2 Хирургиялық бөлімше

2 хирургиялық бөлімше

(жалпы хирургия және гинекология)

Хирургия стационары заманауи медициналық техникамен жабдықталған, соның арқасында құрсақ қуысы және кеуде органдарына, кіші жамбас және құрсақ маңына заманауи кішіинвазивті лапароскопиялық технология қолданумен барлық хирургиялық ота жасау көлемі орындалады.

«Жалпы хирургия» профилі бойынша кеуде және құрсақ қуысы органдар ауруларымен ауыратын пациенттердің шұғыл және жоспар бойынша емделуі жүргізіледі. 90% астам жедел хирургиялық кірісуі эндоскопиялық хирургияның жарақаттануы аз келетін тәсілдерді қолданумен өтеді.

«Гинекология» профилі бойынша эктопиялық жүктілік, жатырдың қабынған іріңді ауруларын, бедеуліктің әртүрін, ішкіжатыр патологиясын (полип, гиперплазия, синехия), кіші дәретті ұстамау, әйел жыныс органдарының өз орнынан қозғалып, түсіп кетуі, жатыр эндометриозы, жамбас қуысы, жатырдың қатерсіз өскіндері (миома) және әйел жыныстық органдарының туа біткен ақауларын жоспарлы және шұғыл түрде емдеу жүреді. Оталар дәстүрлі әрі лапароскопиялық жолмен жасалады.

Габбасов Ерғали Мухтарұлы

бөлім меңгерушісі

«Жалпы хирургия» және «Абдоминалдық хирургия» мамандықтары бойынша жоғары дәреже

1990 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын оқып, бітірген.

«Кеуде және құрсақ қуысы органдарының хирургиясы», «Асқазан және ішек-қарын жолының хирургиясы», «Лапароскопиялық хирургия», «Эндовидеоскопиялық хирургия», «Абдоминалдық және торакальдық хирургияға эндовидеохирургиялық араласу» циклдары бойынша алыс және жақын шетелдің жетекші медициналық орталықтарында білім алған.


Башарова Гүлбарам Есенбекқызы

бөлімшенің аға дәрігері

"Акушерлік және гинекология" мамандығы бойынша жоғарғы санат

Медицина ғылымдарының кандидаты

1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген.

"Акушерлік және гинекологияның өзекті мәселелері", "Гинекологиядағы қан тамырлары хирургиясы","Эндовидеоскопиялық хирургия", "Онкогинекологиядағы эндоскопиялық операциялар", "Акушерлік және гинекологиядағы эндокринология" циклдары бойынша таяу және алыс шетелдердің жетекші медициналық орталықтарында оқудан өтті.


Бөлімшенің байланыс телефондары: +7 7172 70 77 48 +7 7172 70 79 81