1 Хирургиялық бөлімше

Оториноларингология, нейрохирургия

№ 1 хирургиялық бөлімше ҚР ПІБ БМО медициналық орталығы ауруханасының хирургиялық қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады және екі қызметті қамтиды: оториноларингология және нейрохирургия. Бөлімше МОА жаңа ғимаратында алтыншы қабатында орналасқан, 1 блок, 23 төсекке арналған, оның ішінде 15 ЛОР және 8 нейрохирургиялық бейін бар.

Біздің бөлімшенің ЛОР мамандары біздің республика тұрғындары үшін өзекті ЛОР мәселелерін диагностикалауда, жедел және консервативті емдеуде кең спектрді көрсетеді.

 

Операциялық зал ең заманауи техникамен жабдықталған және "Carl Zeiss" фирмасының операциялық микроскопы, "Carl Storz" фирмасының эндоскопиялық бейне жүйесі және "Deca"фирмасының операциялық лазері навигациялық жүйесі бар. Осының барлығы ЛОР органдарында аз инвазивті, тиімділігі жоғары және ең бастысы пациенттер үшін қауіпсіз бірегей операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.

Біздің бөлімнің негізгі клиникалық бағыттары келесі бағыттарды қамтиды:

Ринохирургия

FESS – мұрынның қосалқы қуыстарының функционалдық эндоскопиялық хирургиясы (гаймор, маңдай, торлы және негізгі қуыстар) әр түрлі шолу бұрыштары 00, 300, 450, 900, 1200 және HD мониторы бар бейнетұстағыштар, сондай-ақ микродибридерлер (шейвер) арқылы жүргізіледі, бұл экрандағы операция үрдісін үнемі бақылауға мүмкіндік береді.

Мұндай операцияның артықшылығы аз инвазивтілік, жоғары тиімділік болып табылады, бұл пациенттерді тез қалпына келтіруге әкеледі.

Мұндай операцияларға жіті және созылмалы қабыну, бөгде денелер, киста және мұрынның қосалқы қуыстары мукоцеле, полипозды синуситтер, мұрыннан қан кетуді қайталанатын көрсетілімдер болып табылады. 

Септопластика – мұрын қалқанының деформациясын түзетуге бағытталған операция. Біздің бөлімшеде, сондай-ақ септопластиканы орындау кезінде эндоскопиялық бақылау қолданылады, ол перфорация сияқты септопластик әсерін азайтады деформацияға тартылмаған мұрын қалқасының бөліктерін барынша сақтайды.

Турбинопластика – көлемі ұлғайған немесе полипозды-өзгерген болуы мүмкін төменгі мұрын раковиналарының нысанын түзету мақсатында оперативтік араласу. Радиожиілік пішақпен өткізіледі, бұл шырышты раковинаға әсерін азайтады.

Ринохирургиядағы болашақ жоспарлары: операциялық навигациялық жүйені пайдалану.

Қазіргі кездегі басым бағыт: мұрын қуысы мен мұрын жұтқыншақ қуысының қатерсіз ісіктерін эндоскопиялық алып тастау - жасөспірімдер мұрын жұтқыншақ ангиофибромасы және т. б.

 

Отохирургия

Орта құлақ қуысына есту қабілетін жақсартатын және есту сақтайтын операциялар (тимпанопластика I, II, III, IV және V типі, стапедопластика, оссикулопластика, антромастоидэктомия). "Carl Zeiss" фирмасының заманауи операциялық микроскопын пайдалану барабан қуысының жұқа құрылымдарында өте дәл манипуляциялауға мүмкіндік береді.

Дамудың перспективалық жоспарлары - бұл кохлеарлық имплантацияны, нейромониторинг жүйесін енгізу.

 

Жұтқыншақ және көмей хирургиясы

Көмейдің қатерсіз ісіктері кезінде операциялық ларингоскоптарды, микроскоптарды және микроқұралдарды пайдалануымен көмей микрохирургиясы.

Дауыс байламдарының екі жақты парездері, көмейдің қатерсіз ісіктері кезінде операциялық лазерді пайдалана отырып көмей микрохирургиясы.

Апноэ және қорылдау кезінде жұтқыншақ пен көмейдің реконструктивті хирургиясы.

