Трансфузиология кабинеті бар операциялық блок

Операциялық блок аурухананың хирургиялық қызметінің "жүрегі" болып табылады. Ол 2 қабатта орналасқан және ең заманауи санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін 8 операциялық залдан тұрады. Операциялық бөлмелерге ауа шаңнан және аэрозоль бөлшектерінен тазартылған түрде беріледі, бұл ретте пайда болатын артық қысым көрші үй-жайлардан ауа ағындарының орын ауыстыруына кедергі жасайды. Пайдаланылған құралдар арнайы шлюздер арқылы стерильдеу алдындағы өңдеу үшін операциялық залдан "лас" аймаққа беріледі. 

Операциялық және операцияға дейінгі бөлмелер автоматты түрде ашылатын есіктермен жабдықталған, қабырғалар жасанды тастармен әрлендірілген панельдерден жасалған. Әрбір операциялық залда орталықтандырылған газ қоспаларын беру және эндоскопиялық жабдықты орналастыру үшін төбелік консольдер орнатылған, бұл пайдалы алаңды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Барлық операциялық бөлмелер жетекші шетелдік компаниялардың заманауи жоғары технологиялық жабдықтарымен жабдықталған. OR1 NEO ("Karl Storz", Германия) интеграцияланған операциялық кешендерінің болуы жұмыс орнын оңтайландыруға және жұмыс үрдісін жеңілдетуге, операциялық және одан тыс ішінде бейне және басқа да көздерден ақпаратты көрсетуге және құжаттауға мүмкіндік береді; телеконференциялар, телехирургиялар немесе телесеминарлар үшін шексіз мүмкіндіктер береді.

Біздің аурухананың мақтанышы – Siemens "Artis Zeego" ангиографиялық аппаратымен жабдықталған гибридті операциялық бөлмесі. Гибридті операциялық бөлме кардиохирургтардың, тамыр хирургтарының, рентгенохирургтардың бірлескен жұмысы талап етілетін жүрек-қантамыр жүйесінің аса күрделі ауруларынан зардап шегетін пациенттерді емдеуде жаңа мүмкіндіктерді ұсынады.

Кадрлық құрамы:

Ачилов Тимур Таирович- Ачилов Тимур Таирович, бөлім меңгерушісі

Бірінші біліктілік санатты дәрігер-хирург, дәрігер-травматолог-ортопед, комбустиолог. Басқару магистрі.

Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі 10 жыл.

Қызмет саласы: абдоминалдық хирургия, лапароскопия, колопроктология, іріңді хирургия; травматология: ірі буындарды эндопротездеу.

Білімі

2007 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген.

2007-2008 жж. Емдеу ісі мамандығы бойынша интернатура

2016 ж. "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" РМК Астана қ. травматолог-ортопед дәрігеріне қайта даярлау (комбустиолог), (ересектер, балалар)

2016-2017 жж. Магистратура, басқару менеджменті

Қосымша білімі:

- "Үйлескен зақымданулар хирургиясы" біліктілігін арттыру Санкт-Петербург қ. 2010 ж.

- "Колопроктологиядағы видеоэндоскопиялық операциялар" біліктілігін арттыру, Қарағанды қ., 2013ж

- "ГЭРБ және диафрагмалды жарықтарды хирургиялық емдеу" біліктілігін арттыру, Қарағанды қ. 2013ж

- "Құрсақ қуысы мен құрсақ арты кеңістігінің эндовидеохирургиясы" біліктілігін арттыру Санкт-Петербург 2013ж.

- "Инфекциялық бақылаудың өзекті мәселелері" біліктілігін арттыру, Алматы қ. 2013ж

- "Торлы импланттарды қолдану арқылы жарықтардың хирургиясы" біліктілігін арттыру, Астана қ. 2014 ж

- "Медициналық қызмет сапасын сараптаудың таңдаулы сұрақтары" біліктілігін арттыру, Қарағанды қ. 2016ж

- "Тізе және жамбас буындарын бастапқы эндопротездеу" біліктілігін арттыру, Краснодар қ. 2017ж

- "Ультрадыбыстық диагностиканың өзекті мәселелері", біліктілікті арттыру, Астана қ. 2018 ж

Жұмыс тәжірибесі:

2008-2015 жж. "№1 Қалалық аурухана" КМК хирургия бөлімшесінің дәрігер-ординаторы, Қарағанды қ.

