Рентгенохирургия бөлімшесі

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының рентгенохирургия бөлімшесі 2015 жылдың маусым айында ашылып, өз қызметін бастады.

Рентгенохирургия бөлімшесінде тамырларды рентгенэндоваскулалық зерттеу және іс жүзінде барлық тамырлы бассейндерде аз инвазивті операциялар жүргізіледі. Рентгенохирургиялық операциялық бөлме заманауи техникамен жабдықталған. Бұл "Simens Artis Zee" бірегей цифрлық ангиографиялық қондырғысы, ол адам ағзасының барлық тамырларында операцияларды орындауға, нақты уақыт режимінде кез келген органды зерттеуге және онда хирургиялық араласудың белгілі бір түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия аумағында аналогтары жоқ "Simens Artis Zee Go" гибридті хирургиялық және эндоваскулярлы араласуларды орындауға арналған бірегей цифрлық ангиографиялық қондырғы.

Осы жабдықтың және біздің бөлімшенің жоғары дәрежелі мамандарының арқасында пациенттерге операциядан кейін тез қалпына келтіруге және өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін бірегей аз жарақаттық операциялардың кең спектрі орындалуы мүмкін.

Рентгенохирургиялық емдеу әдістерін пайдалану операциялық жарақатты азайтуға, наркозды болдырмауға және пациенттің реанимациялық бөлімшеде ұзақ болуына жол бермеуге, пациенттің сауығу жолын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Осының бәрі осы емдеу әдістерін – 21 ғасырдың медицинасы, скальпельсіз хирургия деп атауға мүмкіндік береді! Әр түрлі бейінді бөлімшелердің рентгенохирургиямен тығыз ынтымақтастығы біздің бөлімшенің айрықша ерекшелігі болып табылады. Рентгенохирургтардың бейінді бөлімшелердің мамандарымен бірлескен жұмысы еуропалық сапа стандарттарына жауап беретін емдеудің ең заманауи әдістерін практикада қолдануға мүмкіндік береді.

Бөлімшеде рентгеноэндоваскулалық хирургия әдістерімен жүрекке және тамырларға диагностикалық және емдік араласу жүргізіледі.

Біз өз жұмысымызда соңғы әлемдік әзірлемелер мен үрдістерді ескере отырып, заманауи білімді қолданамыз және соңғы буындағы дәрі-дәрмекпен қапталған стенттерді қоса алғанда, алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілердің жаңа жоғары сапалы құралдары мен материалдарын пайдаланамыз.

Бөлімше ашылған сәттен бастап рентгенохирургиялық операция бөлімінде диагностикалық және емдік араласудың келесі түрлері орындалады:

1. Диагностикалық коронаровентрикулография (550 емшара орындалды)

2. Коронарлық артериялар мен шунттарды стенттеу (245 емшара орындалды)

3. Коронарлық артериялардың созылмалы окклюзиясын реканализациялау (50 емшара орындалды)

4. Бас және мойын тамырларының ангиографиясы (10 емшара орындалды)

5. Қолқа доғасының тармақтарын стенттеу, ішкі ұйқы артериясының бекітілмеген бөлімдерін қоса (10 емшара орындалды)

6. Кеуде және іш бөліктерінің аортографиясы (10 емшара орындалды)

7. Қолқаның кеуде және іш бөліктерінің аневризмін эндопротездеу (10 емшара орындалды)

8. Әртүрлі тамырлы бассейндердің ангиографиясы (7 емшара орындалды)

9. Қолқаның құрсақ бөлімінің бұтақтарын стенттеу (20 емшара орындалды)

10. Аяқ артерияларын стенттеу (15 емшара орындалды)

11. Күрделі ишемиясы бар науқастарда сирақ артерияларын стенттеу (10 емшара орындалды)

12. Дәрі-дәрмекпен емдеуге келмейтін тұрақты артериялық гипертензиясы бар науқастарда бүйрек артерияларын эндоваскулярлы радиожиілік денервациялау (5 емшара орындалды)

13. Тұрақты және уақытша кава-сүзгілерді имплантациялау (рәсім көрсетілімдер бойынша орындалады)

14. Өт жолдарын жасанды трансбауырлы сыртқы дренаждау (3 емшара орындалды)

15. Жүрекше аралық қалқаның ақауын эндоваскулярлы (терііші) жабу (қажет болған жағдайда мастер-класстар өткізу жоспарлануда)

16. Жатыр миомасы бар науқастарда жатыр артерияларын эмболизациялау (20 емшара орындалды)

17. Аденомасы бар науқастардағы қуықасты безі тамырларының эмболизациясы (2017 жылы технологияны енгізу жоспарлануда)

Жалпы Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының рентгенохирургия бөлімшесінің мамандары жылына 1000-ға дейін аз инвазивті заманауи рентгенэндоваскулалы емшараларды орындауды жоспарлап отыр.

Гибридті операциялық жүйеде төмендегі әрекеттер орындалады

Гибридті операциялар (клапандарды бірмезгілдік протездеу және коронарлық артерияларды стенттеу, қолқаның кеуде және құрсақ бөліміне стент-графттарды имплантациялау, брахицефальды бұтақтардың транспозициясы бар қолқаның доғасын эндопротездеу).

Жиі коронарлық артерияларды стенттеу, аортокоронарлық және маммарокоронарлық шунттау, жіті миокард инфарктісі бар емделушілерде араласу жүргізіледі. Неврологтармен бірге ішкі ұйқы артериясын қоса алғанда, брахиоцефалдық тамырлардың экстракраниальды бөлімдерін стенттеуді орындау көрсеткіштері анықталады.

Аяқтың ауыр ишемиясы, ауыр қант диабеті кезіндегі трофикалық өзгерістері бар науқастарға эндоваскулалық араласулар белсенді жүргізіледі. Жыбырлақ аритмиясы бар емделушілерде сол жүрекшенің құлағын жабу сияқты қазіргі заманғы рентгенохирургиялық араласулар орындалатын болады, артериялық гипертензиясы бар емделушілерде бүйрек артерияларының радиожиілік денервациясы орындалады. Қолқаның кеуде және құрсақ бөліктерінің аневризмалары кезінде эндопротездеу, түрлі үлгідегі кардиостимуляторларды, кардиовертерлер-дефибриляторларды имплантациялау, жүректің өткізгіш жолдарын радиожиілік термодеструкциялау жүргізіледі.

Дәрігерлік персонал

Мусаев ССБөлім меңгерушісі Мусаев Сергей Сальверович – жоғары санатты дәрігер


Землянский АВДәрігер-рентгенохирург Землянский Александр Викторович. 


рентгенхирургия