгоритмдері мен емдеу схемалары дәлелді медицина қағидаттарына негізделген.

Бүгіндері Аурухана медициналық қызметтің 1444 түрін көрсетеді, әлемге әйгілі фирмалардың емдік-диагностикалық және көмекші аппаратураларының 900-ден астам түрі жұмыс істейді. 2018 жылы келушілер саны 575 497 құрады.

2012 жылы «Кардиоваскулярлық метаболизмдік синдром» Бағдарламасы әзірленді.

Бұл Бағдарлама мемлекеттік қызметшілерде кардиоваскулярлық метаболизмдік синдромды қалыптастырудың негізгі патогенетикалық механизмдері мен эпидемиологиялық жағдайды бағалауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тіркелген контингент өмірінің саламатты кезеңін арттыру үшін пәнаралық профилактикалық бағдарламаларды әзірлеуге және енгізуге мүмкіндік жасайды.

Емхана дәрігерлері пациенттерді жүрек-қантамырлық асқынулардың жоғары қаупін анықтауға мүмкіндік беретін SCORE бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.

Емханада онкологиялық патологиямен пациенттерді дер кезінде емдеу және ерте анықтауға байланысты жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулер саласында Назарбаев Университеті және Биотехнология Ұлттық орталығымен

Сапалы медициналық қызметтерді ұсынуды жетілдіру жолдарының бір кезеңі медициналық туризм аясында емдік көмек көрсету үшін кең көкжиекті ашатын JCI халықаралық аккредитациясы болып табылады. Бірінші JCI сертификатын МОА 2016 жылдың 9 сәуірінен бастап 2019 жылдың 8 сәуіріне дейінгі мерзімге алды. Қайта аккредиттеу нәтижелері бойынша МОА JCI сертификатын 2019 жылдың 13 сәуірінен 2022 жылдың 12 сәуіріне дейін алды. Аккредиттелген медициналық ұйымдардың тізімін JCI сайтында табуға болады http://www.jointcommissioninternational.org/about/  

 

Миссия

Диагностиканың, емдеу мен оңалтудың жоғары технологиялық әдістерін қолданып, тиімді профилактика және медициналық көмек көрсету арқылы халық денсаулығын жоғары деңгейге жеткізу. 

 

Мүдде

Сапа мен госпитальдық менеджменттің ұлттық және халықаралық стандарттарына, ғылым, білім беру және инновация саласында лидер болуға негізделген медициналық көмек көрсетудің пациентке бағытталған жүйесімен бірегей көпбейінді клиника.