Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесі

Бөлімше халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықталған. Төрт блоктан тұрады:

1.   Жалпы реанимация блогы,

2.   Кардиологиялық блок,

3.   Ояту палатасы,

4.   Жедел зертхана


оарит (1).jpeg1. Жалпы реанимация блогы 7 төсекке арналған 3 палатадан және жеке кіреберісі бар бір орындық палатадан тұрады.

2. Кардиологиялық блок 5 төсекке арналған 2 палатадан, пациенттердің ерекше санаты үшін бір орындық палатадан және реанимациялық залдан тұрады, онда кез келген сәтте кіші операциялық бөлме өрістетілуі мүмкін.

Әрбір төсек газ берудің жеке автономды консолімен, электр қуатымен, General Electric фирмасының кереует мониторымен жабдықталған. Әрбір төсекке "General Electric" фирмасының инвазивті және инвазивті емес ӨЖЖ өткізу үшін өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ) беріледі. Әрбір консольдің құрамында вакуум-аспираторы бар. ОАРИТ палатасында УДЗ аппараттары, бронхоскоп, қиын интубация жиынтығы және электримпеданстық томограф бар.

Әрбір палатада пациенттерді тәулік бойы үздіксіз бақылау үшін жабдықталған мейірбике бекеті бар. Сондай-ақ барлық төсек мониторлар бөлімше дәлізінде жалпы панельге шығарылған.

Палаталардың ерекшелігі әрбір пациенттің жеке-жеке барынша жайлылығын ғана емес, сонымен қатар инфекцияның таралу ықтималдығын азайтатын ауаны тазартудың ерекше жүйесінде қамтамасыз ететін ерекше желдету жүйесі болып табылады. 

оарит (2).jpeg3. Ояту палатасы: бір күндік хирургия концепциясын іске асыратын палата. Біздің клиникамыздың көптеген пациенттері емдеуге жатқызу күні хирургиялық көмек алады. Бұл пациенттің медициналық ұйымда болу уақытын азайтуға, пациенттің емдеу процесіне психоэмоционалдық шығындарын азайтуға, қызметкерлер мен жабдықтардың жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Палатаның ойы операциядан кейінгі ерте кезеңде (2-3 сағат ішінде) пациентті бақылаудан және одан әрі бейінді бөлімшеге ауыстыру болып табылады.

Палата 13 төсек-орынға арналған, олардың әрқайсысы ИВЛ аппаратымен, кереует жанындағы монитормен, газ берудің автономды консолімен, пациентті жылытуға арналған құралмен жабдықталған. 

оарит (3).jpeg4. Экспресс зертхана: блоктың міндеті жедел түрде зерттеу жүргізе отырып, емдеу үрдісінің барлық кезеңдерін тәулік бойы зертханалық диагностикалық қолдауды қамтамасыз ету, хирургиялық араласу кезінде экспресс-талдаулар жүргізу, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқан науқастарды емдеу болып табылады.

оарит (4).jpegДәрігерлер командасы әлемнің үздік медициналық орталықтарында оқудан өткен барлық қажетті білім мен дағдыларды меңгерген, бірінші және жоғары санатты жоғары білікті анестезиолог-реаниматологтардан тұрады. Мейірбикелік персонал құрамында үлкен жұмыс тәжірибесі бар, бірінші және жоғары санатты мейірбикелер бар. 

Анестезиологиялық қызмет:

оарит (5).jpegХирургиялық операциялардың барлық түрлерінде, кез келген күрделілік пен ұзақтықта қажетті анестезиологиялық жәрдемнің барлық түрлері жүргізіледі. Анестезиологиялық қызмет барлық қажетті жабдықтармен (гемодинамиканың инвазивті және инвазивті емес мониторингі, энтропия, церебральды оксиметрия, нейробұлшықеттік мониторинг, газ талдағыштары) толық жабдықталған. Бір күн хирургиясында және эндоскопиялық процедураларда амбулаториялық анестезия қызметі ұйымдастырылған. Эндоскопиялық емшаралардың 90%-ы (ЭФГДС, колоноскопия, РХПГ және т.б.) көктамырішілік анестезия немесе седация астында жүргізіледі, бұл пациенттер үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

ОАРИТ: видеогастродуоденоскопия, колоноскопия және т.б. сияқты эндоскопиялық зерттеулер жүргізу үшін орташа және терең седацияны қамтамасыз етеді.

КТ, эпилепсия, клаустрофобия және толық сканерлеу жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа да аурулар кезінде МРТ-зерттеулерде анестезиологиялық сүйемелдеуді жүргізеді.

Біз Сіздерді көруге қуаныштымыз және қызмет көрсету сапасына риза болуыңыз үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз!

Байланыс телефондар:

Бөлімшенің тіркеу орны: +7 7172 70 75 34

                                           +7 7172 70 75 40


Бөлім меңгерушісі Бабашев Бауыржан Бахтыбекұлы, жоғары санатты дәрігер