4 Хирургиялық бөлімше

Уропроктология

23 төсекке арналған бөлімше 2015 жылы ашылды, 4 қабатта А1 блогында орналасқан. Бөлімшеде барлығы 13 палата бар: оның ішінде 3 палата - бір орындық, 10 палата-екі орындық. Палаталардың ауданы 23 м2-ден 30 м2-ге дейін. Бөлімше үй-жайларын жоспарға сәйкес орналастыру және келесі бөлмелерден тұрады: пациенттерге арналған палаталар, бөлімше меңгерушісінің кабинеті, аға мейірбике кабинеті, шаруашылық бикесі кабинеті, ординаторлық, емшара кабинеті, урофлометрия кабинеті, таңу кабинеті, цистоскопиялық кабинет, дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған бөлме, пайдаланылған киім-кешек пен медқалдықтарды сақтауға арналған бөлме, ПУИ, ыдыстарды жууға және дезинфекциялауға арналған үй-жай, буфет. Бөлімше келесі жабдықтармен жабдықталған: ультрадыбыстық аппарат, "Karl Storz" фирмасының DUOLITH SD аппараты, цистоскопиялық зерттеулерге арналған "Karl Storz" фирмасының видеоэндоскопиялық тіреуі, таңу құралдарының жиынтығы, урофлоуметрияға арналған аппарат, қажетті проктологиялық жабдықтар жиынтығы.

Бөлімшеде урология және проктология бейіні бойынша хирургиялық көмектің толық көлемі көрсетіледі.

Медициналық қызмет көрсетудің артықшылықтары білікті кадрлардың және заманауи медициналық жабдықтардың болуына байланысты. Кадрлық құрам келесі қызметкерлермен ұсынылады:

- бөлім меңгерушісі Енсебаев Ерлан Жәлелұлы, тәжірибелік жұмыс өтілі 30 жыл – м.ғ.д., профессор, жоғары санатты дәрігер-уролог;

- аға ординатор Павел Иванович Шолох, тәжірибелік жұмыс өтілі 22 жыл, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер-уролог;

- ординатор Байғаскинов Жақсыбай Қабиұлы, тәжірибелік жұмыс өтілі 15 жыл, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер-уролог;

- ординатор Абдрахманова Айгүл Аманқұлқызы, тәжірибелік жұмыс өтілі 20 жыл, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер-уролог;

- проктология аға ординаторы Борсова Фатима Заурбиевна, тәжірибелік жұмыс өтілі 20 жыл, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер-проктолог;

- ординатор Омарқұлов Айдын Рахмангалиұлы, тәжірибелік жұмыс өтілі 20 жыл, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер.


Бөлімше қажетті жабдықтармен жарақталған:

хо4 1

хо4 2

хо4 3

хо4 4