Қабылдау бөлімшесі

"ҚР ПІБ МО ауруханасы" РМК қабылдау бөлімшесі негізгі емдеу корпусының
3 блогының 1 қабатында орналасқан және 10 емдеу бөлімшесіне қызмет көрсетеді. Бөлімшеде тіркеу орны, емшара кабинеті, қарау кабинеті, таңу бөлмесі, қарқынды терапия палатасы, 5 дәрігер қабылдау кабинеті бар, сондай-ақ жұқпалы ауруларға күдікті науқасты оқшаулау үшін бокс қарастырылған. Қалған үй-жайлар – қосалқы.

 

Стационардағы қабылдау бөлімшесі алғашқы диагноз қоюда, жағдайдың ауырлық дәрежесін анықтауда және науқасты емдеуге жатқызу қажеттілігін шешуде маңызды рөл атқарады. Стационарға жатқызу үшін көрсетілімдері білікті, мамандандырылған медициналық көмек көрсету және тәулік бойы медициналық бақылаумен жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету қажеттілігі болып табылады. Қысқа уақыт ішінде дәрігер симптомдарын бағалап, науқасқа тексеру жүргізіп, диагнозды тез анықтау үшін ең аз диагностикалық емшараларды тағайындауы тиіс. Қысқа мерзімде сауығуға әкелетін дұрыс диагноз және тиімді емдеу – бұл талаптарды қазіргі уақытта тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, сонымен қатар пациенттердің өздері де қояды.

Аурухананың қабылдау бөлімшесінің негізгі міндеттері:

- амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жолдамалары бойынша емдеуге жатқызылған науқастарды стационарлық емдеуге қабылдау (жоспарлы емдеуге жатқызу);

- шұғыл көрсеткіштер бойынша емдеуге жатқызылған науқастарға, сондай-ақ кейіннен емдеуге жатқызусыз амбулаториялық науқастарға уақытылы және білікті медициналық көмек көрсету,

- ТМККК шеңберінде және шаруашылық есеп бойынша мамандандырылған көмек пен жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін ҚР өңірлерінен пациенттерді жайлы және жедел жоспарлы емдеуге жатқызуды қамтамасыз ету.

Бөлімшеде штаттық кестеге сәйкес – 24,25 ставка дәрігерлік персонал (оның ішінде 20 дәрігер - кезекші), орта персонал - 12,25 ставка, кіші персонал – 10,0 ставка. Барлығы – 46,5 лауазымдық штаттық бірлік.

 

Санаттылығы:

Дәрігерлер:

  • Жоғары-77%

  • Бірінші - 12%

  • Сертификат-11%

  • Жалпы санаттылығы-89%

Орта медперсонал:

  • Жоғары - 20%

  • Бірінші - 20%

  • Екінші - 60%

  • Жалпы санаттылығы-100%

Бөлімшенің жабдықталуы: ЭКГ, дефибриллятор, перфузор, ингаляцияға арналған аппарат - небулайзер, бақылау мониторлары, ИТП есебінен төсектер, таразылар, бой өлшегіштер, тонометрлер, глюкометр, алкотестер. Жүрек-өкпе реанимациясы, шұғыл көмек көрсету үшін төсем, АҚИ (аса қауіпті инфекция) жағдайында жұмыс істеуге арналған төсем бар. Пациенттерге шұғыл көмек көрсету үшін - бір рет қолданылатын шприцтер мен системалар жиынтығы, стерильді аспаптар, ерітінділер, дәрі-дәрмектер.

Даму перспективалары: ТМККК шеңберінде және шаруашылық есеп бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметтер мен мамандандырылған нейрохирургиялық көмек алу үшін ҚР өңірлерінен пациенттерді жайлы және жедел жоспарлы емдеуге жатқызуды қамтамасыз ету. Медициналық көмекті тиімді көрсету және қысқа мерзімде шұғыл науқастарды уақтылы емдеуге жатқызу.

JCI стандарттарына сәйкес медициналық құжаттаманы жүргізуді өзіндік бақылауды арттыру.

Қабылдау бөлімшесі қызметкерлерінің шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша дағдыларын үздіксіз арттыру.

АІИ алдын алу бойынша мониторингті жақсарту.

Дәрігерлердің ӨЖЗЖК, ЕБК конференцияларға, белсенді қатысуы.