Патологоанатомиялық бөлімше

Патологоанатомиялық бөлімше аурухананың құрылымдық-функционалдық бөлімшесі болып табылады, ол тірі кезінде және қайтыс болғаннан кейін аурулардың диагностикасын ұйымдастыруға арналған.

Патологоанатомиялық бөлімше келесі міндеттерді орындайды:

1. диагноз қою және нақтылау мақсатында диагностикалық биопсияларды (эндоскопиялық биопсия, трепан-биопсия, жатыр қуысынан алынған қырынды, паренхиматозды ағзалардың жұқа инелі биопсиялары және т. б.) жүргізу кезінде алынған биопсиялық материалды зерттеу;

2. диагнозды, ауру сатысын нақтылау, жүргізілген химиотерапиялық емдеудің тиімділігін бағалау мақсатында операциялық материалды (резекцияланған және ампутацияланған мүшелер, тіндер) зерттеу; жүргізілген операцияның радикалдығын бағалау;

3. аутопсиялық зерттеу жүргізу, оған қайтыс болған науқастың ауру тарихын талдау, мәйітті сою және жүргізілген емдеудің дұрыстығын бағалау үшін алынған нәтижелерді салыстыру, емдеудің сол немесе басқа кезеңінде жіберілген қателерді анықтау, өлім себептерін анықтау кіреді.

Бөлімшеде көрсетілетін қызметтер:

1. қосымша гистохимиялық бояуларды пайдалана отырып, күрделіліктің барлық санаттарын кез келген жерде орналасқан биопсиялық және операциялық материалды патогистологиялық зерттеу. Гистологиялық қорытындыны беру мерзімі 2-5 күн;

2. биопсиялық және операциялық материалдан басқа медициналық ұйымдарда жасалған дайын гистологиялық препараттарды консультациялық қайта қарау;

3. жерлеу қызметтерін жүргізу (бальзамдау, косметикалық қызметтер, қайтыс болған адамның денесін қазіргі заманғы тоңазытқыш қондырғыларда сақтау);

4. катафалды тасымалдау қызметтері орындалады (Mercedes-Benz E 250). Бөлімше қоштасу қаралы рәсімін өткізу үшін салттық залды жалға беру мүмкіндігі бар. Қоштасу залда тиісті интерьер мен безендірілу бар. Тапсырыс берушінің қалауы бойынша қаралы залда рәсімді музыкалық сүйемелдеуге болады.


Бөлімшенің кадрлық құрамы:

1. Бөлім меңгерушісі Горшкова Елена Сергеевна.

Жоғары біліктілік санатты дәрігер-патологоанатом. Мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі – 21 жыл. Астана қаласының қалалық патологоанатомиялық бюросында және Ұлттық ғылыми медициналық орталығының патоморфологиялық бөлімінде дәрігер-патологоанатом ретінде жұмыс істеді.


2. Бөлімше ординаторы Бургард Татьяна Анатольевна.

Жоғары біліктілік санатты дәрігер-патологоанатом. Мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі - 15 жыл. Қарағанды қаласының облыстық онкологиялық диспансерде және Астана қаласының Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығында дәрігер-патологоанатом ретінде жұмыс істеді.

Лаборант ПАО Танкаева Ш.К. 5.jpg Старший лаборант ПАО Нургазина Д.А..jpg


Дәрігерлер биопсиялық-операциялық, аутопсиялық материалды гистологиялық зерттеудің барлық күрделіліктегі әдістерін меңгерген.

Патоморфологиялық бөлімше заманауи жабдықтармен жабдықталған:

1. жабық түрдегі тіндерді гистологиялық өңдеуге арналған тіндік процессоры;

2. парафинді диспенсері бар тіндерді құюға арналған құрамдастырылған аппарат;

3. тіліктерді тасымалдау жүйесі бар ротациялық микротомалар;

4. гистологиялық тілімдерді бояуға арналған автоматтар;

5. гистологиялық препараттардың фотосуреттерін алу мүмкіндігі бар заманауи жарық микроскоптары;

6. мұрағатта сканерленген суреттерді сақтау және интернет арқылы қашықтан көру режимінде кеңес беру үшін пайдалану мүмкіндігі бар гистологиялық препараттардың цифрлік сканері;

7. препараттарды иммуногистохимиялық бояуға арналған жабдық;

8. FISH (гибридайзер) емшараларында денатурация мен гибридтеуді автоматты түрде орындауға арналған бағдарламаланатын жүйе, камерамен және ЖК-ге шығарумен люминесцентті микроскоп;

9. секциялық залға арналған жабдық, көтергіш арбасы бар 2 орынға денені сақтауға арналған тоңазытқыш камера.

 

Бөлімше жоспарлары:

Патологоанатомиялық бөлімшенің жұмысын жетілдіру мақсатында ісік және ісікалды аурулар кезінде практикада иммуногистохимиялық әдістер мен FISH зерттеулерді енгізу жоспарлануда.