"Суық" құралдардың, коблатордың ("суық плазма") көмегімен классикалық тонзиллэктомиясы. Коблаторды, "суық кесу" әсері бар құралды пайдалану қан кетуді азайтуға және операциядан кейін қалпына келтіру кезеңін қысқартуға мүмкіндік береді.

Шейверді қолдану арқылы Аденотомия.

Нейрохирургия

Нейрохирургия бөлімшесі жаңа жабдықтармен жабдықталған, заманауи инфрақұрылымы бар. Дәрігерлер командасы нейрохирургтерден, неврологтардан, эпилептологтардан, нейрофизиологтардан, нейрореабилитологтардан тұрады. Көрсетілетін қызметтер тізімі іс жүзінде барлық нейрохирургиялық бағыттарды қамтиды. Операциялар республикалық квота есебінен және ақылы негізде орындалады.

Нейроваскулалық операциялар

Аневризм, АВМ, мидың артериовенозды фистулаларының эндоваскулалық эмболизациясы

Каротидті стенттеу

Ми аневризмасын клипациялау

Экстраинтракраниалды байпас

Эндартерэктомия

Кавернозды мальформацияны алып тастау, АВМ

Церебралды ангиография

 

Нейроонкология

Нейронавигация, нейромониторинг, нейроэндоскопия жүйелерімен ми ісіктерін микрохирургиялық алып тастау

Бас сүйектің негізі ісіктерінің хирургиясы

Стереотаксикалық биопсия

Ісіктердің эндоваскулалық эмболизациясы

Гибридті операциялар

 

Функционалдық нейрохирургия

Эпилепсияны хирургиялық емдеу:

- Самай лобэктомиясы

- Вагус стимуляторын имплантациялау

- Экстратемпоральды резекциялар

- Инвазивті ЭЭГ

- Вада Тесті

- Стереотаксикалық іс-шаралар

- Төмендегі жағдайлардағы микроваскулалық декомпрессия:

- Үш жақты невралгия

- Гемифациальды спазм

- Құлақтағы шу, бас айналу

- Тіл-жұтқыншақ невралгиясы

- Үш жақты нервтің радиожиілік термокоагуляциясы

- Стереотаксикалық тереңдік ынталандыру:

- Паркинсон ауруы

- Дистония

- Тремор

- Бас ауруын емдеу

Басқа

Вентрикулоперитонеостомия

Нейроэндоскопиялық операциялар

Бет нервісінің реиннервациясы

Бас миы кистасының хирургиясы

Бас сүйек ақауларын жабу (3D краниопластика)

Краниальды нервтердің блокадасы

 

Жұлын нейрохирургиясы

Диск жарығын алып тастау (микрохирургиялық, эндоскопиялық)

Нейромониторинг, нейронавигация жүйелерімен жұлын ісіктерін микрохирургиялық алып тастау

Омыртқа ісіктерін жою

Тері арқылы вертебропластика

Киари мальформация, бекітілген жұлын синдромы

Омыртқа жарақаттарының хирургиясы

Күрделі радиожиілікті термокоагуляциясы

Жұлынның стимуляциясы

Омыртқаның деформациясы кезіндегі тұрақтандырушы операциялар

Созылмалы ауырсыну синдромдарын емдеу (терапияны таңдау, блокадалар)

Перифериялық нервтердің хирургиясы (жарақат, туннельді синдромдар)


Нейрохирургия

Тұрақты түрде жұмыс істейтін қызметкерлер:

Балковой Владимир ВладимировичБалковой Владимир Владимирович - дәрігер-нейрохирург, арқатұс хирургы,

МОА "Ауырсыну орталығының" жетекшісі. I санатты дәрігер. Еңбек өтілі 15 жыл.

Миниинвазиялық арқатұс хирургиясына (омыртқаға жасалатын теріарқылы, лазерлік, эндоскопиялық операциялар) маманданған. "Ауырсыну орталығында" түрлі блокадалар, радиожиілік денервация, нейростимуляция жүргізеді.

Білімі:

Қарағанды мемлекеттік медициналық Академиясы "Емдеу ісі". Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, "Нейрохирургия" Интернатура.

