2 терапиялық бөлімше

Терапия, кардиология, ревматология

№ 2 терапиялық бөлімше келесі терапиялық бағыттар бойынша пациенттерге көмек көрсетеді: кардиология және ревматология.

Бөлімшені "Кардиология" мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер - Князова Гүлбану Жақсыбайқызы басқарады. Бөлімшеде ревматология бойынша жоғары санатты 1 дәрігер, терапия бойынша жоғары санатты 1 дәрігер және Литва мен Германияда клиникалық тағылымдамадан өткен кардиология бойынша екінші санатты 2 дәрігер жұмыс істейді. Бөлімшенің консультанты ҚР ПІБ МОА бас кардиологы, медицина ғылымдарының докторы, кардиология бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер Жолдасбекова Әлия Өтепбайқызы болып табылады.

Коронарлық тамырлардың зақымдану дәрежесін анықтау және пациенттерге емдеудің барабар тактикасын таңдау үшін кардиобағдарлама бойынша тексеру жүргізіледі (Холтер бойынша ЭКГ мониторлау; АҚ тәуліктік мониторлау; "General Elektric" сараптамалық классының VIViD – E9 аппаратындағы Эхокардиография, жүктеме сынамасы: Тредмил тест). Коронароангиография интервенциялық кардиология бөлімінде сәуле артериясы арқылы қол жеткізе отырып жүргізіледі. Коронарлық қан тамырларының зақымдануы анықталған жағдайда, пациентті құрамында кардиохирург, кардиолог және интервенциялық кардиолог бар "Heart-team" тобы қарайды және миокард реваскуляризация әдісін таңдау туралы мәселе шешіледі (стенттеу, АКШ, оңтайлы дәрі-дәрмектік терапия).

Сонымен қатар, бөлімшеде гипотензиялық терапияны дұрыс таңдау жүргізіледі, ал резистентті артериялық гипертониясы бар пациенттерде вазореналды (атеросклероздық) гипертонияны алып тастағаннан кейін бүйрек тамырларының тиімді деннервациясы жүргізіледі. Сондай-ақ, базистік терапияны таңдау арқылы ревматологиялық пациенттерді кешенді диагностикалау және тексеру жүргізіледі. Пациенттер жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету және кардиология бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді алу үшін ТМККК шеңберінде емдеуге жатқызу порталы арқылы, сондай-ақ ақылы негізде емдеуге жатқызылуы мүмкін.

Сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жабдықтар мен жағдайлар бар: бір-, екі орынды палаталар, медициналық персоналды шақыру батырмаларымен, оттегін беру консольдерімен, функционалдық кереуеттермен жабдықталған.


Князова Гулбану Жақсыбайқызы

ҚР ПІБ МОА № 2 терапиялық бөлімше меңгерушісі.

«Кардиология (ересек)» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер.

20-дан астам ғылыми публикацияның авторы.

Мамандық бойынша еңбек өтілі - 1993 жылдан бастап (23 жыл).

« Казақстан Республикасы денсаулык сақтау ісінін үздігі» төс белгісімен марапатталған..

«Ақ Жүрек» Қазақстандық кардиология қауымдастығының (2014 ж.) ескерткіш белгі және диплом беруімен «Қазақстанның Үздік Кардиологы» конкурсының жеңімпазы.

ҚР ПІБ МО ұйымындағы қызметінің басталуы - 2013 жылдан бастап.

Бөлімшенің байланыс телефоны: + 7 7172 70 80 30