МОА Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясы

2015 жылғы мамырда ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы (бұдан әрі - Аурухана) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді.

Мұндай қызметті жүзеге асыру үшін «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 533 бұйрығы; «Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеу және (немесе) сынау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы N 744 Бұйрығы; «Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерді, медициналық-биологиялық эксперименттерді жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 697 Бұйрығы; сондай-ақ, «Тиісті клиникалық практика. Негізгі қағидалар» және «Тиісті зертханалық практика» ҚР мемлекеттік стандарттарына сәйкес Этика бойынша жергілікті комиссия құру қажет.

Осыған сәйкес, Аурухананың бас дәрігерінің бұйрығымен Этика мәселелері жөніндегі жергілікті комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылып, Комиссия туралы ереже және комиссия құрамы бекітілді («ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының Этика мәселелері жөніндегі жергілікті комиссия құру туралы» 2015 жылғы «25» тамыздағы №236 бұйрығы).

Этика мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің мақсаты биомедициналық зерттеулерге қатысатын адамның құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау болып табылады.

Комиссия құрамы мамандықаралық негізде құрылып, Аурухананың Бас дәрігерінің бұйрығымен бекітілді.

Комиссия құрамы төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және мүшелерден тұрады. Сондай-ақ, Комиссия өз құзыреті аясындағы мәселелер бойынша консультациялар немесе материалдарға сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы. 


БИОЭТИКА ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ

Бакенова Роза Агубаевна – медицина ғылымдарының докторы, доцент, жоғары санатты дәрігер-терапевт.

БАКЕНОВА РОЗА АГУБАЕВНА

Жұмыс тәжірибесі: еңбек жолын Қарағанды қаласында терапевт ретінде бастады. Өкпе аурулары, пульмонология, ЛОР патологиясы бойынша маманданған. 1988 жылдан бастап Қарағанды медициналық институты жанындағы клиникалық ординатурада оқығаннан кейін, ұзақ уақыт бойы Қарағанды мемлекеттік медицина институты/академиясы ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті, доценті, кейіннен «Астана Медицина Университеті» АҚ Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының профессоры қызметін атқарды. 1990 жылдан бері жоғары санатты дәрігер-терапевт.   Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің штаттан тыс бас пульмонологы болып жұмыс істеген. 1995 жылы созылмалы обструкциялы бронхиті бар емделушілерде липидтердің асқын тотығу және антиоксиданттық статусын зерттеу саласында медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2010 жылы өкпенің интерстицийлік ауруларын диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша докторлық диссертация қорғады. 2000 жылы Қазақстан Республикасы ЖАК шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.

Клиникалық және ғылыми қызметінің негізгі бағыты – респираторлық жүйенің патологиясы, оның ішінде өкпенің интерстицийлік және обструкциялы аурулары, пневмония, бронх демікпесі. Қазіргі уақытта ҚР ПІБ МОА бас терапевті, пульмонологы болып табылады, ҚР бойынша кеңес беру қызметін, дәрігерлердің біліктілігін арттыру бойынша ғылыми-білім беру жұмысын, сондай-ақ, диссертациялық жұмыстарды қорғау бойынша сараптамалық қызметті жалғастыруда.

Еуро-Азиялық Респираторлық қоғамының негізін қалаушылардың бірі, осы қоғамның бірінші Бас хатшысы, Еуро-Азиялық Респираторлық қоғам Президиумының, Орталық Азия пульмонологтары Ассоциациясының мүшесі, Еуропалық Респираторлық қоғамының GOLD-мүшесі, Еуропалық Респираторлық қоғамның өкпенің интерстицийлік аурулар бойынша жұмыс тобының мүшесі (ERS), Ресей респираторлық қоғамының және ресейлік ревматологтар қоғамының, Қазақстан Республикасы терапевтер қауымдастығының мүшесі.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2015 жылы – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, 2017 жылы - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.


БИОЭТИКА ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Курмангалиева Мадина Маратовна

Курмангалиева Мадина Маратовна - медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер. 1990 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) үздік бітіргеннен кейін, Қазақ көз аурулары ҒЗИ базасында клиникалық ординатурадан өтті.

Көз институтында, Қазақстанның бас офтальмологиялық орталығында 20 жыл бойы табысты жұмыс істеп, офтальмохирургтің клиникалық қызметін ғылыми зерттеумен ұштастыра отырып, алдымен кандидаттық, содан кейін «Глаукоманы хирургиялық емдеу жүйесін оңтайландырудың клиникалық-эксперименталдық негіздемесі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

100-ден астам ғылыми жұмыстардың, «Глаукоманы хирургиялық емдеу» монографиясының, глаукоманы және катарактаны хирургиялық емдеудің жаңа тәсілдерінің авторы. 1999 жылы Мәскеу қаласында С.Н. Федоровтың клиникасында катарактаны факоэмульсификациялау бойынша біліктілікті арттыру циклын өтті.  2007 жылы глаукома және катаракта бойынша Нью-Йорк көз және құлақ клиникасы базасында профессор Р. Ритчтің басшылығымен тағылымдамадан өтті. М.М. Қурмангалиева халықаралық конференциялар жұмысына бірнеше рет қатысып, Рефракциялық және катаракта хирургтарының Еуропалық қоғамында баяндама жасады. Қазіргі уақытта әртүрлі офтальмопатологияда ангиогенез тежегіштерін қолдануды зерттейтін Vision Academy - халықаралық қауымдастықтың жұмысына қатысады.

2011 жылдан 2015 жылға дейін Алматы қаласында ҚР Президенті Іс Басқармасының Орталық клиникалық ауруханасының Офтальмология бөлімшесін басқарды.

2015 жылдың сәуірінен бастап ҚР ПІБ МОА бас маман-офтальмолог болып табылады.

БИОЭТИКА ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ

Алия Муратовна Гизатуллина – қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (MPH).

Гизатуллина Алия Муратовна

Еңбек жолын Алматы қаласында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер ретінде бастаған. Сондай-ақ,      С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде магистратураны аяқтағаннан кейін,  қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау жүйесіндегі ұйымдар бойынша маманданған.

 

Университетті тәмамдағаннан кейін ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында медициналық технологияларды бағалау бөлімінде жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта ҚР ПІБ МОА Инновациялық менеджмент бөлімінің маманы болып табылады, ғылыми-білім беру жұмысын, сондай-ақ инновациялық технологияларды бағалау бойынша сараптамалық қызметті жалғастыруда.

Еңбекқорлығы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесіне қосқан үлесі үшін грамотасымен марапатталған.

 

Байланыс телефоны: +7 7172 70 78 80, ішкі. 7309

E-mail: Gizatullina@bmc.mcudprk.kz