Ресей мемлекеттік медицина университеті (Мәскеу қ.) "Жүйке жүйесі ауруларының қарқынды терапиясы»;

Кён-ги  провинциясының Медициналық бағдарламасы (О. Корея) "Миниинвазивті вертебрология»;

Р. Р. Вреден атындағы РТОҒЗИ (Санкт-Петербург қ.) "Омыртқаны хирургиялық емдеудің заманауи әдістері»;

Страсбург университеті (UNIVERSITY OF STRASBOURG, FRANCE) "Еуропалық сертификаттау арқатұс курсы";

Тель-Авив Университеті жанындағы Sackler Медицина мектебі  "Миниинвазивті жедел вертебрология";

Ассут госпиталінің "Арқатұс нейрохирургиясы" халықаралық білім беру орталығы (Израиль).


Бөлімшенің кадрлық құрамы алыс және жақын шетелдерде оқудан және тағылымдамадан өткен мамандардан тұрады.

Бөлімше ашылғаннан бастап оның меңгерушісі – медицина ғылымдарының докторы (2010 ж.), жоғары санатты оториноларинголог дәрігер Талапбек Мұратұлы Аженов. Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі 18 жыл.

Білімі

1998 жылы Ақтөбе мемлекеттік академиясын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді.

1998-2001 жж. "Оториноларингология" мамандығы бойынша ҚазММА жанындағы ЛОР кафедрасы базасында күндізгі аспирантура. Медицина ғылымдарының кандидаты.

2006-2009 жж. "Оториноларингология және сәулелік диагностика" мамандығы бойынша күндізгі докторантура. Медицина ғылымдарының докторы.

Біліктілікті арттыру

14.10.2007 - 12.12.2007 жж. – Израильдің "Уольфсон" медициналық орталығы. "Оториноларингология – бас пен мойын хирургиясы".

24.11.2008-28.11.2008. – Варшава медициналық университеті, Польша. "Құлақ микрохирургиясы".

03.05.2010 - 29.05.2010 жж. - Варшава медициналық университеті, Польша. "Оториноларингология – бас пен мойын хирургиясы".

29.08.2011-19.09.2011 жж. – Германия, Лейпциг қ. Университет ауруханасы. «FESS негізгі сұрақтары», трансназальды қол жеткізу, орта құлақ, көмей".

19.09.2011-30.09.2011 жж. – Сеул қ. Католикалық университеті, Оңтүстік Корея. "Оториноларингологиядағы өзекті мәселелер".

Жұмыс тәжірибесі

2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Астана Медициналық Университеті" АҚ ЛОР аурулар кафедрасының ассистенті, доценті, Астана.

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ПІБ МО ауруханасында дәрігер-оториноларинголог болып жұмыс істейді.

2015 жылдан бастап №1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі (Оториноларингология және Нейрохирургия).


Когай ДмитрийКогай Дмитрий Вилориевич

Екінші біліктілік санатты дәрігер-оториноларинголог. Фониатр. Дәрігер-сурдолог. Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі 7 жыл.

Білімі

2008 жылы Қазақ Мемлекеттік Медициналық Академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

2008-2009 жж. Астана қ. №1 қалалық аурухана РМК базасында ересек Оториноларингология бойынша интернатура.

2011-2014 жж. "Оториноларингология, соның ішінде балалар, сурдология" мамандығы бойынша №1 қалалық аурухананың ШЖҚ МКК базасында клиникалық резидентура. МУА АҚ, Астана.

2014-2016 жж. Жоғарғы тыныс алу жолдарының (жұтқыншақ, көмей және кеңірдек)  (патологиясы бойынша ғылыми-клиникалық тренинг (Fellowship). Дауыстық байламдардың бір жақты парездері мәселесі бойынша ғылыми жұмыс. Сеул Ұлттық Университетінің Госпиталі. Сеул, Оңтүстік Корея.

Жұмыс тәжірибесі

2009-2010 жж., Астана қ. "№3 қалалық емхана" РМК дәрігер-оториноларинголог.

2010-2014 жж., Астана қ. Темір жол ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің консультанты, ЛОР дәрігері.

2011-2014 жж., Астана қ., №1 Қалалық аурухананың оториноларингология, ургенттік ЛОР бөлімінің дәрігері.

2011-2014 жж., АМУ АҚ ЛОР және көз аурулары кафедрасының ассистенті (Астана Медицина Университеті).

Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлегі болып табылады - Сеул ұлттық университетінің госпиталінде жоғарғы тыныс алу жолдарының патологиясы хирургиясы бойынша феллоушип өтті. Сеул, Оңтүстік Корея.


Шпеков Азат СалимовичШпеков Асхат Сәлімұлы

Бірінші біліктілік санатты дәрігер-нейрохирург. Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі 12 жыл.

Білімі

2004 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген.

2004-2005 жж. Қарағанды қаласы, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы "Нейрохирургия" мамандығы бойынша Интернатура,

2007-2009 жж. Санкт-Петербург қ., профессор А. Л. Поленов атындағы "Ресей нейрохирургиялық ғылыми-зерттеу институты" ФМУ "Болашақ" бағдарламасы бойынша клиникалық ординатура.

Жұмыс тәжірибесі

2005-2006 жж., Қарағанды қ., Травматология, ортопедия және нейрохирургия доценттік курсының, "Облыстық медициналық орталық" ассистенті

2005-2006 жж., Қарағанды қ., Облыстық медициналық орталығында, нейрозақым бөлімшесінің нейрохирург дәрігері

2009-2016 жж., Астана қ., "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ қантамыр және функционалдық нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері

2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін Астана қ., "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК №1 хирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері 


Ермеков Талгат ЖомартовичЕрмеков Талғат Жомартұлы бірінші біліктілік санатты дәрігер-нейрохирург. Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі 15 жыл

Білімі: 2003 жылы, Астана қ., Қазақ мемлекеттік медициналық академиясын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген.

2003-2004 жж. Астана қ. Қазақ мемлекеттік медициналық академиясында нейрохирургия бойынша интернатура

2004-2006 жж. Ресей, Новосибирск қ., «Новосибирск Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» нейрохирургия бойынша клиникалық ординатурадан өткен

2009-2015 жж. Жапония, Хиросима қ., Глиалды ісіктер саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, Phd докторантура 

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:

2006-2009 жж. Астана қ., "Орталық жол ауруханасы" дәрігер-нейрохирург

2009-2015 жж. Биомедицина ғылымдарының Жоғары мектебі. Хиросим университеті, Хиросима, Жапония, глиалды ісіктер саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысы.

2016-2018 жж. Астана қ., "№1 қалалық аурухана" ШЖҚ МКК дәрігер-нейрохирург

2016-2018 жж. "Астана Медицина Университеті" АҚ неврология кафедрасының ассистенті

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР ПІБ МО №1 хирургиялық бөлімшесінің нейрохирург дәрігері


Садвакасов АскербекСадуақасов Әскербек Тұрысбекұлы

Екінші санатты нейрохирург-дәрігер. Жалпы жұмыс өтілі 5 жыл

Білімі:

2010 жылы Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясын "Астана Медицина Университеті" АҚ емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген.

2009-2010 жж. "Астана Медицина Университеті" АҚ хирургия бойынша Интернатура»

Жұмыс тәжірибесі:

2013-2013 жж. Астана қ. "НХРҒО" АҚ нейрохирург дәрігері, қабылдау-диагностикалық бөлімшесі

2013-2016 жж. "Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары" АҚФ – "Орталық жол ауруханасы" нейрохирург дәрігері.

2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін "ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК №1 хирургиялық бөлімшесінде дәрігер-нейрохирург»


Сансызбаев АйболСансызбаев Айбол Батырханұлы

Бірінші біліктілік санатты дәрігер-нейрохирург. Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі 7 жыл

Білімі

2010 ж. Түркістан қ., «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген

2010-2011 Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде "Нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы" бойынша интернатура

2011-2015 Астана қ., "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ "Нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы" мамандығы бойынша резидентура

Жұмыс тәжірибесі

2011-2014 жж. "ҰНО" АҚ арқатұс нейрохирургиясы және патология бөлімінде ғылыми қызметкер-нейрохирург. Астана қаласы

2015-2018 жж. "ҰНО" АҚ арқатұс нейрохирургиясы және патология бөлімшесіндегі дәрігер-нейрохирург. Астана қаласы

2018 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚР ПІБ МОА №1 хирургиялық бөлімшесінде нейрохирург, вертебролог дәрігері


Бөлімнің байланыс телефондары: +7 (7172) 70 79 15, +7 (7172) 70 80 49, +7 702 355 85 55


Хирургическое отделение 1 2