№3 терапиялық бөлімше (терапия, эндокринология, неврология)

№3 терапиясы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының жаңа құрылымдық бөлімшелерінің бірі. Бөлімше 2015 жылдың 26 наурызынан бастап жұмыс істейді.

 

Неврологиялық қызметтің маңызды бағыты – инсульттің атиптік түрлері, нейродегенеративті аурулар, когнитивті бұзылулар сияқты қиын диагнозы бар пациенттерді диагностикалау және емдеу.

Эндокриндік жүйенің патологиясы метаболикалық синдроммен, көмірсу алмасуының көптеген түрлерімен, қалқанша безінің патологиясымен, гипоталамо-гипофды аймақтың, бүйрек үсті безінің патологиясымен көрсетілген. Остеопороздың ерте скринингі, терапияны таңдау жүргізіледі.

Пациенттердің терапиялық тобы жүрек-қантамыр және бронх-өкпе жүйелерінің патологиясымен, нефрология мәселелерімен ұсынылған.

 

Бөлімшеде кешенді дәрі-дәрмектік және дәрі-дәрмексіз емдеу сауықтыру емінің барлық түрлерін - ЕДШ, су асты созу, гала-камера, ГБО, қанның УФО, плазмоферез, инерефлекстерапия, гирудотерапияны қолдана отырып жүргізіледі.

 

№3 терапия бөлімшесінің ұжымы өз жұмысында басқа басымдылықпен МРТ, КТ, ПЭТ, зертханалық диагностиканың кең спектрін және т.б. клиниканың қолда бар материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалануды көреді.


Кадрлар


Каргина Гульнара ХалилолловнаТерапевтическое отделение № 3Бөлімше меңгерушісі

Каргина Гүлнар Халилоллақызы, жоғары санат, ҚР денсаулық сақтаудың үздігі,

«Болашақ» Президенттік бағдарламасының стипендиаты, “Diabetes UK” қауымдастығының мүшесі.


Аусагитова Жанат СадыковнаАусағитова Жанат Садыққызы, жоғары санатты дәрігер-эндокринолог, еңбек өтілі 34 жыл. Қазақстан мен Израиль клиникалық базаларында оқудан өткен. Ауруханада белсенді емдеу-диагностикалық және үлкен кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.


Аймагамбетова Венера КанатовнаАймағамбетова Венера Қанатқызы, жоғары санатты дәрігер-невролог, еңбек өтілі 18 жыл. Германияда тағылымдамадан өтті, 2017ж. Эпилепсияны диагностикалау және емдеу аспектілері. Нейрохирургтармен тығыз байланыста жұмыс істейді (эпилепсияны хирургиялық емдеу мәселелері, пациенттерді іріктеу және дайындау жүргізеді).


Сарсенбаева Айжан ЖаксылыковнаСәрсембаева Айжан Жақсылыққызы, жоғары санатты дәрігер-терапевт, еңбек өтілі 13 жыл. Қазақстан, Ресей клиникалық базаларында терапияның әртүрлі бөлімдері бойынша тағылымдамадан өтті. 2018 жылы клиникалық нефрология бойынша оқуды аяқтады.


Орта медперсонал

Оспанова Алтын Мейрамовна, аға мейірбике, жоғары санатты

Рахымжанова Махаббат Нұрғалиқызы, мейірбике-үйлестіруші, жоғары санатты

 

Бөлімшенің байланыс телефондары: +7 7172 70 80 27, +7 7172 70 80 59