Директордың бірінші орынбасары - Мұратов Тимур Мұратұлы

Муратов Тимур Муратулы 2.jpg

2019 жылғы қыркүйек айынан бастап – директордың бірінші орынбасары

Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты уролог дәрігер, 1 санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы. «Нұр-Сұлтан қаласы эндоскопиялық урологтар қоғамы» төрағасы.

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің Үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасының және астананың қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесі үшін «Астанаға 20 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталған.

Жұмыс тәжірибесі:

2018 - 2019 жж. – «Нұр-Сұлтан қ. Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК бас дәрігері.

2017 - 2018 жж. – Астана қаласының «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары. 

2015 - 2017 жж. - Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «№2 Ақмола облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері.

2012 - 2015 жж. – Астана қ. «№ 2 Қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК медициналық қызметтер сапасын бақылау, хирургиялық көмек көрсету бойынша бас дәрігердің орынбасары; 2010 - 2012 жж. – урология бөлімінің меңгерушісі.

2004 - 2010 жж. – «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК урология бөлімінің уролог дәрігері.

2001 ж. – Астана қ. Амбулаториялық-емханалық желісінің уролог дәрігері.

Білімі: 2000 жылы Семей қаласы Мемлекеттік медицина академиясын (емдік іс) тамамдаған.

2012 жылы Еуразия гуманитарлық университетін (юриспруденция) бітірген.