2015-2017 жж. ҚР ПІБ МОА ЕДО хирургия бөлімінің меңгерушісі, Астана қ.

2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Астана қ. ҚР ПІБ БМА Трансфузиология кабинетімен операциялық блок меңгерушісі


- Мангельдиева Эльмира Нагимовна, жоғары санатты дәрігер-перфузиолог, еңбек өтілі –13 жыл

- Меңдібаева Дана Бауыржанқызы, дәрігер-перфузиолог; өтілі-5 жыл

- Шакабаева Гүлмира Сапарбекқызы, аға мейірбике, жоғары санатты операциялық бике; еңбек өтілі – 22 жыл.

- Бөлімшеде 24 мейірбике және 16 санитар жұмыс істейді.


Трансфузиология кабинеті

Трансфузиология кабинеті қан компоненттерімен тиімді және қауіпсіз емдеуді қамтамасыз ету үшін қан компоненттерін және оның препараттарын уақтылы жеткізуді, сақтауды және беруді жүзеге асырады.

Трансфузиология кабинеті келесі қызметтерді ұсынады:

- қанның топтық және резус тиістілігін анықтау;

- Кумбстың тікелей сынағында антиэритроциттік антиденелер скринингі;

- АВО жүйесі және резус факторы бойынша үйлесімділікке сынама жүргізу;

- Кумбстың тікелей емес тестіндегі антиэритроцитарлы антиденелердің титрін анықтау;

- антиэритроциттік антиденелер скринингі;

- қан компоненттерінің және оның препараттарының гемотрансфузиясы;

- Fresenius C. A. T. S аппаратындағы қанның аппаратты реинфузиясы

Қанның топтық және резус тиістілігін анықтау, антиэритроциттік антиденелер скринингі және қан құю алдында үйлесімділікке сынама жүргізу үшін гельді серология - заманауи әдістеме қолданылады. Барлық тестілер гельмен толтырылған микробиркалары бар пластикалық диагностикалық карточкаларда жүргізіледі. Гель бөлшектерінің мөлшері, моноклоналды немесе поликлоналды антиденелерді арнайы таңдау әдісінің жоғары сезімталдығы мен ерекшелігін қамтамасыз етеді, бұл қан компоненттері мен препараттарын құю кезінде асқынуларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Күрделі хирургиялық операцияларды жүргізу эритроциттердің интраоперациялық аппаратты реинфузиясын - қан жоғалту кезінде пациенттің жоғалған қанын өз эритроциттерін қайтарудың қазіргі заманғы, тиімділігі жоғары және қауіпсіз әдісін пайдаланумен қамтамасыз етіледі.

Трансфузиология кабинетінің дәрігерлері:

Кузыбаева Закира Сеитдоматовна – аға дәрігер, жұмыс өтілі-8 жыл, kz.asia@mail.ru

Айтымов Серік Дәулетұлы, дәрігер-трансфузиолог, өтілі – 7 жыл, Kypshak_84@mail.ru

Аманов Ардақ Хамитұлы, трансфузиолог-дәрігер, өтілі – 7 жыл a_ardak77@mail.ru

Утюбаев Арман Серикбайұлы, дәрігер-трансфузиолог, өтілі-5 жыл, utyubaev1976@mail.ru

Трансфузиология кабинеті заманауи жабдықтармен жабдықталған:

- "Bio rad" микротиптеуші гельді серология жүйесі;

- "DiaMed ID" иммуногематологиялық зерттеулерге арналған аппарат;

- Қан мен оның препараттарын сақтауға арналған «Angelantoni» мұздатқыш камералары;

- арнайы мұздатқыш камералар "Angelantoni»;

- "Helmer" плазмаеріткіштері»;

- "Barkey plasmaTherm" қан қыздыруға арналған аппарат»;

- реинфузии үшін аппарат C. A. T. S.


Операционный блок с кабинетом трансфузиологии (7)

Операционный блок с кабинетом трансфузиологии (6)

Операционный блок с кабинетом трансфузиологии (5)

Операционный блок с кабинетом трансфузиологии (4)

Операционный блок с кабинетом трансфузиологии (3)

Операционный блок с кабинетом трансфузиологии (2)

Операционный блок с кабинетом трансфузиологии (1)