Директор – Бенберин Валерий Васильевич

Бенберин Валерий Васильевич2019 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры

2011 жылдан 2019 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының бастығы

1994 жылдан 2011 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы емханалық бірлестігінің басшысы

Профессор, медицина ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Еуразиялық геронтологтар қауымдастығының төрағасы, Қазақстан Республикасы геронтологтар қоғамының төрағасы.

400-ден астам мақаланың, 7 монография мен басшылықтың, өнертабысқа
2 патенттің авторы. "Құрмет" және "Парасат" ордендерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің медальдарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.

Білімі:

Алматы мемлекеттік медицина институты

КСРО Ғылым Академиясының Бүкілодақтық кардиологиялық ғылыми орталығының А.А. Мясников атындағы клиникалық кардиология институты