1 терапиялық бөлімше

Терапия, неврология, гастроэнтерология

Бөлім ішкі органдар және жүйелердің күрделі жанамалас патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетумен мамандандырылады, яғни:

Өкпенің интерстициалды аурулары;

Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары (ӨСОА);

Бронх демікпесі;

Пневмония, оның ішінде интерстициальды;

Өкпенің кистоздық гипоплазиясы;

Өкпенің саркаидозы;

Ішек қабыну аурулары (спецификалық емес қотыр колиті, Крон ауруы);

Асқыну кезеңіндегі созылмалы панкреатит;

Асқыну кезеңіндегі асқазан және ұлтабар аурулары;

№ 1 терапиялық бөлімше мамандарының жоғары біліктілігі, пациенттерді жан-жақты қарауының арқасында пациенттерге пульмонологиялық және гастроэнтерологиялық профильде жоғары деңгейде диагностика жасау және сапалы ем көрсетуіне мүмкіндік береді.

Бөлімшеде сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек көрсету үшін барлық жабдықтар мен жағдайлар жасалынған: мед. персоналды шақыруға арналған түймешігі бар бір және екікісілік палаталар, функционалдық жатын орындар, оттек жеткізуші консольдермен жасақталған.

Лукина Елена Алексеевна

Бөлім меңгерушісі

«Терапия» мамандығы бойынша біліктілік санаты-жоғары

Білімі:

«Терапия» мамандығы бойынша Целиноград мемлекеттік медициналық институты

«Терапия» мамандығы бойынша Израиль, Ресей клиникаларында тағылымдамадан өткен.

«Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталған, «2014 жылғы үздік меңгеруші» атағы бар.


Ержанова Алма Тоқтарбайқызы дәрігер-терапевт. "Терапия" мамандығы бойынша «жоғары» біліктілік санаты. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі 26 жыл.

Білімі: Целиноград мемлекеттік медициналық институты "Емдеу ісі" мамандығы бойынша. Санкт-Петербургте, Мәскеуде оқыды.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1991-1997 жж. - Еңбекшілдер АОА терапевт дәрігері.

  • 1998-2005 жж. Астана қ. №2 ҚА дәрігер-терапевт.

  • 2005–2008 жж. "ҰҒМО" АҚ, терапиялық бөлімше, дәрігер-терапевт.

  • 2008–2010 жж. "Еуразия" СК дәрігер-терапевт

  • 2010-2011 жж. ҚР ПІБ МО, учаскелік терапевт.

  • 2011-2015 жж – №1 ҚА, терапия бөлімшесінің меңгерушісі.

  • 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ПІБ МОА № 1 терапиялық бөлімшесінің дәрігер-терапевті.

 

Утешева Наталья Яковлевна дәрігер-пульмонолог. "Пульмонология" мамандығы бойынша "жоғары" біліктілік санаты. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі 14 жыл.

Білімі: Целиноград мемлекеттік медициналық институты "Терапия" мамандығы бойынша. Омбы мемлекеттік медицина академиясында "Пульмонология" мамандығы бойынша қайта даярлау.

  • 2002 жылдан 2012 жылға дейін Астана қ.1 қалалық емханасында дәрігер-пульмонолог.

  • 2012-2015 ж. "ҰҒМО" АҚ соматикалық бөлімшесінің дәрігер-пульмонологы.

  • 2015 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін – ҚР ПІБ МОА №1 терапевтік бөлімшесінде дәрігер-пульмонолог.

Жетпісбаева Гүлімай Жадилқызы – дәрігер-гастроэнтеролог. "Гастроэнтерология" мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты. Мамандығы бойынша еңбек өтілі 19 жыл.

Білімі: Ақтөбе мемлекеттік медициналық институты "Емдеу ісі" мамандығы бойынша. "Астана Медицина Университеті" АҚ "Гастроэнтерология" мамандығы бойынша қайта даярлау. Оңтүстік Корея, Ресей клиникаларында (Мәскеу қ., Санкт-Петербург қ.) "Гастроэнтерология" мамандығы бойынша тағылымдамадан өтті.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1998-2012 жж. Шымкент қ. ЖМЖҚ гастроэнтеролог дәрігері. 2008-2010 ж. - осы ауруханада Гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі.

  • 2014-2015 жж. РДО, Астана қ., дәрігер-гастроэнтеролог.

  • 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ПІБ МОА № 1 терапиялық бөлімшесінің дәрігер-гастроэнтерологы.


Бөлімнің байланыс телефондары: +7 7172 70 79 14, +7 7172 70 74 01