Клиникалық-диагностикалық зертхана

"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК клиникалық-диагностикалық зертханасы бүгінгі күні жоғары технологиялар бөлімшесі болып табылады: жетекші әлемдік өндірушілердің аппаратурасы - BIO-RAD, BD Biosciences, Roche Diagnostics, Sebia (АҚШ, Германия, Нидерланды, Австрия және т.б.) ұсынылған.

КДЛ бөлімшесі жоғары мамандандырылған диагностикалық қызметтердің кең спектрін көрсетеді. Орындалатын қызметтер тізбесі 1000-ға жуық атауға жетеді.

Өз жұмысымызда келесі әдістерді қолданамыз:

  • ағынды цитометрия;

  • иммуноферменттік талдау;

  • гематология;

  • биохимия;

  • гемостазды зерттеу;

  • полимеразды тізбекті реакция (ПТР);

  • иммунофлуоресценция;

  • серологиялық зерттеулер;

  • цитология;

  • гистология;

  • бактериологиялық зерттеулер;

  • паразитологиялық зерттеулер.

Пациенттер алынған нәтижелердің дұрыстығы мен шынайылығына сенімді бола алады. Зертханалық зерттеулер нәтижелерінің сапасы мен дұрыстығына кепілдік:

  • Клиникалық-диагностикалық зертхананың сапаны бағалаудың халықаралық жүйесіне қатысуы (EQAS-АҚШ), (RIQAS-UK);

  • Сапаны ішкі бақылау жүйесін қамтамасыз ету;

  • Abbott, Siemens, Bio-Rad, Tecan, Becton Dickinson & Co, Sysmex Corporation, BioMerieux және т. б. компаниясының жоғары технологиялық заманауи жабдықтарында зерттеулер жүргізу.;

  • Жоғары білікті персонал;

  • Қанды және басқа да биологиялық материалдарды алудың бір реттік стерильді жүйелерін пайдалану.


Курманкина Алия ТургаевнаЗертхана меңгерушісі Курманкина Әлия Торғайқызы

Білімі:

Жоғары медициналық

Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясы (Ақмола Мемлекеттік Медицина Академиясы)

Медициналық-биологиялық іс.

Мамандығы:

Дәрігер-биохимик

Санаты

Жоғары

Жұмыс тәжірибесі

04.09.2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК КДЗ-ның дәрігер-лаборанты

Мамандығы бойынша біліктілікті арттыру:

"Иммунодиагностика. Иммунологиялық зерттеулердің клиникалық маңызы", ГОУ ДПО МАПО Санкт-Петербург қ.


Байланыс телефондары:

КДЛ меңгерушісі: +7 (7172) 70 80 52

КДЛ тіркеу орны: +7 7172 7080 61

Микробиологиялық зерттеулер бөлімінің тіркеу орны: +7 (7172) 70 79 48

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-Жұма – 0800-1730

Сенбі-0800-1400

Жексенбі - демалыс

Заңды мекен-жайы

Астана қ., Е495, №2 ғимарат.

В2 Блогы,

4 қабат - Клиникалық-диагностикалық зертхана,

3 қабат - КДЛ микробиологиялық зерттеу қызметі